2 – 5 1 – тарау Жақын шетелдік қазақтар тілінің зерттелуі


Қарақалпақ қазақтарының тілдік



бет4/6
Дата26.08.2017
өлшемі1,15 Mb.
#28487
1   2   3   4   5   6

1.6. Қарақалпақ қазақтарының тілдік

зерттелуі
Қарақалпақстанның территориясындағы диалект пен говорларды жоспарлы түрде зерттеу – 1959 жылы Өзбекстан Ғылым академиясы Қарақалпақ филиалының ашылуымен байланысты. Мұнда қарақалпақ диалектологиясына байланысты диссертациялық жұмыстар жазылады. У.Доспанов «Қарақалпақ тили түсляк диалектинин лексикасы» . – Алматы, 1965; У.Бекбаулов «Қарақалпақ тили түлик диалектинин фонетикалық өзгешеликлери». – КДА, Нукус, 1966 жылы жарияланған.

Қазақ республикасының өз ішіндегі ерекшеліктер құдайға шүкір азды-көпті зерттелген. Жүнісов «Халық тілінің жергілікті ерекшеліктері». – Алматы: Мектеп, 1981 ж. атты еңбегінде осы говорға байланысты біраз дүниелерді қозғайды. Б.Бекетов «Қарақалпақ қазақтарының тілі» 1992 ж. «Ана тілі» баспасынан шыққан өзінің монографиялық еңбегін осы мәселеге арнапты.(31,51б)

Қарақалпақстан Республикасы – көп ұлтты республика. Бұл жерде қарақалпақтармен қоян-қолтық өзбек, түрікмен, қазақ, орыс, корей т.б. ұлттардың өкілдері өмір сүреді. Бірақ, бұл аталған ұлттардың өкілдері өмір сүреді. Бірақ, бұл аталған ұлттардың орналасуы біркелкі емес. Мысалы, республиканың солтүстік аудандарының негізгі халқы қарақалпақ қазақ болса, оңтүстік аудандарының тұрғындары - өзбек, түрікмен және қазақ ұлттары да, ал қарақалпақтар мұнда аз.

Қарақалпақстан терриотриясына қазақтардың келіп қоныстануы ондаған жылдар емес, жүздеген жылдармен саналады екен. 18 ғасырдың басында-ақ бұрынғы Хиуа хандығының территориясына – бүгінгі қоныстарына жақындап келе бастаған.

Мунис пен Баянидің көрсетуі бойынша, 18 ғасырдың басында қарақалпақтардың көпшілігі Хорезімнің шекараларында мекендеген. 1723 жылы сырдария аудандарын жоңғарлардың басып алуы – қарақалпақтардың Хорезмге көшіп келіп, қоныстануына басты себеп болады. Қазақтар мен қарақалпақтар жоңғарлар басып алған аймақтардан Орта Азия хандықтарына, соның ішінде Хиуаға ығысып келе бастаған.

Зерттеліп отырған территориядағы қазақтардың қоныстануы осы уақыттан басталады. Оның бірінші себебі жоңғарлардың қазақтарға жасаған шабуылымен байланысты болса, екінші – 19 ғасырдың 20-40 жылдарындағы шаруашылық күйзелісінің салдарымен, көшпелі қазақ қауымының ішкі әлеуметтік-экономикалық процессімен, атап айтқанда, кедей қазақтардың егіншілік кәсібіне жаппай ұмтылуымен және қазақ ауылдарының Хиуа ханының тонаушылық әрекетімен байланысты болды.

Қарақалпақ мекендеген жерге қазақтардың қоныс ауыстыруын тек жаугершілік салдары десек, тарихи оқиғаларға бір жақты қарағандық болар едік. Қазақстардың бұл өңірге келе бастауына басқа себептер болғандығы байқалады. Біріншіден, үнемі мал шаруашылығымен айналысқан қазақтар үшін жылы жер, жақсы жайылым қажет болса, Қарақалпақ территориясының оңтүстігі сондай қажетті өтеуге лайықты орын. Екіншіден, қазақтардың өз ішінде жиі кездесетін сол кездегі ру тартысы нәтижесі – іргелі рудың орнына қалып, әлсіз, аз рулардың ығысып, басқа жақтан, бөтен ел ортасынан мекен іздеуінен болған. Осындай түрлі жағдайлармен де қазақтардың бұл өңірден орын тебуі мүмкін.

Енді, қарақалпақ қазақтарының тілдік ерекшелігіне мән беретін болсақ. Біріншіден, фонетикалық ерекшеліктер туралы. Қарақалпақстанның кейбір аудандарын мекендейтін қазақтардың тіліндегі фонетикаға байланысты кездесетін ерекшеліктер Қазақстан территориясындағы говарлардың фонетикалық ерекшеліктерімен салыстырғанда әлде қайда мол. Бұл говорға тән дыбыстар құрамы жағынан қазақ әдеби тіліндегі дыбыстардан онша алшақ кетпейді. Дегенменде, кейбір дыбыстардың айтылуында өзгешеліктер кездесіп те қалады.

Зерттеліп отырған говарда дауысты дыбыстарға байланысты ерекшеліктердің ішінде алдымен көзге түсетіні әдеби тілде Жуан тілде айтылатын сөздердің көбіне жіңішке дыбысталуы: говорда: жәйнап-жапнап, кйтем-қайтем, әмелдеп-амалдап, әбірейлі-абыройлы, мәндей-маңдай, әлдіне-алдына т.б. Жоғарыда келтірілген мысалдардың біріне байланысты Б.Бекетовтың зерттеуі бойынша мынандай мысал келтіруге болады:
Тапсын деп халайыққа жұбақ шаштың,

Қызымын деп қыпшақтың лебіз аштың.

Жылында жігірменші айтқан сөзің

Жәйылды баласына үш алаштың.


Кәтіп жұмыстасаң да өзің жұмыста деді. Әттеген-ай ұзын жолға баратырғанда кәте алды-ау деп ойлап едім. Бұны кәйтем шырағым-ау. Өзіңнен өзің тәстәп кетесің. Торғайдың баласы әлдіне тап берді. Ескіде күнәлі қылып қаралғанда төрт шәрт бар.

Мұндай дыбыстық құбылыс қазақ тілінің басқа да говарында кездеседі. Мысалы, Моңғол, Өзбекстан, Түркменстан қазақтарының тіл ерекшеліктерінен байқауға болады.



Ә/А. Әдеби тілдегі жіңішке дауысты «ә» дыбысының орнына говарда біршама сөздерде Жуан «а» дыбысы қолданылады.

Аура-әуре Барын-бәрін

Қаріп-кәріп Ары-әрі

Маз-мәз Забыр-зәбір

Мысалы: Жұрттың барын байрақталды. Көрген забырыма ат бойламайды.

А/Ы. Дыбыс алмасуларының бұл түріне мына сөздер мысал болады: Дастырқан – дастарқан орнына, туры-тура;

Нан анна дастырқанда тұрыпты ғой, алып жесең болмай ма? Туры барад сол жол, жолда пайапыл бар.

Бұл құбылыс қазақ тілінің Арал (бұлыңдау-бұлаңдау орнына, дыбыл-дабыл, тықыр-тақыр т.б.) говорларында ұшырайды.

Ұ/У алмасуы байқалатын сөздердің бірі – құстанала-күстәнәлә етістігі. Бұл сөздің Жуан нұсқасының әзірге дейін байқалған жері – Қарақалпақ АССР-ның Тахта көпір ауданы.

«Ар жұздан» (орта жүз, кіші жүз дегендегі) деген тіркестегі жүз сөзінің Жуан айтылуы Ташкент облысының Сіргелі қонысынан жазылған (18, 21-44 б).

Қарақалпақстанның оңтүстік аудандарын мекендеуші қазақтардың тіліндегі кездесетін фонетикалық ерекшеліктердің енді бір қатары дауыссыз дыбыстар сәйкестіктерімен байланысты.

Б/П Бұл құбылыс негізі тек осы говорға тән ерекшелік деп айту мүмкін емес.

Пахт-бақыт

Полат-болат

Пор-бор


Мысалы: Пақытқа қарсы күзгі жәрменкеге баратған қасында бес кісі. Бірдемені тілеп, сұрап барма, пақтың қайтады деген.

С/Ш дыбыс сәйкестігі қарақалпақ тілінің диалектілік құрамын ажыратуға басты белгілердің бірі. Говарда «ш» дыбысы орнына «с» - жиі қолданылады.

Қарақалпақ қазақтарының тіліндегі жергілікті ерекшеліктерді сөз еткенде А.Құрышжанов с/ш алмасу жайын қарақалпақ тілімен байланыстырмай, «әңгіме болып отырған «с»-ның орнына «ш» жұмсалуын ш-мен сөйлейтін тілдердің элементі болар деп жорамалдаймыз» деп аяқтайды. Автор өз ойын қазақ тілінің кейбір сөйленістеріндегі «ш» мен айтылатын сөздердің төркіні жалпы түркі тілдерімен, олардың ішінде «ш» мен сөйлейтін тілдермен сабақтас тәрізді деп, бірінде «с», бірінде «ш», бірінде «ч» қолданатын тілдердегі бірнеше сөздердің нұсқасын келтіріп барып қорытындылайды /20, 160 бет/.



Ж/Ж. Аффрикат дыбыстардың ішінде ж(дж) дауыссызының қолданылуы осы говордағы алмасуына байланысты ерекшеліктердің ішінде назар аударылатын фонетикалық құбылыстардың бірі. Мысалы: Жо-жоқ- жоқ орнына жәй-жай; т.б. Өзі жоқ дегенсің бармадым. Жылама, ұрысып жатыр. Мінбе, жылағасын деп айттым ғо ақыры.

Тіл біліміндегі дәстүр бойынша говар грамматикасын іштей екі салаға – сөздердің құрылысы өзгеруін зерттейтін – морфологияға және сөздердің сөйлемде тіркесу заңдылықтарын сөз ететін – синтакисске бөле қарағанда, бұлардың алғашқысы говарда әлде қайда басым, көлемі қомақты.

Говарда сөздердің морфологиялық құрамы алуан түрлі қалыпта көрінеді. Олар қазақ тіліндегі басқа говорлардың ерекшеліктерімен, кейде тіпті қазақтың әдеби тілінде ұшырасатын тұлғалармен де ұштасып, жалғасып жатады.

Қос сөздерге байланысты сөз қозғасақ. Мысалы, жергілікті тұрғындардың тілі қос сөздерге бай.

ҒАБЫР-ҒҰБЫР – қимылдың тез, шапшаң болғанын білдіреді. Мысалы: Ғабыр-ғұбыр не қылып жатырсыңдар? Түнімен ғабір-ғұбыр сөйлесіп ұйықтатпады ғой бұлар.

ТАҢДАР-ТЕТІК – аман-есен. Мысалы: Таңдар-тетік отырсыздар ма?

ЫЛЫМ-ЖЫЛЫМ – бұл қос сөздің әдеби тілдегі мағынасы жым-жылас, үшті-күді: Осы үйде бар еді, ылым-жылым жоқ болды.

ҚОНСЫ-ҚОЛАТ. Қос сөздің бірінші сыңары – «қоңсы» жергілікті тұрғындары ауызекі тілінде ең жиі қолданылатын сөз. Мұның әдеби тілдегі баламасы – «көрші». Қонсы-қолат елатымен жыға-жыға сілесін қатырады.

Ас-дәске-ау т.б. құралдар. Ас-дәскелерін сазлай алмай жатырмыз. Ау-дәскелері болса, балық бұл көлде тегі бар ғой. Бұл сөздің бірінші сыңары жалпы халыққа түсінікті балық ұстайтын құрал – ау. Ал, екінші сыңары түсініксіз. Бұл қарақалпақ тілінен енген сөз.

Біріккен сөздер.

ГҮЛТАРАШ – үй қабырғаларының сыртына ойып салынған нақыш. Гүлтараш жайды әдемі етіп көрсетеді.

ШЫШТАЗА – шөп жинайтын айыр.

ҰЗЫНТӘМӘ - бос дәме. Адамда ұзынтәме болады.

Қостырнақ-фундамент: Үй қос тырнағынан тозады.

Жүнтопа-әйелдердің жүннен тоқылған орамалы.

Тайпахта-шігітінен (шигітінен) ажыратылған мақта.

Жергілікті тіл ерекшеліктерінің сөз таптарының бірінде мол, екіншісінде аз мөлшерде кездесетіндігіне қарамай-ақ оларды жеке бөле ала отырып, қарастыру дұрыс болады. Зат есімге меншікті жиі қолданылатын – сөз тудырушы жұрнақтар. Олардың көбі тұлғасы жағынан әдеби тілдегіден онша алшақ кетпейді. Осы орайда бір айта кететін жәйт, ол Н.А.Баскаковтың 30-жылдарда Қарақалпақстанда болған сапарында қарақалпақтардың халық тілінің дерегінен тыс осы Өлкені мекендейтін қазақтардың тілінен де едәуір мәлімет жазып алған.

Мұның ішінде автономиялы республиканың Тақтакөпір, Қараөзек, Мойнақ, Шымбай, Қоңырат, Шоманай, Жоджейлі, Төрткүл аудандарының қазағының тілінен жазылған мәлімет бар. Олардың біразын ол кісі қарақалпақ тілінің дерегімен қоса 1951 жылы жариялаған екен. Міне осындағы және оған қоса Өзбекстанның Тамды ауданындағы қазақтардың тілінен ғалымның тікелей жазып алған текстерінің арасында барамын, таиман, алмайман, жайман, барасаң, бересең, айтпайсен деген тәріздес фонетикалық нұсқада ұшырайды /21, 264 б/

Қазақ әдеби тіліндегі –дар, -дер, -тар, -тер көптік жалғауы орнына сөздің үнді не қатаң дыбыстарға аяқталуына қарамастан –лар, -лер тұлғаларына жалғана береді. Әдеби тілдегі көптік жалғауы жалғанбайтын сөздерге кейде көптік жалғауының жалғанып келетіндігі:

Аузым толған күлкілер

Жылауменен басылды

Түндәләр жұлдыз санаймын

Күндіз де шолып қараймын…

Жетімді жетім деп пе едің

Жетімнің ақын жеппе едің

Тілеп те алған нашарың

Житімдәр болсын деп пе едің.
Папиросты түнделер тұрып шегетінмін. Тенеден судай ақты қызыл қандар. Көптік жалғауының бұл тәрізді қосылып айтылуы, әрине, аралас отырған қарақалпақ, өзбек, түрікмен халықтарының әсері.

-ДЫҚ, -ДІК. Қорымдық, мазарстандық – көп мола. Шігілдік – майда жиде. Жаңа бір шігілдіктің арасынан келген екеу емес пе? Шадық – кәрілік. Енді шалдық басып малмен бірге жүргеніміз ғо. Түсерлік – етек, бөктер. Хожакөлдің түсерлігінде біздің үй. Сіпселік сыпырғыш болатын тары. Сіпсе тарйыңнан сіпселік бер.

-ШЫЛЫҚ, -ШІЛІК. Меймәнгершілік-қонақ қылу, қонақжай. Бір ақшам түнімен меймәнгершілік қылып, Саид Азимкешке жақсы киімдер кигізіп еліне қайтарды.

Сын есіммен байланысты ерекшелік говарда – тек әдеби тілде бар кейбір жұрнақтардың көмегімен диалект сөздер тудырумен ғана шектеледі.

-ЛЫ, -ЛІ, -ДЫ, -ДІ, -ТЫ, -ТІ. Мысалы, Ойдалы – Қарақалпақстанды, Хорезмді мекендеуші, Қырдалы – Қазақстанда тұрушы қазақтар. Ойдалының бәрі солау! Біздер ойдалы. Отырықлы-отырықшы. Егін егіп, сонан отырықлы, ат-арбалы, сауын-сиырлы болып қалған. Мазалы сөз – жөр саз. Жерлі-жергілікте.

-БӘД –префиксы арқылы да біраз сөздер жасалады. Бәдбақ – бағықара, жүзі қара. Бәдбешер – сиықсыз. Бәдайбат, бәдзаман – қолайсыз заман.

Говардағы морфологиялық ерекшеліктердің енді бір қатары сан есіммен байланысты. Сан есімдегі бір ерекшелік – бөлшектік сан есімдермен байланысты. Мысалы, әдеби тілдегі – сексен сегіз де жүзден қырық бес деген бөлшектік сан есімді жергілікті жерде: «сексен сегізу жүзден қырық беш», Елу де жүзден он бес сан есімі «елу жүзден он беш» болып айтылады.

Есімдіктермен байланысты жергілікті ерекшеліктердің мөлшері онша көп емес және негізінде әдеби тілдегі есімдіктерден аулақ кетпейді. «Біз, сіз» есімдіктері ілік септігінің жалғауын қабылдағанда, «бізің, сізің» түрінде айтылып, Д дыбысы түсіріледі. Мысалы: Бізің айтажағымыды біледі. Бізің қызымыз кішірік нәрегей. Бізің әкем алты жасында қырдан көшіп келген. Сізің айтқаныңызды көрдік. Сізің жібергеніңіз бізге келмеді.

Жергілікті тұрғындардың тілінде аса көп, жиі және саны жағынан көп кездесетін ерекшеліктер етістік категориясымен байланысты.

Тұрғындар тілінде кездесетін ерекшеліктердің бірқатары көрші отырған туыстас тілдердің әсерінен пайда болса, енді бірқатары қазақ тілінің зерттелген говорларында, оның ішінде оңтүстік пен батыста жиі ұшырасып отыратын көне құбылыстар.

Етістікке байланысты ерекшеліктердің бірқатары жақсыз сөйлем құрайтын -малы, -мелі, -палы, -пелі жұрнақтарының жалғануына қарай анықталады. Бұрынғы уақытта болғанда су болмай қалған күнінде көшіп кете бермелі. Егер шақырғаны шын болса бармалы. Уақыт болып қалды, ендігі жерде кетпелі. Ондай қызығы болса, онда бармалы ғо.

К.Бердімұратовтың Қарақалпақ АСС-інің Тақтакөпір ауданында тұратын қазақтардың тілінен жинаған деректерінің ішінен біз –ман қосымшасын мына секілді етістер мен есім сөздердің құрамынан ұшырастырамыз: Қыйатырман (келе жатырмын), барасаң (барасың), келесаң (келесеің), отырман (отырмын), дыйқанмын (дыйқанмын) (21, 1-12 б).

Қазақ әдеби тіліндегі белгілі бір мағынаны ұғындыру барысында, екі сөздің тіркесіп келіп, бір түсінікті иеленетін кездері де болады. Говордағы сөз тіркесіндегі айырмашылық – тіркестегі сөздің бір сыңары әдеби тілде қолданылса, екінші жергілікті ерекшеліктердегі тұлғадан құралса, кейде екі сыңары да әдеби тілден болса да, берер мағынасы өзгеше болып келеді.

Тезап жер / шегелен жер – құмдақ жер; Порсаң жер – шаңды, тозаңды жер. Қу мекиен – қу дала.

Дән тұру – сап-сау болу;

Таяқ ұру - өлшеу. Әмин аға таяқ ұрып кете береді.

Синоним.

Лұм кесә // ным кәсе // лауабы кесе //лауақ есе // лабақ кәсе – кесенің үлкен түрі.

Айуан // ацуанша // бастырма – үйдің жанына қоса салынған бір жақты ашық орын.

Там // жәй – үй.

Говарда
Көп мағыналы сөздердің пайда болуы әрқилы.

ШҮЙ – темір шеге. Мысалы: Қаладан қайтіп келе жатқанда арбасының шүйі түсіп қалып қояды. Қайтқан арбалардың шүйі шүйіне қағысты.




ІІ-Тарау. АЛЫС ШЕТЕЛДІК ҚАЗАҚАТРДЫҢ ТІЛІНІҢ

ЗЕРТТЕЛУІ
2.1. Ауған-Иран қазақтары тілінің

зерттелуі

Зерттеуге негіз болып отырған нысан - 1917-1930 жылдары ауған мен Иранға ауа көшіп, сол жерді сексен жылға жуық мекен етіп, 1993 жылдан бастап туған Отаны Қазақстанға қайта көшіп келе бастаған қазақ диаспорасының тіл ерекшелігі. Ауғанстанға алғаш көшіп барғандар орта жүз арғын, қоңырат, одан соң кіші жүз адай, табын, кете, шөмекей ру-тайпалары. Олар Ауғанстанның Мазаршөріп, Имамсайып, бағлан, Құндыз қалалары мен өлкелерінде тұрып, малшылық, егіншілік, сауда ісі, етікшілік, құрылыс жұмыстары сияқты кәсіптермен шұғылданған.

1979 жылғы Кеңес әскерлерінің Ауғанстанға басып кіру оқиғасы ондағы қазақ диаспорасын тағдыр тәлкегіне ұшыратып, Түркия, Пәкістан, Иран, Араб елдеріне қашып кетуге мәжбүр еткен. Ауған қазақтарының жалпы саны 1500 үйдей. 1993 жылы олардың 850 отбасы Ираннан, 350 отбасы Түркиядан Н.Назарбаевтың тікелей басшылығымен Қазақстанға алдырылды, ал 200-дей отбасы Ауғанстанда қалып қойды.

Ауғанстаннан Отанына оралған 1200 үйден астам қазақ диаспорасы қазір Оңтүстік қазақстан облысының Шымкент, Түркістан, Жетісай, Сарыағаш қалалары мен елді мекендерінде, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстарында тұрып жатыр.

Иран қазақтары деп 1917-1930 жылдары Маңғыстау түбегінен тікелей Иранға өткен қазақтарды айтамыз. Бұлар қазір Иранның Гүмбед, Горган, Бендертүркімен қалаларын мекендейді. Ирандық қазақ диаспорасының 1060 үйдейі әлі Иранда, 140 үйі Ақтау қаласына көшіп келген, Түрашбек деген 1 ирани қазақ Жамбыл облысында тұрады.

Ауғандық қазақтарда кейбір ахундары (мода) болмаса, арнайы білім алған мамандары некен-саяқ, ирандық қазақ дисапорасында оқыған, мемлекет ісіне араласқан мамандар молдау.

Ауғанстан, Иран қазақтарында құда түсу, үйлену, қыз ұзатуға байланысты салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар сақталған.

Ауған қазақтары пуштулармен, тәжіктермен, парсылармен, өзбектермен, түркімендермен бірге өмір сүріп келген болса, Ирандағы қазақ диаспорасы парсылармен, түркімендермен тығыз қарым-қатынаста болған. Соның нәтижесінде бұл өлке қазақтары біраз тілдік этнографиялық ерекшеліктерге ие болған.

«Фонетикалық ерекшеліктер» атты І тарауда Ауғанстан, Иран қазақтары тіліндегі дыбыстық ерекшеліктер қазақтың әдеби тілімен, 6; им говорлармен және осы говорды қоршап отырған басқа тілдердің материалдарымен салыстыра қарастырылды.

Осыған сай бұл тарау дауысты, дауыссыз дыбыстарға байланысты фонетикалық ерекшеліктер деген екі бөлімнен тұрады.

Зерттеліп отырған диаспора тілінің дыбыстық ерекшеліктерін сөз еткенде, мына жағдайлар ескерілді. Ауғанстан, Иран қазақтары тіліндегі дыбыс алмасулары қазақ тілінің басқа говорларында да ұшырайтын осы құбылыстың жүйелі түрде кездесуі мен қамтитын сөздер аумағының мол не аздығына қарай ерекшеленіп тұрады. Осы жерде сөздің басында, ортасында және соңында жүйелі түрде келуімен байланысты ерекшелік ызың ш орнына аффикат н дыбысының қолданылуынан байқалады. Ал, бұдан басқа кейбір дыбыс алмасулары өзінің қамтитын сөздің молдығымен ерекшеленеді. Оған мысал ретінде Жуан а орнына дыбысының басқа говорларға қарағанда диаспора тілінде жиірек қолданылуын айтуға болады. Сондай-ақ қазақ тілінің басқа өнерінде кездесе бермейтін, Ауғанстан, Иран қазақтары тіліне ғана тән дыбыстық құбылысқа 1) сөз басындағы дауысты дыбыстардың созылыңқылығын 2) е, о, ө дыбыстарының ие, уо, уө түрінде қолданылуын, 3) сингармонизм заңының сақталмауын жатқызуға болады.

А - Ә: Жуан а дыбысының орнына жіңішке е-нің қолданылуы зерттеліп отырған диаспора тілінде жиірек кездеседі әрі ол көптеген сөздерді қамтиды. Мысалы: әмәл<амал’, әпте<апта, әре<ара, жәнбір, кәте<қате, кәжет<қажет, нәсиет<насихат, төлөп<талап, біләй<былай, жіләу<жылау, тәмәмдау<тамамдау, зіндән<зындан, чәншу<шаншу, чәрва<шаруа т.б. Ауғанстан, Иран қазақтары тілінде жуан айтылатын сөздердің жіңішкеріп айтылуы басым. Осы жағынан алғанда бұл құбылыстың қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобымен ортақ жағдайы

Осының керісінше, ә орнына бір топ сөздерде жуан а қолданылады: адат<әдет, аял<әйел, а:лам<әлем, аке<әке, адет<әдет, аулие<әулие, бары<бәрі, дастүр<дәстүр, даража<дәреже, жана<және, уада<уәде, салам<сәлем, азиз<әзіз, т.б. Бұл құбылыс көбінесе араб, Иран, пушту тілдерін енген сөздерде кездеседі. Осыған қарағанда бұл құбылыс тілдік ортаның әсеріне жатса керек.

А – Е: Ауғанстан, Иран қазақтары тілінде дыбыстық ерекшеліктердің бірі –езу дауыстылардың алмасуы. Әдеби тілде а дауысты дыбысы қолданылатын бір топ сөздердің орнына говорда е жұмсалады: жеза<жаза, женазе<жаназа, қадем<қадам, осындей<осындай, хабер<хабар, мақшер<махшар, шаһер<шаһар, Хадише<Хадиша т.б. Бұл құбылыстың да зерттеліп отырған өңірде қамтитын сөздерінің саны мол. Осы өзгешелікті де көрші тілдердің әсерінен туған деп санауға болады. Өйткені диссертацияда келтірілген сөздердің айтылуы парсы, түрікмен, өзбек тілдерімен бірдей, ұқсас болып келеді.

А – Ы: Әдеби тілдегі ашық а дыбысы орнына кейбір сөздерде қысаң ы қолданылады: майдын<майдан, туры<тура, ықпыл<ықпал, Чынхай<Шанхай т.б.

Е - Ә, Ә - Е: Қазақ тілі говорларында е, ә езулік дыбыстарының алмасуы Ауғанстан, Иран қазақтары тілінде де байқалады. Әдеби тілдегі е- мен айтылатын кейбір сөздер орнына говорда ә дауысты дыбысы қолданылады: әгәр<егер, әсәл<әсел, бәнде<бенде, дәрт<дерт, шәкәр<шекер, пәрмән<пәрмен, кәруан< керуен, шілдә<шілде, нәке<неке, рәхмәт<рахмет т.б.

Кейде, керісінше, в дыбысы қолданылатын біраз сөздерде е дыбысы қолданылады: белкім<бәлкім, деулет<дәулет, дептер<дәптер, ене-міне<әне-міне, емір<өмір, еңгіме<әңгіме, епенді<әпенді, меселен<мәселен, нерсе<нәрсе, телім-тербие<тәлім-тәрбие, /жан/ тесілім<тәсілім т.б.

Бұл дыбыстардың алмасуы батыс говорлар тобындағы Түркменстан, Маңғыстау қазақтары тілінде ұшырағанмен, олар сан жағынан екі-үш сөз төңірегінде ғана кездесіп, басқа сөздерді қамтымайды. Сөз болып отырған ерекшелік те өзбек, түрік, түрікмен тілдерінің әсерінен пайда болған.

Е – І: Әдеби тілде ашық е дыбысы айтылатын бірақ сөздерде диаспора тілінде қысаң і дыбысы қолданылады. Мысалы: кіл<кел, сәскі<сәске, сін<сен, ісім<есім, ішкім<ешкім т.б.

А, Ө - Е: бұл құбылыс қазақ тілінің басқа говорларында кездеспейтін тек осы өңірге тән өзгешелік болып саналады. Әдеби тілде сөз соңында А, () дыбысы айтылатын жерде, Ауғанстан, Иран қазақтар тіліндегі жіңішке е дыбысы жұмсалады: Түркие<Түркиа, Марзие<Марзиә, Марие<Мариә, Рабие<рабио, қадие<қадиа, дарие<дариа т.б. Түрік тілінде бұл сөздер Түркис, Марзис, Марие, Рабие, қание, дарие түрінде айтылып, сөз соңында е қолданылады.

І, Ы – И: Әдеби тілдегі қысаң ы, і дыбыстыларының орнына Ауғанстан, Иран қазақтары тілінде и дыбысы қолданылады: биз<біз, бир<бір, икинчі<екінші, учинші<үшінші, инисі<інісі, тендик<теңдік, тилді<тілді, жил<жыл, мина<мына, миң<мың т.б. Бұл құбылыс та өзбек тілінің әсерінен туған.

Бұдан басқа да санаулы сөздерде ы-о (Жамбол<Жамбыл, сосон<сосын), о-ү (сұрпа<сорпа, сұны<соны), ө-ү (сүз<сөз, күзе<көзе, үгей<өгей) дыбыстарының алмасуы байқалады.

Ауғанстан, Иран қазақтары тіліндегі дауысты дыбыстарға байланысты басқа говорлардан ерекшелендіріп тұратын, бөліп айтуға тұрарлық құбылыс ретінде мыналарды атауға болады:

Зерттеліп отырған қазақтар тілінде үндестік заңының сақталмай, әсіресе а-е, е-а дауыстыларының алмасуы түрінде бұзылуы айқын байқалады. Мысалы: агер<егер, ажел<ажал, арасынде<арасында, байлеу<байлау, берар<барар, дукан<дүкен, дүниа<дүние, жарейсыңдер<жарайсыңдар, көруан<керуен, қандей<қандай, қанче<қанша, қапес<қапас, салде<сәлде, селам<сәлем, сондей<сондай. Бұл ерекшелік өзін қоршаған араб, парсы, пушту және өзбек, түрікмен тілдерінің әсерінен туған құбылыс.

Диаспора қазақтарының тіліндегі тағы бір өзгешелік – е, о, ө дауыстыларының сөз басында ие, уо, уө дифтонг түрінде айтылуы. Мысалы: иегде<егде, иегеу<егеу, иет<ет, иер<ер, иес<ес, уой<ой, уол<ол, уор<ор, уот<от, уөз<өз, уөкпе<өкпе, уөлең<өлең, уөмір<өмір, уөң<өң т.б. Н.А.Баскаков е дауысты дыбысының дифтонг түрінде айтылуы қарақалпақ тілін басқа түркі тілдерінен бөліп тұратын басты ерекшеліктің бірі деп санайды. Осы жағын ескерсек, батыс өңіріндегі өрі Ауғанстан, Иран қазақтары тіліндегі дифтонг дыбысы қолданылатын өзгешелік қарақалпақ тілінің әсерінен туған деп айтуға болады.

Бөліп айтуға тұрарлық тағы бір ерекшелік Ауғанстан, Иран қазақтары тіліндегі араб, парсы тектес сөздердің басындағы дауысты дыбыстардың созылыңқы айтылуы. Мысалы: а:адат<әдет, а:алам<өлем, ка:сіа<кәсіп, ка:де<кәде, те:жік<тәжік, не:рсе<нәрсе, бо:сі<бағасы, ро:ат<рахат т.б. Бұл құбылыс та тілдік ортаның (араб, парсы, ұрду, ауған) әсері.

Қазақ тілі говорларының фонетикалық жүйесінде кездесетін қатаң дыбыстың ұяңға (к>ғ, к>г, п>б, с>ш) және ызың дауыссызына, үнділердің үндіге (н>ң), тіс дыбыстарына (з>с), үндінің ұяңға (л>д) алмасуы тәрізді дыбыстық ерекшеліктер Ауғанстан, Иран қазақтары тіліне тән құбылыс болып саналады. Бірақ бұлардағы айырмашылық тек қолданылатын сөз санына (аз, көп) ғана байланысты. Ол айырма осы құбылысты қамтитын сөздердің біреуінде мол, екіншісінде аздығына байланысты.

Осы орайда зерттеу объектісінде мына сияқты (ш>ч, қ>һ, х;>х, б>в, у>в, п>ф) дыбыс алмасулары жиі кездесуін айтқан жөн.

Ш – Ч: Әдеби тілдегі ызың ш дыбысымен айтылатын сөздердің диаспора тілінде аффрикат ч-арқылы қолданылуы. Ауғанстан, Иран қазақтары тіліндегі басты ерекшеліктерінің бірінен саналады. Бұл құбылыс, әсіресе, сөздің басында жиі кездеседі. Сөз ортасында да, аяғында да айтылады. Мысалы: чаре<шара, чәугім<шәугім, чөнчу<шаншу, чин<шын, чық<шық, чепчен<шапшаң, онча<онша, қанчі<қанша, қиынчылық<қиыншылық, чайші<шайшы, һич<еш т.б. Аффрикат ч дыбысының пайда болуы, оның сапасы және қазақ говорларында таралу шегі жайында Н.Сауранбаев, (Аманжолов, Ж.Досқараев, Ш.Сарыбаев, С.Омарбеков, О.Нақысбеков, О.Нұрмағанбетов) еңбектерінде жеткілікті түрде айтылған құбылыстың бірі болса керек. Сөз басындағы, кейде сөз ортасында да қатаң к, х; дауыссыздарының Ауғанстан, Иран қазақтары тілінде ұяңданып г, ғ дыбыстарына айналуы байқалады: гедей<кедей, гез<кез, герек<керек, гессу<кесу, гетті<кетті, гөз<көз, гөрген<көрген, гөп<көп, гөш<көш, гүн<күн, гүнә<күнә, гім<кім, гісі<кісі, асгер<әскер, т.б.; к<-ғ дыбстарының алмасуына: ғаз<қаз, ғайрат<қайрат, ғалбыр<қалбыр, ғалды<қалды, ғалжын<қалжын, гатар<қатар, ғойсам<қойсам, ғылыш<қылыш, жоғ<жоқ, сууғ<суық, тамағ<тамақ, шындығ<шындық, жаттан<жатқан сияқты мысалдар жатады. Бұл құбылыс қазақ тілінің оңтүстік говорларына кіретін Ташкент, тәжік, шымкен говорларында және түрікменстан, қарақалпақстан қазақтары тілінде ұшырайды. Ғылыми еңбектерде аталған өзгешелік өзбек, түрікмен, қарақалпақ тілдерінің әсері деп танылып жүр. Ауғанстан, Иран қазақтары тіліндегі бұл ерекшелікті де сол тілдердің әсері деп қарауға негіз бар.

С – Ш: Бір топ сөздерде с айтылатын жерлерде ш дыбысы қолданылады: ашхана<асқана, ешек<есек, кеуіш<кебіс, паше<масса, пашехана<масахана, пышық<мысық, шағыр<сағыр, шамал<самал, шорва<сорпа т.б. Бұл дыбыстардың алмасуы қарақалпақ, түрікмен қазақтары тілінде де ұшырайды. Аталған өзгешелік көрші өзбек, түрікмен, қарақалпақ, қырғыз тілдерінің әсерінен деп топшылауға болады. Оған дәлел ретінде берілген мына кестеге назар аударыңыз:



А.И.қазақ-

тарында



Өзбек тілінде


Қырғыз

тілінде


Қ.қалпақ

тілінде


Түрік

тілінде


Қазақ әдеби

тілінде

шорва

шурва

шорпо

сорпо

чорва

сорпа

шамал

шамал

шамал

шамел

шамал

самал

ашхана

ошхана

ашхана

асхана

ашхана

асхана

пешехана

пашехана

машехана

пешехана

пещехана

масахана

ешек

эшак

эшек

ешек

эшек

есек


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет