2 – 5 1 – тарау Жақын шетелдік қазақтар тілінің зерттелуі


Монғолиядағы қазақтардың тілінің



бет6/6
Дата26.08.2017
өлшемі1,15 Mb.
#28487
1   2   3   4   5   6

2.3. Монғолиядағы қазақтардың тілінің

зерттелуі
Б.Бұхатұлы «Моңғол қазақтарының тілі және оның кейбір Алтай тілдеріне қатысы» (А, 1993) авторефератында былай делінген, Қазақтың бітұтас халықтық тіліндегі түбір сөздер мен Моңғолиядағы қазақтардың тіліндегі негізгі түбір сөздерді көне моңғол тілімен салыстырғанда сөздік қордың ортақтығы көп екендігі байқалады.(27,11б)

Қазақ әдеби тілі мен жергілікті халық тілінің дыбыстық жүйесі, морфологиялық құрылысы, диахрондық тұрғыдан есептегенде, көне моңғол тілімен, негізінде, сәйкеседі. Бұл сәйкестік – көне моңғол тілі мен керей тайпасының тілі ортақ болғандығын дәлелдейді. Бұдан керей тайпасы моңғол тайпасы болды деген қорытынды шықпайды.

Моңғолиядағы қазақтардың тілінде қазақтың біртұтас халықтық тілінен өзгеше есептелінетін фонетикалық, морфологиялық, лексикалық біраз айырмашылық бар. Моңғолиядағы қазақтардың тіліне ғана тән, қазақ әдеби тілінен бөтен өзгеше грамматикалық құрылысы мен сөздік қоры жоқ екендігін айта отырып, оның құрамында кейбір айырым белгілері екенін мойындауымыз керек.

Дауысты, дауыссыз дыбыстарға байланысты төмендегі ерекшеліктерді атауға болады. Дауысты, дауыссыз дыбыстар сөз ішінде (сөздің басқы, орта, соңғы шенінде) алмасып сәйкеседі. Бірақ, бұл алмасып сәйкесуден сол сөздің семантикасы өзгеріске ұшырамайды.

Баян-Өлгий сөйленісінде әдеби тілмен салыстырғанда жеке дыбыстардың бір бірімен алмасуы, кейбір дыбыстардың тұрақсыздығы және метатезалық құбылыстар кездеседі.

а-ә: чәйнәудән (шайнаудан), чәрчәу (шаршау), джәйләу (жайлау) т.б. Қазақ әдеби тіліндегі кейбір сөздердің құрамындағы «а» дыбысы Баян-Өлгийде «ә»-ге алмасып айтылуы қазақ тілінің оңтүстік говорларына да тән құбылыс: джән (жан), тәутеке (таутеке), джәңә (жаңа) … т.б.; а-ұ: джуап (жауап); а-о бейчора (бишара);

Дауыстылардың бұл алмасулары Баян-Өлгий сөйленісіне тән ерекшеліктер. Әдеби тілде жуан айтылатын біраз сөздер жергілікті жерде жіңішке айтылады. Мысалы: тіләзәр (тілазар), үші (ұшы), чебелену (шабалану), джәңәлік (жаңалық), зәлім (залым). Бұл жағынан жергілікті халық тілі оңтүстік сөйленіс топтарына бір табан жақын тұрады.

Баян-Өлгий говорындағы бірқатар сөздерде дауыссыз, дыбыстардың алмасуы және кейбір дауыссыздардың сақталуы не түсіп қалуы қазақ тілінің басқа сөйленістерімен ортақтасып келсе, енді бірқатары өзгеше түрде кездеседі. Дауыссыз дыбыстардың алмасуының ден көпшілігі қазақ тілінің шығыс сөйленістерімен ортақтасып сәйкеседі.

Ең басты өзгешелігі сөздің басында аффрикат «ч», «дж» дыбыстарының тұрақты айтылуы (чапан – шапан, чәкілдеуік – шәкілдеуік, чеке – шеке, чоқ – шоқ, чұқанақ – шұқанақ, чүйкө - шүйке, чідер –шідер, т.б.

Аффрикат «ч» дыбысы сөз ортасында қатаң «п, к, қ, т» ұяң «м, н, ң, л, р» дауыссыздары мен дифтонгойд дыбыстан кейін келеді (көпчук – көпшік, өкче - өкше, ақча – ақша, джатчы – жатшы, емчі – емші т.б.).

Сөйленістің грамматикалық құрылысы әдеби тілдің грамматикалық құрылысымен сай келеді. Дегенмен, жұрнақтардың қолданылуымен байланысты бірақ ерекшеліктер бар. Олар екі түрлі: 1) Әдеби тілде кездеспейтін, өзіндік ерекшеліктер; 2) Әдеби тілмен барабар, сонымен бірдей ортақ жұрнақтар арқылы жасалған грамматикалық тұлғалар. Мысалы: шақ, жақ, шырай, етіс т.б. жұрнақтарының басым көпшілігі әдеби тілдегідей. Бірақ, бұлардың ішінде әдеби тілмен бірдей болғанмен туынды диалектілік сөз жасауға белсене қатысатындары көп.

Есім, есімдік, етістік тудыратын өзіндік жұрнақтардан төмендегілерді көрсетуге болады: -сымал. Заттың сыңына салыстырмалы мағына үстейді (барансымал – барандау, көкшілсымал – көкшілдеу), -көк-гөк. Қимылдың, әрекеттің нәтижелік сыны арта түскендігін білдіреді (Өскек - өскіш, көр-гөк-көргіш, қырағы). Міне бұлар сөйленістің тек өзіне тән жұрнақтар. Ал, кейбір жұрнақтар шығыс говорларымен ортақ дәрежеде айтылады. Мысалы, жергілікті халық тілінде де, Қазақстанның шығыс аймақтарында да әдеби тілдегі «-қалы, -келі // -ғалы, -гелі» тұлғаның варианты түрінде, «қайы –кейі // -ғайы -гейі //көйү –гөйү» тұлғасы қолданылады (қайт қайықайтқалы, кеткейі – кеткелі, келгейі – келгелі, барғайы – барғалы).

Затттық атаулар. 1) туыстық атаулар, 2) киім-кешекке байланысты атаулар, 3) үйге, үй бұйымдарына байланысты атаулар, 4) азық-түлік, тағам атаулары, 5) ыдыс-аяқ атаулары, 6) құрал-сайман, 7) мал шаруашылығы, 8) аң-құс, жәндік, 9) өсімдік дүниесі, 10) әдет-ғұрып, 11) күн райы, табиғат құбылыстары. Мысалдар: атыр (әке), бөйтік чарғыш (аяқ киім түрлері), чағылдақ (құрт), чары (шайдың самасы), сума (қанар), көккеп (көгершін) т.б.

Бұдан басқа қимыл-іс әрекеттері, заттың сынын, сыр-сипатын білдіретін сөздер өте көп.

Енді А.Ж.Үдербаевтың «Моңғолиядағы қазақ диаспорасының тіліндегі фонетикалық ареал құбылыстарды салыстырмалы зерттеу» (А, 2002) еңбегіне тоқталсам.

Ең алғаш Моңғолдың батыс жағындағы шалғай өлкелерінде болып, сондағы халықтардың тарихына байланысты деректер қалдырған орыстың саяхатшылары мен ғалымдары болатын. Моңғолдардың өзін зерттеуде А.М.Позднеев, Б.Я.Владимирцов, И.И.Майский, К.Я.Зладтский сынды ғалымдардың еңбектері белгілі болса, Г.Я.Потанин, Г.Е.Грумм-Гржимайло, В.В.Сапожниковтардың еңбектерінде осы өлкелерде мекен ететін қазақтар жөнінде біраз мәліметтер берілген. Бұған қоса Бай-өлгей қазағының тарихына тікелей қатысы бар деп Ә.Мініс, А.Сарай, И.Хабышұлы, З.Қиянаятұлы, С.Қаржаубай, Т.Алданыш, С.Қабышай, М.Құрметханның еңбектерін және кейінгі кезде жарияланған еңбектерді айтуға болады.

Дауысты дыбыстардың қолдану ерекшелігі.

Қазақ тілінің сөйленістерінде кездесетін фонетикалық құбылыстар – дыбыстардың алмасуы, түсірілуі немесе сақталуы, орын алмастыруы (метатеза), буындардың түсірілуі мен сақталуы, ерін үндестігі сияқтылар – Байөлгей сөйленісінде де байқалады. Әсіресе тұрғын халықтың сөйлеу тілінде бірден көңіл аударарлық ерекшелік – жүйелі түрде сөз басында, сондай-ақ сөз ішінде аффрикат ч, дж дыбыстарының қолданылуы болса, сөз ортасында д, т/л дауыссыздарының алмасатындығы.

Кейбір дыбыстардың алмасуы жиі ұшырасып отырса, ендігі бірқатары санаулы сөз құрамында ғана байқалады. Ерін үндестігі ауызекі сөйлеуде жақсы сақталған» (28,32б)

Моңғолия қазақтары тілінің ішкі құрылысындағы ерекшеліктер. Бұл, яғни фонетика, морфология, синтаксистік ерекшеліктерге қатысты құбылыстар. Қазақ тілінде, яғни әдеби тілде біз жуан дауысты дыбысты кейде жіңішкертіп, ал жіңішке дауыстыларды жуандатып, кейбір сөйлемдерден байқауға болады.

Енді а-ә алмасуы.

Моңғолияда тұратын қазақтар көп сөздерде жуан а орнына ә дыбысын қолданады. Осы алмасуға байланысты Моңғолдағы қазақтар жуан әріпінен басталған сөзді, олар жіңішкертіп айтқан. Оған мысал:



джәйләу – жайлау, зәуләу – заулау, кәукілдэс – қауқылдас.

Дауыссыз дыбыстардың қолданылу ерекшелігі.

Әрине, дауыссыз дыбыстардың алмасу ыңғайы о бастағы түркі тектес тілдердің арасындағы дыбыстық алмасу болып табылады. Сонанда дауыссыз дыбыстардың алмасуы тек қазақ тіліне ғана тән емес.

ч аффрикаты. Тіліміздегі сөйленістердің дыбыстық жүйесіне ерекше көңіл бөлерлік дыбыстардың бірі аффрикаттар. Әрине, бұл жайында диалектология ғылымының зерттеушілерінің берген пікірлері аз емес. Ал, кей ғалымдар, дегенменде бұл дыбыстар әлі де зертетуді қажет етеді деген пікірлері бар.

Ал, аффрикат жайындағы ғалым Ж.Досқараевтың еңбегінде «Халықтың сөйлеу тілінің фонетикалық өзгешеліктерін, оның ішінде аффрикат дыбыстарын зерттеудің маңызы, біріншіден, қазақ тілінің диалектілерінің бүгінгі қалпы мен өткенін білу үшін тарихи айғақ бола алады, екіншіден олар қазақ тілі диалектілерінің бүгінгі бір-бірімен қарым-қатынасын, айырмашылықтарын білу жөнінде қазақ диалектологиясында маңызды орын алады» (21, 82 б.)

Б.Бәмішұлы «Моңғолия қазағының тілі» (А, 2006) авторефератында былай делінген Моңғолия қазақтарының тілі ХІХ ғасырдың орта шенінен бастап этникалық ортасынан оқшауланып, дара қалыптасып, дами бастады. Бірақ біртұтас қазақ тіліне ұқсамайтын мүлдем басқа түрде емес, соның бір саласы ретінде жергілікті ерекшеліктерімен дамыды. Соңғы жүз жылда моңғол тілімен қатар өмір сүріп әрі таза сақталған тіл. Отанынан тыс жердегі даму сипаттарымен ерекше назар аудартады. Моңғолия қазақтарының тілін зерттеген ғалымдар жергілікті қазақтар, қазақтың біртұтас тілі қалыптасқаннан кейін этноцентрінен бөлінген деп сипаттайды. Бұл ХІХ ғасырдың орта шеніне сәйкес келеді. Елдің сауаты біраз ашылған, қара танып, хат білген кезі. Тіл Алтайдың Қобда бетіне қоныс жайған қазақтардың мал шаруашылығына негізделген дәстүрлі көшпенді тірлігіне сай құрған қоғамына қанағаттанарлықтай деңгейде қызмет етті. «Ең таза тіл – тек қана тілді біліп, жат жұртқа барып-келіп қарым-қатынас жасамайтын адамдар тілі» дейді Махмұт Қашқари. Моңғолия қазақтарының тілі – ең бір таза сақталған тіл. Алайда басқа жұртпен араласып, қатынасқа түспеген тіл емес. Моңғолия қазақтарының тілі қазақ дипломатиясында, билер сотында, шаруашылық саласында, дін тармағында, астрономиясында, табиғат болжауда, өнерде, ауыз әдебиетінде, тұрмыс, отбасы тағы басқаларда еркін қолданылады. Әсіресе, ел билеушілері қазақ тілін аса ыспарлықпен пайдаланды. Жауласып шешетін істі, дауласып шешті. Олардың тіл қолданысы ел аузында шешендік сөз арқылы атадан балаға ұласты.(29,9б)

Моңғолия қазақтары тілі тарапындағы алғашқы еңбек С.Қабшай, Ә.Міністердің құрастыруымен 1954 жылы Ұланбатыр қаласында жарық көрген моңғолша-қазақша сөздік (10 мыңға жуық сөз қамтылған). Бұл көлемі мен қамтылған сөздерінің мәні жағынан ғылыми негізде жасалынбаған еді. Сол кездегі алға қойған мақсаттары тұрғысынан алғанда, оның маңызы зор болды.

Ал Б.Базылханның 30 мыңдай қазақ сөзін қамтыған «Қазақша-моңғолша» (1977 ж.), 40 мыңға жуық сөз енген «Моңғолша-қазақша» (1984 ж.) сөздіктері – ғылыми негізде жасалынған қомақты еңбек. Бұл сөздіктер моңғолтанушы, қазақтанушы және түрколог ғалымдар үшін де берері мол еңбек екені даусыз. Моңғол қазақтарының тілін зерттеудегі құнды еңбектердің бірі – Б.Базылханның «Моңғолиядағы қазақтардың тілі» атты монографиясы. Сонымен қатар Ж.Болатов, С.Оразалин, А.Мауқараұлы еңбектерінінің мәні зор.

Моңғолиядағы қазақ тілін зерттеген екінші ғалым – А.Ж.Үдербаев. Оның еңбегінің салмақтылығы ол – Моңғолия қазақтарының тілдік өзгешелігін моңғол тілінің жергілікті жерде үстемдік алып отыруымен, сонымен қатар, сөйленістегі ареалдық құбылыстардың ішінде Моңғолия қазақтарына тән белгілерді анықтады. Өйткені Моңғолия қазақтарының фонетикалық жүйесінде кездесетін ерекшеліктер бұған дейін тек сипаттама түрінде қаралғаны болмаса, арнайы зерттеу нысанына алынып, қазақ сөйленістерінің дыбыс жүйесімен, сондай-ақ қазақ әдеби тілімен салыстырылып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары жан-жақты талданбаған болатын.

Жергілікті этнос тілінің қалыптасып, дамуы, қазіргі жағдайы, сонымен қатар тілдің болашағын болжау сынды әлеуметтік зерттеулер қалыс қалып келді.(28,16б)

Моңғолия қазақтары тілінің ішкі құрылысындағы ерекшеліктер. Бұл бөлімде фонетика, морфология, синтаксистік ерекшеліктерге қатысты құбылыстар қарастырылды. Фонетикалық ерекшеліктер әр кезде тілші ғалымдар назарында болды. (Б.Базылхан, Ж.Болатов, А.Ж.Үдербаев). Жалпы алғанда, Баян-Өлгий сөйленісінде дауысты және дауыссыз дыбыстар қазіргі қазақ әдеби тіліндегі дыбыстармен түгелдей сәйкеседі, алайда кейбір ауытқу кездеседі. Мысалы, «е» дыбысы ғана сөздің барлық шенінде «э» түрінде айтылады: ен – эр, езу – эзу, ермек – эрмэк, екі – экі, ебелек – эбэлэк, кемелек – кемелек. Сондай-ақ қазақ тілінде «кірме сөздердің құрамында кездесетін в, х, ф, ц, щ дауыссыздары Баян-Өлгийде қазақтарының ауызекі сөйлеу тілінде, мәселен, «в»-ның «у» не «б»-ға, «х»-ның «қ»-ға, «ф»-ның «п»-ға, «ц»-ның «с»-ға, «щ»-ның «ч»-ға бейімделіп айтылуы байқалады». Жергілікті сөйленісте «фабрика – пабырика, «фонетика» - понетика, «физика» - пізика, «фирма» - перма, «футбол» - путбол, «философия» - пилосопиа, «фашист» - пашисті, «фантазия» - пантазиа, «файл» - пайыл, «факс» - пәкіс, «факт» - пәкті, «циркуль» - сиіркуіл, «цемент» - сементі, «цирк» - сиіркі, «цензура» - сензура, «цех» - секі, «центнер» - сентінер, «цифр» - сыйпыр, «вагон» - бағон, «вакуум» - бакум, «вальс» - бәліс, «валюта» - балибалиутә, «вектор» - бектір, «венгер» - бенгір, «тавар» - тауар, «завот» - зауыт, «хабар» - қабар, «хат» - қат, «халық» - қалық, «щетка» - чөткі, «щи» - чи, «ащы» - ашты т.б. түрінде айтылады. Моңғолияның ішкі өлкелеріндегі кейбір қазақтардың ауызекі сөйлеу тілінде қазақ тілінің әсері болды. Олардың дыбысталуында әдеби тілден ауытқушылық слзылыңқы а:, е:, о; т.с.с. түрінде болып келеді.

Баян-Өлгий сөйленісіндегі «сөздердің морфологиялық құрылысы да қазақтың біртұтас халықтық тілінің морфологиялық құрылысымен негізінде бірдей».

Баян-Өлгий сөйленісінде қазақ әдеби тілінің жұрнақтары мен жалғауларында өзгешеліктер кездеспейді. Жалпы Баян-Өлгий сөйленісінде байырғы сөйлеуге тән ерін үндестігі варианттары әсіресе егде адамдардың тілінде өткен ғасырдың 70-жылдарына дейін жақсы сақталғаны жөнінде Б.Базылхан баяндаған. Бірақ бұл көріністің әліде сақталып отырғаны байқалады. (Ұзұнұрақ – ұзынырақ, күйгөлөк – күйгелек, құттұ – құтты жер). Қазақ тілінің ерін үндестік варианттарын Қазақстанға кейінгі кезде қоныс аударған оралмандардың тілінен де байқауға болады. Моңғолия қазақтарының сөйлеу тілінде моңғол тілінен енген егістіктер көптеп ұшырасады. Баян-Өлгий сөйленісінде кірме сөздердің құранды етістікке негіз болуы өте жиі кезігеді. Моңғолия қазақтары тілінің морфологиясындағы көрсетілген жергілікті ерекшеліктер ауызекі сөйлеу тілінде еркін қолданыста болғанымен, қазақ әдеби тіліне кірікпеген.

Моңғолия қазақтары тілін зерттеген ғаоымдардың еңбектерінде жергілікті қазақтардың тілінің синтаксисі қарастырылмаған. Оның себеі аталмыш тілдің сөйлемдерінің байланысу тәсілдері мен байланысу түрлері, олардың (сөйлемдердің) арасына қойылған тыныс белгілері қазақ әдеби тілінің грамматикасымен бірдей болғандығында болса керек. Алайда Моңғолия қазақтары тілінің синтаксисінде жергілікті ерекшеліктер сөз тіркесінде кездеседі. Мысалы, дарғының жариісі – «бастықтың көлігі» деген сөз. Мұндағы кірме сөздер «дарғы» және «жариіс». Ал «-ның» ілік септігінің жалғауы, «-і» тәуелдік жалғауы, яғни матаса байланысып тұр. Кірме сөздер жіктік жалғауы арқылы қиыса байланысқа түседі. Мысалы, мен жолашымын; сен жолашысың; ол жолашы; (жолашы – «шофер»).

Қорыта келгенде,бұл аймақ зерттелген,және де зерттелу үстінде деуге болады,өйткені бұл аймаққа қатысты материалдар жеткілікті.Жоғарыда айтқандай зерттеушілер фонетикасына,лексикасына,грамматикасына аса көңіл бөлгендіктерін байқатады.

Қ о р ы т ы н д ы

Диплом жұмысымның қорытындысы ретінде мынаны айта кетуді жөн көрдім.Жалпы шетел қазақтарының тілі зерттеу жұмысы жүргізілген.Бірақ ол зерттеулер әлі де аздық етеді.Өйткені, жоғарыда өзім бөліп қарастырғандай жақын аймақтағы қазақтарды айтар болсам,мысалы:Ресей қазақтарының тіліне көңіл бөлінгенмен,тек лексикасын қамтыған.Ал,Тәжікстан қазақтарынан өзімнің ізденгенім бойынша тек Ж.Бейсембаева,Ф.Сағындықова атты зерттеушілердің еңбегін қарастырдым.Мұнда да,лексикасына,дыбыстық жағына қысқаша тоқталған.Түркменстан қазақтары жайлы сөз қозғасам

,онда ең біріншіден Т.Нұрмағамбетовтың еңбегін айту орынды.Бұл зерттеуші өзінің аталған еңбегінде бұл аймақтағы қазақтардың тілінің фонетикалық,лексикалық,грамматикалық жағына тоқталған.Бұл тек жақын аймақтағы қазақтар жайлы бірер сөз еді.

Ал,енді алыс аймақтағы қазақтарды тіліне келер болсам.Мысалы:Ауған-Иран қазақтарына келсем,мұнда менің байқауымша жеке-жеке зерттесе сонда дұрыс болады деген ойдамын.Негізі бұл аймақта әлі де зерттеуді қажет етеді.Сонымен қатар,Қытай қазақтарына келсем.Мұнда шығар қорытынды мынандай:Қазақ әдеби тілінің Қытай қазақтарында да жеке әдеби тілінің пайда болғандығында.Мұнан шығар қорытынды қазақ әдеби тілінің екеу болғандығында.Ал,келесі бір алыс аймақтағы шоғырланған Моңғол қазақтарына келсек,мұнда менің ізденгенім бойынша зерттеуші-ғалымдар жетерлік,өйткені біріншіден,Б.Базылхан,А.Үдербаев,Б.Бәмішұлының еңбектері жарық көрген.Жалпы шолу ретіндегі қорытындым осылай беруді жөн көрдім.Ал,жалпы шетел қазақтарын толғандыратын мәселеге тоқталар болсам.Ол төмендегідей баяндалмақ.

Бір ұлттың өз тіл-жазуының өлшемге, яғни белгілі бір нормаға, арнаға түскені бойынша қолдана алуы мен қолдана алмауы сол ұлттың мәдени өресін көрсететін, ар-намысына саятын келесі мәселесі. Сондықтан қазақ ұлтының да өз тілінің табиғатына сай ортақ тіл мәдениеті болуы керек.

Бүгінгі таңда социолингвистика, яғни әлеуметтік лингвистика – тіл білімі, әлеуметтану, әлеуметтік психология және этнография ғылымдарының тоғысқан жерінен дамитын, тілдің әлеуметтік табиғаты мен қоғамдық қызметін, әлеуметтік факторлардың тілге ықпал ету тетігін және қоғам өміріндегі тілдің атқаратын қызметін зерттейтін ғылым. Тіл саясатын – осы әлеуметтік лингвистика құзырындағы негізгі мәселелерінің бірі. Қазақ тіл білімінде ғылымның осы саласы кенже қалып отыр. Қазақ тілінің дамыту мен оның жолдары ғылыми тұрғыдан толық сарапталмаған.

Қазақтың қасиетті ана тілі де өзімен бірге белгілі дәрежеде отарланған немесе басқа елде жүріп шұбарланған тіл. Алдымен содан арылу керек. Қазіргі қолданып отырған әліпбилерден терминдерге, тіпті сөйлем құрауға дейін өзге тіл мен мәдениеттің ықпалы сезіледі. Яғни, Кеңес өкіметі тұсында халықаралық терминдер (дұрысы орыс тілі) қазақ тіліне келсін-келмесін дендей енді. Әліпби жүйеміз де, орфография да соған бейімделіп жасалды. Бұл Қазақстан арқылы шетелдегі қазақтардың тіліне де ықпал етпей қалмады. Жалпы, қазақ тілінің зерттелуі мен қолданысы оның өз табиғатына, мәртебесіне лайық болуы керек. Өзгеде бар екен деп бәрін де қабылдай беруге келмейді. Тілге жанашыр ғалымдарымыз соңғы кезде осындай пікірді көп айтып жүр. Өте дұрыс пікір. Тілімізге жаңа сөз, атауларды үздіксіз қабылдап отыратын болғандықтан, кірме сөздердің барлығын дұрыс қабылдап отыратын болғандықтан, кірме сөздердің барлығын дұрыс жазамыз деп, өзге тілдердегі дыбыстар мен әріп таңбаларды (мысалы: орыс тіліндегі я, ю, ц, щ, ь, ъ) қоса қабылдап, төл әліпбиіміздегі әріптердің санын көбейтіп отырудың қажеті жоқ. Мұндай жалпақ шешейлік дәл қазір тек қазақ тілінде ғана байқалады. Тіліміздің табиғатында жоқ жат дыбыс, таңбалар мен жасанды орфографикалық ережелердің кесірінен қазақ тілінің өзіндік табиғи ерекшеліктері еркін дамымай, тіліміздің айтылу нормасы мен жазылу емлесі арасында үлкен айырмашылық пайда болды. Бұлардың бәрі де қарапайым халықтың сауатты жазу қолдануын қиындатып жіберді. Сондықтан да шет тілдерден кірген терминдерді аударуға келмесе аудармай, өзге елдер сияқты тіліміздің дыбыстық заңдылығына бағындырып жазуымыз тиіс. Атау терминдерді болса өз тіліне аударып, болмаса мүлде бағындырып қолданатын жапон, корей, қытай, араб т.б. халықтар дәл осыған бола әлемдегі өркениеттен артта қалып отырған жоқ. Бұл жағынан басқа емес бәрін де өзіне бейімдеп жазып айтатын орыстардың өзі бізге үлгі. Және бір айтарымыз орыс тіліндегінің бәрі халықаралық өлшем, стандарт емес. Олар да басқалардан қабылдаған халықаралық терминдерді өз тіліне бейімдеп алған. Былай қарағанда, басқа ұлттар бәрін өзгеге бейімделумен келеміз. Орыстың әйгілі әдебиет сыншысы В.Г.Белинский: «Егер бір халық өзіне жат идеялар мен әдет-ғұрыптың ықпалына түсіп, оларды өз ұлтының ерекшелігіне райлас өзгертіп, игеріп, бойына сіңіруге күші жетпесе, онда ол халық саяси өмір сүре алмайды, өзіндік даралығы жоқ, қуыс кеуде адамдар қандай болса, ұлттық белгісі, бет-бюейнесі жоқ халық та сондай» - дейді.

Қазақ ұлты ұзақ тарихы, өзіндік дәстүрлі мәдениеті бар текті ұлт. Сондықтан ендігі жерде бұлай болуға қақысы жоқ. Ахмет Байтұрсынұлы сынды ұлылар салып Берген жол бар. Бізге тіл-жазу саласында қайтадан зор серпіліс керек.

Қазір информация заманы, басқаны айтпағанда дүниедегі жалпы қазақ халқына қажетті информация тікелей қазақ тілі арқылы жетеді. Қазақ тілі өзінің осы қызметін толықтай өтей алмай отыр. Әлемдік информация жүйесіне кіргенді қойыа бұл жағынан Қазақстан мемлекет ішінде де, жалпы қазақ халқы ішінде де ешқандай да талапқа сай емес. Сондықтан да қазақ халқының тіл-жазу мәселесі Қазақстан көлемінде ғана емес, әлемдік деңгейде дұрыс шешімін табуы қажет. Және оған Қазақстан Республикасы ұйтқы болуы тиіс. Жалпы қазақ ұлтында біртұтас тілдік дәстүр мен әдеби норманны қалыптастырып, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, дамытып, реттеу, оған сындарлы сипат беретін – алдымен сол тілдің негізгі иесі. Ол – Қазақстан. Оны ешкім де істеп бермейді. Тіл бірлігі – ұлт бірлігі. Сол үшін:

бірінші, латын жазуына негізделген және қазақ тілінің табиғатына сай жасалған, бүгінгі заманның талабынан шығатын дүние жүзі қазақтарының ортақ әліпбиін қолдану;

екінші, қазақ әдеби тілінде бір ғана орфографиялық ережені пайдалану;

үшінші, қазақ тіліндегі атау-терминдерді бір ізге түсіру;

төртінші, тілдік норманны сақтап, қазақ тілінің тазалығын, тұтастығын, бірлігін қорғау;

бесінші, қазақ тілі дыбыстарының халықаралық транскрипциясын жасау, интернеттік жүйені пайдаланып осы заманғы информация жүйесіне кіру, ортақ жеделхат шифрын белгілеу, т.б. жұмыстарды қолға алу арқылы қазақ тілінің жалпы қазақ ұлтына бірдей атқаруға тиісті норматифтік қызметін арттыру қажет. Ол үшін ең алдымен Қазақстанның өзінде мемлекеттік тіл – қазақ тіліне ерекше қолдау көрсетілуі тиіс. Сонымен қатар өзге елдерде тұратын қазақтардың да жағдайы ескерілуі қажет. Бұл қазақ мемлекетінің болашағына қатысты зор іс. Сондықтан Қазақстан Республикасындағы осындай жұмыстарға қатысы бар барлық құзырлы мекемелер мен зерттеу орындары бірлесіп, дүние жүзіндегі қазақ ұлты шоғырлы қоныстанған Қытай, Ресей, Өзбекстан, Түркіменстан, Моңғолия, Түркия т.б. нлднрімен мемлекетара келісе отырып және халықаралық ұйымдардың қатысуымен әлемдік деңгейде қазақ тілі мен жазуының бүгінгі хал-күйі және алдағы даму болашағы туралы халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылып, тиісті шаралар қолданылу қажет.

Жоғарыдағы жұмыстарды атқару үшін мынадай ұсыныстарды (Қайрат Ғ. 55б.) айтқымыз келеді:



1. Қазақ радиосы мен теледидарын шет елдегі, әсіресе ана тілі ұмытылып бара жатқан елдердегі қазақтардың толық тыңдап, көруіне мүмкіндік жасау.

2 Қазақ тіліндегі басылымдарға қай жерде, қай елде болса да еркін жазылып пайдалануға қол жеткізу.

3. Мүмкіндік болса болашақта әліпби оқулығын дүнгие жүзі бойынша бір ғана өлшеммен басып шығарып, таратып оқыту.

4. Ана тіліміз құруға бет алған Ресей сияқты елдерде қазақ тілінде оқытатын мектептерді ашуға ықпал ету, көмектесу, оларға кадр жағынан, оқулық жағынан қол ұшын беру.

5. Тіл институты сияқты ғылыми-зерттеу орындарының жанынан орталық ашып, оған шетелден келген білікті мамандарды жұмысқа тартып, зерттеу жұмысына алып бару. Сол арқылы алдағы істелер жұмыстардың ғылыми негізін жасау. Қазақ тілінің шетелдердегі сақталып отырған тілдік қорын, мұраларымызды толық пайдалану.

6. «Ана тілі» атты халықаралық ғылыми басылым, яғни журнал шығару, осы арқылы ана тіліміздің әр елдегі қолданысын бақылап, реттеп қазақ тілінің бірлігін, тұтастығын қамтамасыз етуге ықпал жасау.

7. шетелде тұратын қазақтардың тілін зерттеу, олардың ана тілін сақтап қалуына көмектесу үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама жасау. осылар арқылы ана тіліміздің шекараға бола өз арасынан адасып, ауытқуының алдын алу қажет.

Жалпы жоғарыда, зерттеген дүниелерімнің қорытындысы ретінде мынаны есте сақтау керек.

Дүние жүзінде бір ғана қазақ тілі бар, ол тіл тек Қазақстанда ғана мемлекеттік тіл мәртебесіне ие. Тіл ұлттың – жаны, рухани байлығы, тамыры, өркені. Ұлттың ұлт болып алғаш қалыптасуы да, бірте-бірте өркендеп, әлемге әйгілі, кемелді болуы да, керісінше, заман ағымына ілесе алмай біртіндеп жойылып, өзге ұлтқа сіңісіп кетуі де ең алдымен тілге қатысты екені даусыз шындық. Демек тіл – тарихымыздың айнасы, тілдің қадір-қасиеті жөнінде, оның ұлттық салт-дәстүр, діл, т.б. жөнінде ұстайтын орнына арнайы тоқталмаымын. Бұл көп айтылып та, жазылып та, үгіттеліп те келеді.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

1 С.Мұстафаұлы Қытай қазақтары тілінің тұрақты тіркестеріндегі жергілікті ерекшеліктер авторефетат-А,2002.-26б.

2 Н.Назарбаев «2030 жылғы стратегиясы» -А,2001.-56б

3 «Шетелдегі қазақ диаспорасы және Ана тілді сақтау мәселелері»,-А,2000.-144б

4 А.Байтұрсынов «Тіл тағылымы»-А,1962.-102б

5 «Қазақ диаспорасының бүгіні және ертеңі»-А,2004.-160б

6 Ф.Сағындықова «Тәжікстандағы қазақтар тіліндегі кейбір ерекшеліктер»-А,1990.15-29б

7 Т.Айдаров «Қазақ тілінің лексикалық ерекшеліктері»-А,1975.-123б

8 Ю.Абдувалиев «Фонетико-морфологические особенности Ташкентского говора казахского языка»,автореферат-1967.-36стр.

9 О.Қошабаева «Өзбекстандағы қазақтар»,автореферат-А,1994.26б

10 Т.Айдаров «Өзбекстанда тұратын қазақтардың тіліндегі жергілікті ерекшеліктер туралы»,Қазақ ССР Ғылым академиясының хабаршысы,1967 №1(74-75б)

11 М.Қашқари. Диуани луғат-ат түрік- 1961.2т.-189-198б

12 Материалы к историко-этнографическому атласу средней Азии и Казахстана.-М.-Л.- 1961. -33стр

13 Т.Нұрмағанбетов. Түркменстандағы қазақтардың тілі.-А,1974.-230б

14 Очерки из истории туркменского народа и Туркменистана в YІІІ-ХІв.в Ашхабад.-1954.-252-262стр

15 І.Кеңесбаев,Ғ.Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі.- А,1962.-235б

16 Г.Калиев. Некоторые особенности Аральского говара казахского языка,канд.дисс.-А,1954.-27стр

17 Ж.Досқараев. Байғанин ауданында тұратын қазақтардың тіліндегі фонетикалық ерекшеліктер. Жинақ: Қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясының мәселелері. 2-шығуы,-А,1960.-230б

18 Б.Бекетов. Қарақалпақ қазақтарының тілі.-А,1992.-251б

19 П.М.Мелиоранский. Краткая грамматика казак-киргизского языка. Ч.1спб.,-1897.-71стр

20 Ә.Құрышжанов. Қарақалпақ АССР-ында тұратын қазақтардың тіліндегі кейбір ерекшеліктер. Жинақ: Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері. 5шығуы.-А,1963.-147б

21 Ж.Досқараев және Ғ.Мусабаев. Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері.А,Қаз.ССР Ғылым Академиясының баспасы,-1951

22





Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет