1.ҚОлдану саласы «Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері»



бет2/17
Дата17.12.2021
өлшемі32,25 Kb.
#102073
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Спорттық шынығудың физиологиялық негіздері
пр 8 жаратлс Қаблан Аяжан, Өз бетінше үйде оқуға арналған материал (1), 232, 1 116, 1КЭ 13 билет
3. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3.1 Пәннің қысқаша мазмұны:

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім беру саласында физиологиялық ілімдер, соның ішінде дене тәрбиесі және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері ғылымы ерекше орын алады. Себебі өмірдің басқа да қажеттілігіне қарай туындайтын көптеген, сан қилы қозғалыстар тәрізді спорттық жаттықтырулар немесе дене шынықтырумен шұғылдану кезінде орындалатын қозғалыстар да жалпы физиологиялық заңдылықтар негізінде орындалады.

«Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері» пәні негізгі пәндердің бірі болып табылады.

«Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері» пәннің негізгі мақсаты келешек мұғалімдерді балалар мен жасөспірімдердің организмі дамуы, олардың дене жүктемелеріне бейімделуі және қалыптасқан қайта түзілулердің физиологиялық механизмдері ерекшеліктерімен таныстыру.

Оның негізгі міндеті – спорттық жаттығулар процесінде немесе дене шынықтырумен шұғылдану кезінде организмде қаыптасатын қайта құрылулармен таныстыру. Қызу бұлшық ет белсенділігі кезінде организмде пайда болатын өзгерістердің физиологиялық механизмдерін білу, денсаулықты сақтай отырып дене жұмыс қабілеттелігін арттыруға мүмкіндік жасайтын жаттығуларды дұрыс бағалауға және тиімді жоспарлауға үйретеді. Дене тәрбиесі және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері пәнінің негізгі мақсаты балалар мен жасөспірімдер организмі дамуы, олардың дене жүктемелеріне бейімделуі және қалыптасқан қайта құрылулардың физиологиялық механизмдері ерекшеліктерін білу болуына орай бұл пәннің болашақ ұстаздар мен жаттықтырушылар үшін маңызы зор. Көптеген физиологиялық, клиникалық және психологиялық әдістерді пайдалана отырып, спорт физиологиясы пәні дене жаттығуларының, спорттық шынығудың және қоршаған ортаның әр түрлі жағдайларының спортшылар организміне әсерін анықтап, денсаулығына қажетті қолайлы жағдай тудыруды көздеуді мақсат етіп қояды. Дене тәрбиесінің физиологиялық негіздері ерекшеліктерін білу мен жоғары спорттық нәтижелерге жету бірлігі ешкімнің күмәнін тудыра қоймас.

3.5 Курстың пререквизиттері:

Оқылатын пәнді игеру үшін студент адам анатомиясы және спорттық морфологиясы, биохимия, жасерекешлік физиологиясы негіздерімен таныс болуы шарт. Организмнің тіршілік әрекетін, жеке клеткалар, мүшелер, мүшелер жүйесі қызметінің ерекшелігін, биологиялық маңызын анықтау, организмнің сыртқы ортамен қарым-қатынасындағы заңдылықтарды ашу секілді ұғымдарын жақсы білуі керек.

3.6 Курстың постреквизиттері:



Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиясы курсын оқу барысында студенттің медицинадан алған барлық білімдері бекиді және алған білімдерін медицинаның, биологияның қай саласында болсын қолдана алады.
3.7 Жұмыс оқу жоспарынан көшірме


Курс

Семе­стр

Кре­дит

Дәріс

Зертханалық жұмыс


СӨОЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау түрі

Дене шынықт ыру және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері

2

4

3

30

15

22,5

67,5

135

Емтихан




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет