15.1 Монополиялық билік және оның көрсеткіштері.
Монополиялық билік – фирманың нарықта сатылатын тауардың санын өзгерту арқылы өз тауарының бағасына әсер ету мүмкіндігі.
Монополиялық билік дәрежесі әртүрлі болуы мүмкін. Таза монополист толық монополиялық билікке ие, өйткені бірегей өнімдердің жалғыз жеткізушісі болып табылады.
Бірақ таза монополия сирек кездеседі. Көптеген өнімдерде жақын алмастырғыштар бар. Сонымен қатар көптеген фирмалар бағаны белгілі бір дәрежеде бақылайды; кейбір монополиялық билікке ие. Егер нарықта бір монополиялық фирма жұмыс істейтін болса, біз салыстырмалы монополиялық билік туралы айтамыз.
Монополиялық биліктің қажетті шарты – фирманың өніміне сұраныс қисығы төмен көлбеу.
Сонымен, монополиялық күшке ие фирма шекті шығындардан жоғары төлейді және монополиялық пайда деп аталатын қосымша пайда алады. Монополиялық пайда – монополиялық билікті жүзеге асыру формасы.
Монополияның дәрежесін, өлшеуге болады. Монополияның келесі көрсеткіштері қолданылады:
М онополиялық билік Лернер көрсеткіші:
16) Монополистік бәсеке нарығының моделі және оның сипаттамалары.
Монополиялық нарық келесі белгілермен сипатталады:
• жалғыз өндіруші;
• тауарлардың бірегейлігі;
• еркін баға белгілеу;
• нарыққа кіру бұғатталған.
Монополияның пайда болуы тарихи болмай қоймайтын процесс. Монополияның пайда болуы өндіріс пен капиталдың шоғырлану және орталықтандыру процестеріне ықпал етті.
Монополия – бұл бір фирма тауарды жалғыз өндіруші болатын нарықтық құрылым.
Жабық және ашық түрдегі монополиялар, табиғи монополиялар да бар. Жабық монополия – бұл кәсіпорынның белгілі бір қызмет түрін жүргізуге айрықша құқықтары бар, заңнамалық деңгейде бәсекелестіктен қорғалған монополия. Ашық монополия – нарыққа жаңа тауармен шығу нәтижесінде пайда болған монополия. Табиғи монополия – бұл бір ғана фирма болған жағдайда өнім бірлігін өндіруге кететін шығын минимумға түсетін нарықтық жағдай. Монополистік бәсеке нарығы монополиялық нарықтың да, бәсекелестіктің де белгілерін біріктіреді. Сонымен қатар, бұл модель монополияға қарағанда бәсекеге көбірек тән.
Монополистік конкрецияның айрықша белгісі - жарнама, тауар белгілерін пайдалану және т.б. арқылы жасалатын нақты және ойдан шығарылған өнімді саралау.
Монополистік бәсеке нарығында тауарды өндірумен сатушылардың көп бөлігі айналысады. Бірақ әр кәсіпорынның өнімі тұтынушылардың алдында ерекше болғандықтан, бұл нарықтың монополиялық ерекшеліктері бар. Белгілі бір кәсіпорынның бағаға бақылауы аз. Өнімнің нарыққа шығуына кедергілер аз немесе мүлдем жоқ.
Бағалық емес бәсеке
Бағалық емес бәсеке – техникалық жетістіктер арқасында неғұрлым сапалы және сенімді тауарлар сатуға негізделген. Бұл келесі шараларды жүргізуді білдіреді: өнім дифференциаяциясы, өткізу арқылы өнім диффиерециацися, жаңа тауарлы маркалар бәсекесі.
Нарық қатысушылары қалай бәсекелесетіндігіне қарай бәсеке жетілген және жетілмеген болып бөлінеді.. Жекеленген фирмалардың бағаға әсері аз болған сайын нарық жетілген болады. Жетілген бәсеке бәсекенің идеалды формасы, оның ерекшеліктері:
1. нарықта бірдей мүмкіндіктері бар бір- біріен тәуелсіз көптеген сатушылар мен сатып алушылар қызмететеді;2. айырбас стандартты және ұқсас тауарлар арқылы жүзеге асады;
3. сатушылар мен сатып алушылар өнім туралы толық ақпаратқа ие;
17.1Жарнама және экономикалық тиімділік.
Жарнаманың экономикалық тиімділігі – бұл жарнама құралын пайдаланудан немесе жарнамалық науқанды ұйымдастырудан алынатын экономикалық нәтиже. Көбінесе жарнаманың экономикалық тиімділігі жарнама нәтижесіндегі қосымша айналымнан түскен жалпы табыс пен оның құны арасындағы қатынаспен анықталады.
Жарнамалық науқанның тиімділігін талдау үшін экономикалық тиімділіктің келесі көрсеткіштері де қолданылады:
• жарнамалық науқаннан кейінгі кезеңдегі тауар айналымының өсу көлемі;
• жарнамалық науқаннан кейін алынған пайданың өсуінің жарнамалық шығындар сомасына қатынасы;
• жарнамалық шығындар бірлігіне тауарларды өткізу көлемінің өсуі және т.б.
17.3 Олигополистік бәсеке нарығының сипаттамалары
Олигополия нарығының негізгі сипаттамалары:
• Нарықта басым фирмалар болады, олардың саны көп емес.
• Олигополиялық фирмалардың нарықтық үлестері көп болады, сондықтан бағаға моно- полиялық билік жүргізе алады.
• Осындай әрбір фирманың сұраныс қисығы төмен қарай бағытталған болады.
Олигополиялық нарықтың басты сипаты – фирмалар бір бірімен тығыз байланыста және өзара тәуелділікте болады. Баға мен өнім көлемін анықтағанда әрбір фирма өзінің бәсе- келестерінің ықтимал реакциясын ескеруге мәжбүр болады.
Салаға жаңа фирмалардың кіруіне айтарлықтай кедергілер қойылады.
Олигополия – нарықтық құрылымның бір түрі. Мұнда сату көлемінің қомақты бөлігін бірнеше ірі фирмалар жасайды және олардың әрқайсысы нарықтық бағаға әсер ете алады. Өндірістің күрделі салаларының бәріне жақыны: металлургия, химия өнеркәсібі, автомобиль өнеркәсібі.
18) Екі фирма іс-эрекет жүргізетін олигополия - дуополия, ал модель - Курно дуополияеы деп аталады. Курно дуополияеы моделінің негізі мынада: әрбір фирма онімді шыгару жайлы шешім қабылдаган кезде өз бәсекелесінің өндіріс көлемін тұрақты деп санайды жэне осы берілген шаманы гана ескереді. Сондықтан Курно моделінде фирмалардың іс-әрекеті, озара қатынасы бага тұрақты болган кезде өндіріс көлемін таңдау арқылы жүзеге асырылады.
Багалық қақтығыс (баға соғысы) - олигополиялык нарықган өз бәсекелесін ыгыстыру мақсатында бағаны тізбектеп томендету циклі.
Сүраныстың сынғаи қисығы» моделі. Бұл модельді баскаша Суизи моделі деп те атайды. 1939 жылы американдық экономис Пол Суизи (1910-2004) олигополия нарығында шығындардың өзгеруіне қарамастан, бағаның жиі тұрактанатынын зерттеп түсіндірген.
Картсльдік келісім моделі. Жасырын (құпия) келісім - картельдердің қалыптасуына жетелейтін олигополиялық фирмалардың кооперативтік (біріккен) іс-эрекеттері. Ал, картель дегеніміз бүл біртұтас монополия болу үшін өнім шыгару көлемі мен тауардың багасы жайындагы шешімдер бойынша бір ымырага келуші фирмалар тобы.
Бағадағы жетекшілік (үнсіз бітім) - бұл өз өнімдерінің бағасы туралы олигополистер арасындағы келісім.
Баганы тежеу тәжірибееі моделі. Бұл нарыққа басқа
фирмалардың кіруіне кедергі түрінде ең төменгі деңгейдегі бага белгілеу тәжірибесі.
Шыгындар плюс» принципі бойынша баганы қалып- тастыру моделі. Бұл модельде бағаны калыптастыру үрдісі былай орындалады: олигополист алғашқыда өнімнің белгілі бір жоспар- лы деңгейіне сәйкес келетін орташа өзгермелі шығындарын (AVC) багалайды, ал содан кейін оған аныкталған пайда пайызының мөлшерінде «үстеме» қосады: Р=АУС+«үстеме». «Үстеме» АҒС-ті жауып, қалыпты пайданы қамтамасыз етуге жеткілікті болуы керек. «Шыгындар плюс» моделін басқаша, «костплас» моделі деп те атайды.
19) Өндіріс факторларының нарықтары дегеніміз сүраныс пен ұсыныстың өзара эрекеттесуі нэтижесінде еңбек, капитал жэне жер сиякты ресурстарға жалақы, пайыз жэне рента түріндегі бағалардың қалыптасуы орын алатын нарыктар.
Факторлық табыстар дегеніміз ресур стар иелерінің олардың сэйкес түрлеріне (еңбек, жер, капитал жэне кәсіпкерлік қабілет формаларында) байланысты белгілі бір уақытта сол өндірістік ресурстарын нарықта сатуынан түсетін ақшалай түсімдері.
Өндіріс факторларына деген сүраныс тауарлар сұранысынан туындайды, себебі бір игілікке сүраныс жоғарыласа, онда оның өндірісінде қолданылатын факторларға да сүраныс жоғарылайды. Өндіріс факторларының бағасы мен оларға сұраныс осы факторлардың нарығы мен тауарлар нарығының құрылымына бай ланысты болады.
20) Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі. Еңбек нарығындағы жетілген бэсеке төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады:
1. Белгілі бір еңбек түрін жалдау кезінде тауарлар нарығында бір-бірімен бәсекелестікке түсетін фирмалар саны өте көп.
2. Бірдей еңбек түрін ұсынатын біліктілігі бірдей жұмысшылар саны өте көп және олардың әркайсысы еңбек нарығында өз қызметін ұсынады. Бүл уақытта олар бір-біріне тәуелді болмайды.
3. Жеке фирма да, жеке жұмысшы да нарықтағы еңбекақы мөлшеріне бакылау жасай алмайды, оған эсер етпейді жэне олар еңбекақыны өздері белгілей алмайды.
Еңбек нарығындағы монопсония. Монопсония кішігірім қалаларда, ауылдарда кездеседі. Мысалы, кішігірім қалада жұмысшыларды жалдайтын бір ғана кәсіпорын бар жэне бұл каланың тұрғындары осы кэсіпорында жүмыс істейді деп есептейік. Олай болса, кәсіпорын - еңбек нарығындағы басты жалғыз ғана сатып алушы жэне оның еңбекакы деңгейіне эсер етуге мүмкіндігі бар. Кәсіпорын жұмысшыларының санын қыскартып, сол аркылы жалақы мөлшерлемесін томендетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |