1.ҚОлдану саласы «Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері»


ПӘН МАЗМҰНЫ, ПӘННІҢ МОДУЛЬДІК БӨЛІНУІ



бет3/17
Дата17.12.2021
өлшемі32,25 Kb.
#102073
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Спорттық шынығудың физиологиялық негіздері
пр 8 жаратлс Қаблан Аяжан, Өз бетінше үйде оқуға арналған материал (1), 232, 1 116, 1КЭ 13 билет
4. ПӘН МАЗМҰНЫ, ПӘННІҢ МОДУЛЬДІК БӨЛІНУІ



Тақырыбы

Мазмұны

Сағат саны

Модуль 1. Дене жаттығуларының ағза маңызы

Кіріспе. Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиясы

Дене тәрбиесі және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері - қолданбалы ғылым ретінде, оның міндеті, басқа ғылымдармен байланысы. Зерттеу әдісгері. Дене тәрбиесі және спорт түрлерінің физиологиялық негіздерінің дене мәдениеті және спорт теориясы мен практикасы үшін маңызы. Дене жаттығулары және спорт физиологиясының даму тарихы (жақын, шалғай шет елдердің және Қазақстан оқымыстыларының еңбектері).

2

Дене жаттығуларының ағзаға әсері. Адамның қимылдарын басқару. Қимыл дағдысын жетілдірудің физиологиялық механизмдері

Дене жаттығуларының адам ағзасының физиологиялық жүйелеріне әсері. Ағзада болатын физиологиялық ығысулардың жалпы сипаттамасы. Жұмыс кезіндегі физиологиялық ығысулар дамуындағы орталық жүйке жүйесінің реттеушілік маңызы. Бұлшық ет жұмысы кезіндегі кимыл жаттығуларының әсерінен қан айналым, қан, тыныс алу, биоэнергетика, зәр шығару, эндокринді жүйелердің өзгеру ерекшеліктері.

Қимылдарды баскарудың физиологиялық негіздері. Қимыл бірліктері және дағдылары - спорт техникасының негізі. Қимылдарды басқарудың рефлекторлық механизмдері.

Шартты рефлекторлы механизмдердің қимыл бірліктері және дағдылары түзілуіндегі маңызы, талдағышты және оперантты шартты рефлекстердің маңызы. Қимылдың динамикалық қалыптылығы.

3

Адамның дене қызметіне бейімделуі және ағзаның функционалді қорлары

Қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларына бейімделу туралы түсінік. Бейімделудін түрлері. Бейімделудің жеке түрлері. Ұзак бейімделу және кұрылымды жүйелі іздің қалыптасуы. Гипоталамусты-гипофизді-бүйрек үсті жүйенің жедел бейімделу кезіндегі стресс-реакциядағы маңызы. Дизбейімделу, бейімделудің жоғалуы және бейімделудің бағасы туралы түсінік. Дене жүктемелеріне бейімделудің механизмдері. Бейімделу кезіндегі ағза қызметінің өзгеруі. Ағзаның қызметтік қорлары және олардың жіктелуі. Дене жүктемелеріне жедел және ұзақ уакыт бейімделуі және ағзаның қызметтік қорларының іске қосылуы. Бейімделудің негізгі кызметті тиімділігі, үнемдеу, іске қосу, қорлардың мүмкіндіктерін жоғарлату, қалпына келтіру, тұрақтылық, қызметтердің сенімділігі. Бейімделу өзгерістерінің қайтымдылығы. Дене жүктемелерінде жедел және ұзақ уақыт бейімделудің сапасын және тиімділігін физиологиялык бағалаудың ұстанымдары.

3

Дене жаттығуларының энергетикалык сипаттамасы, анаэробты және аэробты өнімділігі. Дене жаттығуларының физиологиялық жіктелуі және сипаттамасы

Дене жаттығуларының энергетикалық сииаттамасы. АТФ-ң қайта түзілуінің анаэробты және аэробты жолдары. Анаэробты және аэробты өнімділік. Спорттық жаттығулардың және қимылдардыц жіктелуі: биохимиялык құрылымның қызмет жағдайына бейімделу сипатына, дене сапаларының айқындалуына, бұлшық ет қызметінің тәртібіне, жүктеменің қуаттылығына, қуат көзіне, қуатты жұмсау деңгейіне, күштену сипатына, бағдарлану күрделілігіне, кызметтегі бұлшық еттер көлеміне қарай В. С. Фарфель бойынша спорт түрлерінің жіктелуі. Әртүрлі салыстырмалы тізбекті козғалыстардың сипатгамасы: максималді, субмаксималді, үлкен және бірқалыпты шығыны, оттсгі сұранысы, оттсгіні пайдалануы және оттегі қарыздылығы, негізгі куат көздері, вегетативті жүйелер жұмысының сипаттамасы, шаршаудың негізгі механизмдері және жұмыс қабілеттілігін шектеу факторлары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет