Нұрмағамбет Мөлдір Болатбекқызы
№ 1.Өзіндік жұмысы
Нормативтік-құқықтық модуль
Орындалу мерзімі: 16.11-18.11.2020 ж. .
«Білім беру туралы» Заң және «Білім берудің және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша
10-15 негізгі ұғымдар қолданылатын глоссарий әзірлеу. (мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту)
Термин
|
Анықтамасы
|
1
|
Үлгілік оқу бағдарламасы
|
Әрбір ұйымдастырылған оқу қызметі бойынша меңгеруге тиіс білім, білік, дағдылар мен құзыреттіліктердің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама.
|
2
|
Күту
|
Ерте жастағы балаларға күтім жасау, тамақтандыру, санитарлық-гигиеналық, сауықтыру шараларын ұйымдастыру.
|
3
|
Оқыту нәтижесі
|
Баланың даму деңгейінің көрсеткіші.
|
4
|
Инклюзивті білім беру
|
Барлық тәрбиеленушілердің ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып,тәрбие мен оқытуға тең қол жеткізудің қамтамасыз ететін процесс
|
5
|
Заттық-кеңістіктік дамытушы орта
|
Мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық,зияткерлік, әлеуметтік және эмоционалдық дамуын қамтамасыз ететін жағдайлар жүйесі
|
6
|
Өз бетінше үйрену дағдылары
|
Баланың дербес және ересектердің басшылығымен қоршаған ортаны тануда және мектепте оқуға табысты дайындалуда жинақтаған дағдылары.
|
7
|
Күн тәртібі
|
Баланың қалыпты дамуына және оның денсаулығын нығайтуға мүмкіндік беретін тәулік бойғы уақытты тиімді бөлу және түрлі іс-әрекет пен демалыстыңдұрыс өзара бірізділігі.
|
8
|
Ерте дамыту
|
Баланы туғаннан бастап үш жасқа дейін дене, зияткерлік және эмоционалдық дамытуға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру.
|
9
|
Интеграция
|
Мазмұнның құрылымдық бөлімдерінің арасындағы байланысты орнататын процесс.
|
10
|
Әлеуметтік дағдылар
|
Бала мектепке дейінгі жаста меңгеретін өзара әлеуметтік әрекеттің әдістері мен тәсілдері.
|
2.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген «Тиісті білім беру деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарының өзгерістерін сипаттау.
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын
5. Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны:
1) оқытудың күтілетін нәтижелері түрінде ұсынылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге;
2) қимыл, коммуникативтік, танымдық, шығармашылық, әлеуметтік білім, білік, дағдыларын, өз бетінше үйрену дағдыларын, сонымен бірге аталған білім, білік, дағдыларды ерте жастағы балаларда қалыптастыруға;
3) тәрбиелеу мен оқытуға психологиялық-педагогикалық жағдай жасауға;
4) мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілерді бастауыш білім беру ұйымдарында оқыту үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді құруға;
5) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру арасында оқыту, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін ескеріп, сабақтастық пен үздіксіздік ұстанымдарын қамтамасыз етуге;
6) тәрбиеленушілердің жеке және жас ерекшеліктерін ескеріп, оқу қызметіне дайындыққа;
7) креативтілікті, коммуникативтілікті, сыни ойлауды және командада жұмыс істей білуді дамытуға бағытталған әлеуметтік-тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруға;
.
8) "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру шеңберінде ұлттық салт-дәстүрлер мен жалпы адами құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.";
Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін балалар үшін апталық оқу жүктемесінің көлемі мынадай:
1) ерте жас тобы (1 жастан бастап) – ұзақтығы 7-10 минуттан 7 сағат;
2) кіші топ (2 жастан бастап) – ұзақтығы 10-15 минуттан 9 сағат;
3) ортаңғы топ (3 жастан бастап) – ұзақтығы 15-20 минуттан 11 сағат;
4) ересек топ (4 жастан бастап) – ұзақтығы 20-25 минуттан 12 сағат;
5) мектепалды тобы, мектепалды сыныбы (5 жастан бастап) – ұзақтығы 25-30 минуттан - 17 сағат.";
Жас кезеңдері және жас топтары (балалардың жасы – 1 қыркүйектегі толық жасы) мынадай:
1) бөбек жасы – 0-3 жас:
нәрестелік жас – туғаннан бастап;
ерте жас – 1 жастан бастап (ерте жас тобы);
кіші жас – 2 жастан бастап (кіші топ);
2) мектепке дейінгі жас – 3-6 жас:
орта жас – 3 жастан бастап (ортаңғы топ);
ересек жас – 4 жастан бастап (ересек топ);
Достарыңызбен бөлісу: |