Еңбек нарығындағы екі жақты монополия. Еңбек нарығындағы экономикалық рента.
..Капитал нарығының құрылымы мен рөлі.Капитал нарығындағы тепе - теңдік. Пайыз және оның мөлшерлемесі. Инвестициялар. Қысқа және ұзақ мерзімдегі инвестициялар. Дисконталған құн. Пайыздың ставкасы.
Жер нарығы. Экономикалық рента және түрлері. Жердің бағасы. Жалдау төлемі. Жалпы тепе-теңдікті талдау.
24.Айырбас тиімділігі. Эджуорт қорабы. Өндіріс тиімділігі. Эджуорт қорабындағы өндіріс.
25.Жалпы тепе-теңдік және экономиканың әл-ауқаттылығы. Асимметриялық ақпарат түсінігі. Нарықтық белгісіздік және тәуекел.
2 блок 1.Қазіргі макроэкономика ғылымының қалыптасуы мен дамуы. Макроэкономиканың зерттеу пəні жəне негізгі макроэкономикалық мəселелер: Макроэкономика – ұлттық өндіріс көлемінің жалпы деңгейі, жұмыссыздық пен инфляция сияқты іргелі мəселелерді зерт- тейтін ғылым; экономикалық жүйені біртұтастылық ретінде қарастыратын, əрі ел экономикасының даму факторлары мен нəтижелерін жалпылама түрде зерттейтін экономикалық тео- рияның маңызды бір саласы. Экономикалық теория ғылымының бастапқыда бір ғана құрамдас бөлігі болған – ол микроэкономика. ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап, кейнстік теорияның өмірге келуімен бай- ланысты, оның екінші құрамдас бөлігі пайда болды – ол макроэ- кономика. Яғни, бүгінде экономикалық теория микроэкономика жəне макроэкономика болып екіге бөлінеді. Макроэкономиканың зерттеу пəні – негізгі макроэконо- микалық мəселелер төңірегіндегі ұлттық экономиканың жалпы біртұтас жүйе ретіндегі əрекет ету заңдылықтары. Алайда макро- экономика осы төрт мəселемен ғана шектеліп қоймайды, оған тəн басқа да мəселелер бар. Макроэкономиканың зерттейтін негізгі мəселелері: 1. Тұрақты экономикалық өсу жəне оның қарқыны; 2. Жалпы экономикалық тепе-теңдік жəне оған қол жеткізудің жолдары; 3. Экономикалық цикл, оның пайда болу себептері; 4. Жұмысбастылық деңгейі жəне жұмыссыздық мəселесі; 5. Бағалардың жалпы деңгейі жəне инфляция мəселесі; 6. Пайыз мөлшерлемесінің деңгейі жəне ақша айналымының мəселесі; 7. Мемлекеттік бюджет жағдайы; 8. Бюджет тапшылығын қаржыландыру жəне мемлекеттік қарыз мəселелері; 9. Халықты əлеуметтік қорғау мəселелері; 10. Төлем балансының жағдайы жəне валюта бағамының мəселелері; 11. Ел ішіндегі ұлттық нарықтардың жағдайы жəне олардың сыртқы ортамен байланысы; 12. Тиімді макроэкономикалық саясатты жүргізу мəселелері. Жалпы алғанда, макроэкономика курсының мазмұны осы аталған макроэкономикалық мəселелердің мəнін ашуға жəне оларды шешуге негізделеді.