Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасты шалқасынан, тізесін бүгіп, шат аралы-
ғын кеңірек ашып жатқызыңыз. Астына жайма төсеңіз, дәрет
ыдысын қойыңыз.
2. Қолды сабындап жуыңыз, қолғап киіңіз.
3. Сыртқы жыныс мүшелерін Эсмарх кружкасының көмегімен жылы (35° С) фурацилин немесе калий перманганатының әлсіз ерітіндісімен жуыңыз.
4. Дезерітіндіден алынған пинцетпен мақта шаригін алып антисептик ерітіндісіне малып алыңыз.
5. Сол қолдың 1 және 2 саусағымен үлкен және кіші жыныс еріндерін ажыратыңыз.
6. Оң қолдағы пинцетпен сыртқы несеп жолдарының тесігін антисептикалық ерітіндімен өңдеңіз. Қолданылған шариктерді О,06% деохлор ерітіндісіне, ал пинцетті дезерітіндіге салыңыз.
7. Астаушадағы катетердің ұшынан 5-6 см қашықтықта залалсызданған вазелин майын құйыңыз.
8. Оң қолмен астаушадан залалсыздандырылған пинцетпен
катетерді алыңыз.
9. Катетерді пинцетпен ұстап отырып, оны зәр шығаратын каналға 3-5 см енгізіңіз, соңын дәрет ыдысына салыңыз. Катетер қуыққа енген кезде, катетерден зәр көрінеді.
10. Қуықты толық босату үшін сол қолмен қасаға үстінен бірнеше рет жеңіл басыңыз.
11. Зәрдің қалдығы зәр шығаратын каналды жуып өтетіндей етіп, катетерді абайлап шығарыңыз.
11 Халі ауыр науқастарды куту
Халі ауыр науқастың төсеніштері мен іш киімдерін ауыстыру 7 күнде бір рет болуы керек. Егер төсеніштері ластанса, онда тез арада ауыстырылады. Ал операциядан кейінгі науқастардың төсеніштерін қажетіне қарай ауыстырып отырады. Ластанған төсеніштері мен киімдері арнайы клеенкадан тігілген қапқа салынып, арнайы жуылатын орынға жіберіледі. Ал жұқпалы ауру мен операциядан кейінгі төсеніштер мен іш киімдер жуу алдында зарарсыздандыруға тартылады. Әрбір науқас ауруханадан шыққан соң, төсеніштер, іш киімдер, матрастар ауыстырылып, зарарсыздандыру камерасында зарарсыздандыруға тартылады.
Ауыр халде жатқан науқастарға көрсетілетін күтімнің ең бастылары:
Достарыңызбен бөлісу: |