1•Микроэкономиканың зерттеу пәні, объектісі мен субъектісі


Макроэкономиканың зерттеу əдістері, мақсаттары жəне құралдары. Ұлттық есепшоттар жүйесі жəне оның пайда болуы



бет12/33
Дата25.05.2022
өлшемі1,78 Mb.
#145034
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33
Байланысты:
1,2 блок ответы (2)

2. Макроэкономиканың зерттеу əдістері, мақсаттары жəне құралдары. Ұлттық есепшоттар жүйесі жəне оның пайда болуы.
Макроэкономика ғылымының өзіне тəн зерттеу əдістері бар.
Жалпы əдіс деп біз белгілі бір нақты ғылымның пəнін зерт- теу тəсілдерінің, амалдарының, формаларының жиынтығын, яғни ғылыми зерттеудің нақты құралдарын түсінеміз.
Ал Макроэкономикалық талдаудың жалпы ғылыми əдістеріне мыналар жатады:
- ғылыми абстракция əдісі;
- анализ жəне синтез əдісі;
- индукция мен дедукция əдістерінің үйлесімділігі;
- нормативтік жəне позитивтік талдаудың үйлесімділігі;
- «əртүрлі тең жағдайларда» принципін қолдану;
- экономикалық агенттердің ұтымды шешім қабылдаулары ту-
ралы болжамдар;
- тарихи жəне логикалық əдістердің бірлігі;
- жүйелік-функционалдық талдау;
- экономикалық-математикалық үлгілеу жəне т.б. Макроэкономикалық талдаудың ерекше əдісі – ол а г р е -
г а т т а у əдісі болып табылады. Агрегаттау дегеніміз – беріл- ген экономикалық құбылыстар мен үрдістерді біртұтас жиын- тық ретінде жалпылама түрде көрсету жəне біріктіру. Агре- гатталған өлшемдер нарықтық жағдаятты жəне оның өзгерісін сипаттайды (пайыз мөлшерлемесінің деңгейі, жалпы ұлттық өнім, жалпы ішкі өнім, бағалардың жалпы деңгейі, инфля- ция деңгейі, жұмыссыздық деңгейі жəне т.б.). Сонымен қатар, макроэкономикалық агрегаттау жоғарыда аталып өткен негізгі макроэкономикалық субъектілерге (үй шаруашылығы, фирма, мемлекет жəне сыртқы орта) таралады жəне мынадай негізгі макроэкономикалық нарықтарды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:
1. Игіліктер немесе тауарлар мен қызметтер нарығы (нақты нарық).
2. Ақша нарығы жəне бағалы қағаздар нарығы.
3. Еңбек нарығы жəне капитал нарығы.
4. Валюталық нарық.
Макроэкономикадағы екінші ерекше əдіске экономикалық
үлгілеу жатады.
Үлгілеу дегеніміз – əртүрлі экономикалық құбылыстар мен
үрдістерді, олардың арасындағы функционалдық өзара байла- ныстарды логикалық түсініктермен, графиктермен, алгебралық сипаттамалармен қарапайым түрде түсіндіру. Макроэкономика- лық үлгілер əртүрлі өлшемдеріне байланысты былай жіктеледі:
- жалпылау дəрежесі бойынша: абстрактілі-теоретикалық жəне нақтылы-экономикалық;
- құрылымдық дəрежесі бойынша: шағын көлемді жəне үлкен көлемді;
- элементтердің өзара байланыстылығы сипатына қарай: сызықтық жəне сызықтық емес;
- қамту деңгейіне немесе ауқымына қарай: жабық жəне ашық: жабық – оқшауланған ұлттық экономиканы зерттеу үшін, ашық – халықаралық экономикалық байланыстарды зерттеу үшін;
- уақыт факторын есепке алу бойынша: статикалық – уақыт факторы есепке алынбайды, динамикалық – уақыт фактор ретінде қаралады.
Ұлттық экономиканы макродеңгейде сипаттау үшін қолданылатын негізгі стандарт – ол ұлттық есепшоттар жүйесі (ҰЕЖ) – ұлттық өнім мен ұлттық табысты өндіру, бөлу жəне соңғы пайдалану үрдістерін сипаттайтын бухгалтерлік есеп- шот нысанындағы кестелер кешені. ҰЕЖ-нің негізгі мақсаты – ұлттық өнімнің (ұлттық табыстың) қалыптасуы мен пайдалану үдерістерін кешенді əрі жан-жақты талдау үшін, экономикалық саясатты жүргізу мен үлгілерді құру жəне болжау үшін, қажетті мəліметтермен қамтамасыз ету. Қазіргі ҰЕЖ экономикалық үрдістер мен экономикалық операцияларды бейнелейтін көрсеткіштер жиынтығын құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет