2 – 5 1 – тарау Жақын шетелдік қазақтар тілінің зерттелуі


Үй-жай, құрылысқа байланысты сөздер



бет2/6
Дата26.08.2017
өлшемі1,15 Mb.
#28487
1   2   3   4   5   6

Үй-жай, құрылысқа байланысты сөздер: Ас сарай (шошала; астық, тамақ қоятын үй), стена // қабырға (үй қабырғасы), арқалық // бел ағаш (үйдің мәскесі), тас (кірпіш), қызыл тас (күйген кірпіш), саздан жасалған тас (шикі кірпіш), ақ балшық // ақ бор (ізвес), ілгіш (есіктің ілгегі), қазақ пеш (түтіндігі көлденең келген пеш түрі), орыс пеш (түтіндігі тік жүретін түрі), тұрба // мүрже (мұржа, түтіндік), қармақ кілт (ілгек; біздің үйдің сыртында ішінде қармақ бар ғой), лапас (жан-жағы ашық, үсті жабық далда).

Көрпе-жастық, төсек-орын, алашаға байланысты сөздер: теру алаша (ұзатқан қызға арнап тоқылатын алаша: қыз ұзатқанда көзімдей көрсін деп бір теру алаша жасап береді), қақпа алаша (жүні боялмаған, бір түсті жіптен жасалған, жай жүннен жасалған алаша), терме алаша (әр түрлі, түсті жіптен бедерлі ою салып жасаған алаша), алма теру (алманың суретін, жапырағын салып теру); көз теру / кілем бояуларына салынатын өрнек, өрнегі бірінің ішінен бірі шығып түскен түрі), төсекше // жайма (төсейтін көрпе), жамылғы көрпе (жамылатын көрпе), жабын (перде: терезе жабын, есік жабын), жастық (екі адамдық жастық), көпшік (бір кісілік жастық).

Киім-кешек, мата атауларына байланысты сөздер: желек (жас келін бүркенетін шашақты қызыл шарқат, орамал), кәзекей // көкірекше (расына жүн салмай тіккен кеуде киім), кеудеше (арасына жүн салып тіккен кеуде киім), жадағай (астарланған жұқа мол бешпет: жадағай – осы күнгі плащ тәрізді), тер орамал (мұрын сүртетін орамал), деңбіт (күміс белдік), белбеу (әрі теріден, әрі шүберектен жасалған белдік).

Ыдыс-аяқ және үй бұйымдарына байланысты сөздер: самар (қымыз құятын табақ), сорпа кесе (үлкен кесе), жайдақ шам (лампасыз шам), шөлмек (бутылка).

Тағам атауларына байланысты сөздер: секер (ірі қант), уақ песок (ұсақ қант), піскен қаймақ (піскен сүт беті); т.б.

Әдет-ғұрыпқа, ойын атауларына байланысты сөздер: тентек кәде (келін алуға барған кезде берілетін кәде: тентек кәде беру қыз аулында болады. Жігіт жағынан барған құдалар қыз аулына барған кезде, біраз отырған соң екі-үш кісі айқайлап келеді. Сонда берілетін кәде), балдақ жасыру (сақина жасыру ойыны) т.б.

Астрахань, Волгоград қазақтары тілінде ұшырайтын біраз сөздер бүкіл батыс диалектіге тән болғанымен, Маңғыстау, Ақтөбе, Орынбор қазақтары тілімен салыстырғанда өзгешеліктері де бар.

Ал, К.Құрманәлиев «Омбы облысының Называевск, Есілкөл аудандарында тұратын қазақтардың тіліндегі кейбір лексикалық ерекшеліктер» (22, 203-207 б.) атты мақаласы бойынша біраз сөз қозғасам. Бұл еңбек Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл білімі институтының тарапынан 1988 жылы (қазан) айында Омбы облысында тұратын қазақтардың тіліндегі ерекшеліктерді жинау мақсатымен экспедиция ұйымдастырылған екен.

Бұл мақала осы облыстың Называевск және Есілкөл аудандарындағы қазақтардың тіл ерекшеліктері бойынша жиналған материалдар негізінде жазылған.

Этникалық құрамына назар аударатын болсақ, Называевск ауданындағы қазақтардың бәрі дерлік керейлер. Ал, Есілкөл ауданында, керей, уақ, қарауыл рулары бар. Тіл жағынан келгенде, бұл рулардың бір-бірінен айтарлықтай айырмашылығы байқалмайды.

Жергілікті халық тілінде кездесетін ерекшеліктердің көбі – лексикалық ерекшеліктер. Фонетикалық және грамматикалық ерекшеліктер де азды-көпті кездесіп отырады. Мысалы, фонетикалық ерекшеліктерден төмендегі дыбыс алмасуларын көрсетуге болады. с/ш: мәші-мәсі. Тоқтай тұр, мәшімді киіп алайын; л/д: сіңді-сіңлі. Менің бір сіңдім Омбыда института оқиды; д/т: дағдыр – тағдыр. Е, балам, оның бәрі дағдырдың ісі ғой; ү/ө: шөберек – шүберек. Шөберекті әкелген жоқсыңдар ма?; і/ы: шылдахана-шілдехана. Ертең Мұқанның үйінде шылдахана болады; д/м: жұмырдық-жұдырық.



Тамақ атауларына байланысты сөздер: бүкпе-қарынға салып қатырып қойған ет. Іркіт – ашыған айран. Іркітті ішуге болмайды; Шалап – су қосылған айран. Шалапты шөлдегенде ішкен жақсы.

Ыдыс-аяқ және үй бұйымдарына байланысты сөздер: ши + (құрт жаю үшін және мал сойғанда ет астына салу үшін шыбықтан тоқылып жасалған төрт бұрышты нәрсе). Піспе шелек (ағаш шелек). Қазір ондай піспе шелектер тым аз ғой.

Үй шаруашылығына байланысты сөздер: белдік (есіктің тақтайларын ұстап тұратын көлденең шегелеген ағаш). Шыны (терезенің әйнегі). Терезенің шынысы сынып қалыпты.

Киім-кешекке байланысты сөздер: қыл-қыбыр (драптан жұқарақ мата). Сүзгі (марля, дәке). Кейбір ауылдарда ақтық, ақырет сөздері «марля» мағынасында қолданылады.

Әдет-ғұрыптарға байланысты сөздер: аромытқа (малды сойған ер кісіге ақысы есебінде берілетін ет);

Жоғарыдағы жиналған материалдарға қарағанда, жергілікті халық тіліне орыс тілінің әсері күшті екендігі байқалады. Тұрғындарының басым көпшілігі орыстар болып, олармен күнделікті тіршілікте араласып тұратындықтан, халық тілінде орыс сөздері өте көп кездеседі. Орыс сөздері жергілікті халық тілінің сөйлеу нормасына лайықталып айтылады. Мысалы, арбыз – ор. – арбуз; помыш – ор. – помощь; істене – ор. – стена.

Бірақ, бұл аталған еңбектерден ұғатынымыз, зерттеушілеріміздің жұмыстарынан бір байқалатын құбылыс ол – тіл білімінің тек бір саласын ғана қарастырғандығында. Ол – лексикалық яғни, бізге белгілі болғандай, Ресей қазақтарының тілінің әлі де болса зерттелмей тұрған, қыр-сыры жетерлік екендігі.

1.3. Тәжікстан қазақтары тілінің

зерттелуі
Тәжік жерінде тұратын қазақтардың тілі жөніндегі мәлімет күні бүгінге дейін тым тапшы. Қазақ ССР Ғылым академиясының диалектологиялық экспедициясының бұл өлкеде тұңғыш болуы – 1974 жыл. Колхозабадта өткен халық санағының дерегіне қарағанда, онда екі мыңға жуық, Вахшта мың жарымға жуық қазақ бар. қазақтардың бұл өңірге орналасуындағы бір ерекшелік, олар бытыраңды түрде емес, ауыл-ауыл болып, совхоз орталықтарында, совхоз бөлімшелерінде шоғыр, жинақы орналасқан. Мәселен, Вахш ауданының «Москва» совхозында, Колхозабадтың өз басында халықтың көпшілігі қазақ екен. Осылайша шоғырланып орналасқан себепті олардың тілінің негізгі структуралық белгілері көп заман бойы өзге тілдік қоршауда болуына қарамастан, әлі күнге бағзы қалпында жақсы сақталған. Жергілікті қазақтардың тілінің дыбыстық жүйесін, грамматикалық құбылысын, сөз байлығын – бұлардың қай-қайсысын алсақ та, олардың бойында қазақ тіліне жалпы ортақ белгілердің мол екені айқын сезіледі. Дегенмен, бұл жердегі қазақтардың недәуір ықпал жасағанын мойындамасқа болмайды.

Бір халық пен екінші бір халықтың арасында болатын тарихи, мәдени, әлеуметтік, экономикалық байланыстың халық тілінде де өз ізін, өз табын қалдырары даусыз. Әрі оның үстіне қазіргі уақытта бұл жердегі қазақ балаларының ана тілінде оқымай, өзбек тілінде оқитынын ескерсек, жағдайдың бұлай болуын түсіну қиын емес. Аталған аудандардың қай-қайсын алсақ та, ондағы қазақ тұрғындары балаларының бар-баршасы өзбек мектептерінде оқитынын көреміз. Мұның былай болуы қазақтардың қоныс жағдайына байланысты: мұндағы қазақтардың барлығы ағайын халық - өзбек жұртымен жақын-жуық орналасқан. Вахш, Колхозабад, Қорғантөбе аудандары халқының көпшілігі - өзбектер. Қазақтардың отырған қоныстарындағы мектептердің бәрі - өзбек мектебі. Аталған аудандардың бәрінде де 50-60 жылдарға дейін қазақ мектептері болған. Кейінгі жылдардағы аудандастыру, жаңадан совхоздар ашумен байланысты жергілікті халықтың көпшілігі өзбектер болғандықтан, ол мектептердің бәрі өзбек мектебімен біріктіріліп, кейін олар өзбек мектептерінің құрамына енген. Қазір сабақ, оқу жұмысы өзбек тілінде жүргізіледі. Сондықтан да кейінгі буын – қазақ жастарының тілі өзбек тілінің әсеріне молырақ ұшыраған. Ал аға буын, жас шамасы елу-алпысты төңіректеген қазақ өкілдерінің тілін алсақ, олардың тілінде өзбек элементінің азырақ екенін жоғарыда айттық. Ел аузынан жинаған деректерге қарағанда, қазақтардың осы қонысқа ірге тебуі – 20-30 жылдардың төңірегі.

Қорғантөбе ауданының өз табаны – ежелден өзбек жұртының қонысы. Мұндағы өзбектердің көпшілігі – қыпшақтар. Олардың арасында өзбектердің қатаған, таз руларына жататындары да бар. Вахш ауданында да недәуір өзбектер бар. Өзбектердің көпшілігі Вахш, Колхозабад аудандарында өлкенің негізгі тұрғындары тәжіктермен аралас орналасқан. Әр тілде сөйлейтін халықтың бір қоныстың ауқымында осылайша аралас-құралас отыруы олардың әдет-ғұрпында, тұрмысында, мәдени өмірінде, соның ішінде тілінде едәуір ортақ белгілердің пайда болуына себеп болған.

Әңгіме болып отырған өлке қазақтарының тілінде кездесетін жергілікті халық тіліне тән тілдік белгілерді, негізінен алғанда, үш салаға бөлуге болады. Осы салалардың басты біреуі – жергілікті халық тілінің дыбыстық жүйесі. Сол тәрізді, тілдің грамматикалық құрылысына қатысты жергілікті халық тіліне тән құбылыстар да бұл өлкеде аз емес. Сонымен қатар халық тілінің сөз байлығын, сөйлеу машығын бейнелейтін ерекше тұрған өзіндік белгілері де бұл жердегі халықтың тілінде біраз бар екенін байқадық. Осы аталған белгілердің ішінен тілдің дыбыс жүйесіне тән төмендегі ерекшеліктерді көрсетуге болады.

Ұяң п мен қатаң б дауысыздарының алмасуына көңіл бөлінген.Тәжікстан республика-сында тұратын қазақтардың тілінен дерек жинаған 1974 жылы барған экспедицияның, сондай-ақ 1976 жылы барған экспедицияның материалдарының ішінде көбірек көзге шалнатын дыбыстық ерекшеліктердің бір тобы – осы п/б дауысыздарының алмасуына байланысты. Алмасудың осы түріне байланысты жазылып алынған деректерге қарағанда, бұл өңірде тұратын қазақтардың тілінде сөздің бас позициясында көбіне-көп көпшілік қазақ говорларындағы ұяң б орнына қатаң дауыссыз п қолданатындығы көрінеді: пүтүн (бүтін), пітіріп (бітіріп), пұтұ (бұты), пал (бал), пітісіпті (бітісіпті), пітіру (бітіру), полат (болат), песін (бесін), пайлайды (байлайды), пәтия (батия), пата (бата), пал ашты (бал ашты) пәкі (бәкі), палуан (балуан), пешене (бешенее). Сөз басының п дауыссызына байланысты қатаң айтылуы – қазақ говорларында көптен байқалып келе жатқан құбылыс. Бұған дейін қағаз бетіне түсірілген диалектологиялық жазбалар мен зерттеулердің мәліметіне сүйенсек, бұл секілді фонетикалық құбылыстың жиірек байқалатын жері – қазақ халқы тараған өңірдің оңтүстігі. Бірқатар зерттеушілердің пікіріне қарағанда, сөздің басқы шебінде қатаң дауыссыз п-ның қолданылуы көршілес халықтардың тілдік ықпалына байланысты. Бұлай болатыны, түркі текті тілдердің жалпы дыбыстық жүйесі тұрғысынан алып қарайтын болсақ, қазақ тілі сөз басында ұяң б дыбысын молырақ қолданатын тілдер қатарында екені белгілі. Ал оңтүстік өлкеде тұратын қазақтардың ежелден бірге өсіп, біте қайнасқан көршілестері – туысқан өзбек, қарақалпақ, түрікпен халықтарының тілін алатын болсақ, олардың тілінде сөз басында жұмсалуы некен-саяқ. Бұл құбылысты өзге тілдік ықпал нәтижесінде қалыптасқан құбылыс деп айтуымызға дәлел боларлық тағы бір жағдай бар. Ол: осы оңтүстіктен жазылып алынған барлық сөздердің басында да қазақ жерінің өзге өңірінде (Қазақстанның батысы, солтүстігі, шығысы) п-ның орнына үнемі ұяң б дауысызының айтылуы. Оның үстіне, осындағы бас позициясында п қолданылатын осындай қатаң дауыссыздан басталатын варианты жаңағы көршілес тілдерден табуымыз. Біздің дерегіміз Тәжікстандағы өзбек арасындағы қазақтардан жиналғандықтан, біз осы деректердің бір тобын өзбек тілінің, соның ішінде өзбектің халық диалектілерінің дерегімен салыстырып көрелік.

Әңгіме болып отырған Өзбек Қазақ тілінің батыс, солтүстік

қазақтардың тілінде тілінде шығыс говорларында

полат пулат болат

пал аш фол оч бал аш

пәтия//пата фотиха бата

палуан пахлавон балуан

пешене пешана бешене


Жоғарыда келтірілген салыстырма мысалдардан аңғаратынымыз – Тәжікстан жерінде тұратын қазақтардың тіліндегі аталған сөздердің анлаутындағы қатаңдықтың өзбек тілінің мәліметімен сәйкесуі. Әрі ол сөздердің анлаутының басқа қазақ говорларында ұяң айтылуы. Демек, бұл оңтүстік говорына да тән қасиет сияқты. Жаңағы жоғарыда көрсетілген деректер бойынша батыс, солтүстік-шығыс өлкенің тұрғындарының бұл сөздердің құрамында б қолданатыны бұрыннан айтылып келе жатыр. Оңтүстік-шығыста палуан Шолақ десе, солтүстік-батысты Балуан Шолақ дейді. Мысалы, Біржан сал, Ақан, Әсет, Палуан Шолақ, Солардың жолын қудың, әнін салып (шашубай ақын). Егерде намаз, палуан, пасық шықса, Олардан ыбырат алып жұрт не білмек (Майлы). Бір сөзге тиянақты болмай палуан, Имендің де ізденген өнерпаздан (К.Әзірбаев). Жауырыны қақпақтай, балуан жігіт Бұланбай (Ғ.Мүсірепов). Пейілі жаман адамның іздегені дау болат (Қарақалпақ қазақтары). Біздіңше, осы сөздерге қатысты аталған фонетикалық құбылыстың өзбек тілінің әсері нәтижесінде пайда болған құбылыс екенін аңғару үшін осы мысалдардың өзі де жеткілікті сияқты. Түркі текті тілдердің жалпы фонетикалық жүйесінде сөз басындағы п, б дауыссыздарының бірінің орнына бірі қолданылатын дыбыстар екені қашаннан мәлім. Сөз басында қатаң п-ны қолдану түркі тілдері ішінде көбінесе чуваш, хакас, алтай, шор, тува тілдеріне тән. Ал қазақ, қырғыз тілдері болса, бұлар сөз басында ұяң б қолданатын тілдер қатарында. Осы дыбыстық құбылысты аралас қолданатын түркі тілдері де бар. Соның бірі - өзбек, қарақалпақ, түрікпен тілдері десек болады. Бұл құбылысты сөздің басында біз зерттеген өлкенің қазағының тілінен кездестіруімізді өзбек тілінің ықпалы деп топшылауымызда осындай мән бар.

Осы өңірге кең тараған фонетикалық құбылыстардың бірі деп с мен ш дауыссыздарының алмасуын атауға болады. Түркі тілдерінің дыбыс құрылысында кең тараған фонетикалық белгілердің біреуі осы құбылысқа байланысты. Осы дыбыстардың алмасуына қарай барша түркі тілдерін екі фонетикалық жүйеге ажыратуға болар еді. Олардың біреуін с дыбысын қолданатын тілдер, екіншісін ш дыбысын қолданатын тілдер десек болады. Орта Азиялық лингвистикалық региондағы тілдерді алатын болсақ, қазақ тілі мен қарақалпақ тілінен басқа тілдердің бәрі де ш-ны көбірек қолданатын тілдер қатарына жатады. Мәселен, қырғыз, өзбек, түрікпен тілдерін алатын болсақ, қазақтағы бас, тас тәрізді сөздердің осы тілдерде баш, таш секілді формада айтылатынын білеміз. Ал қарақалпақ тілі болса, бұл сөздердің қазақтағыдай бас, тас болып с-мен айтылатыны және белгілі. Осыған қарағанда, Тәжікстанның ішкі қоныстарындағы қазақ говорындағы с орнына ш-ның қолданылуын өзбек тілінің әсерімен байланысты туған құбылыс деп тануға болады. Оның бер жағында біздің қолымыздағы дыбыс алмасуының осы түріне байланысты деректердің бәрі өзбек тілінің материалымен үйлесім табады. Мысалы, шорпа, (сорпа), өзбекшесі шурва, шерт (серт), өзбекшесі шерт, шерік (серік), өзбекшесі шерик, ашпаз (аспаз), өзбекшесі ошпаз, іш (іс), өзбекшесі иш, піш (піс), өзбекшесі пишир (пісір), тышқары (тысқары), өзбекшесі ташқари (6, 101-102 б.).

Жиналған деректердің ішінде көңіл аударарлық дыбыстық құбылыстардың бір түрі - ә (а) мен е дауыстыларының алмасуы. Дауыстылардың осы тобын қолдануда да түркі тілдерінде белгілі заңдылық бар. Біздің мәлімет жинаған жерімізде бірқатар сөздердің құрамындағы е дыбысының орнына көп ретте ә, а дауыстыларының қолданылатыны байқалады. Мысалы, әсәл (әсел), Зәйнолла (Зейнолла), дәреу (дереу), күллә-күләә (күле-күле), бір мәртә (бір мәрте), кәу-кәулеп (кеу-кеулеп), бірән-сәрән (ьірен-саран), мәктәп (мектеп), мәйлі (мейлі). Қазақ тілінің дыбыс жүйесіне келсек, түркі тілдерінің ішінде ә дыбысын ең сирек қолданатын тілдердің бірі біздің тіліміз екені мәлім. Қазақ тілінде өзге түркі тілдерінде ә қолданылатын жерде үнемі е дыбысы қолданылатыны белгілі.

Жоғарыда келтірілген деректер, әрине, осы өлкенің қазағының тілдеріндегі барлық фонетикалық құбылыстарды қамтымайды. Бірақ сонда да болса, осы мәліметтердің өзінен-ақ тұрғындар тілінің фонетикалық жағынан қазақ тілінің оңтүстік говорларымен ұқсастығы бары аңғарылады. Осы жағынан алғанда, тәжік жерінде тұратын қазақтардың тілін оңтүстік говорларымыздың бір бұтағы деуімізге болады. Дегенмен, бұл мұндағы қазақтардың тілінің өзіндік ерекшелігі жоқ деген сөз емес. Сонымен, бұл аймақтағы қазақтардың тілінің ерекшелігіне көңіл бөлген ғалымдар Сағындықова Ф., Бисембаева Ж. еді. Оның өзі бұл аймақтарғы қазақтардың тілінің тек дыбыстық және де кейбір лексикалық жағына көңіл бөлгенін байқатады. Сондықтан да,бұл аймақты әлі де зерттеуді қажет деп көремін.


1.4. Өзбекстан қазақтары тілінің

зерттелуі жайы
«Өзбекстандағы қазақтардың тіл ерекшелігін зерттеу үстіміздегі ғасырдың 50-жылдарының соңында ғана басталды» дейді Т.Айдаров өзінің «Қазақ тілінің лексикалық ерекшеліктері» атты еңбегінде (7, 8 б.)

Сондықтанда болар бұл диалектілік аймақ түгелдей жан-жақты талдауға түспеген.

ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың бірінші ширегінде қазақ фольклорын жинап бастыруда үлкен еңбек сіңірген А.А.Диваев Ташкент төңірегіндегі қазақтардың ауыз әдебиет үлгілерін басқа территориядағы қазақтар фольклорымен қоса зерттеп, жариялаған. Ал оның жергілікті варианттарына және олардың тіліндегі ерекшеліктеріне ешкім көңіл бөлмеген болуы керек. Т.Айдаров 1967 ж. Тамды ауданы қазақтарының тіл ерекшеліктеріне арналған диссертация жазады. «Бұл Бұхара облысының тамды тұрғындарына этникалық түбірі, территориясы, тілі, әдет-ғұрпы жақтарынан жақын Кенимех, Ромитан аудандары қазақтарымен байланысты алынбады. Тіл ерекшеліктері салыстырмады. Ондағы мал шаруашылығынан тыс егіншілік, бау-бақшалық сияқты кәсіптерге байланысты сөздер жиналмады. Сол жылы Ташкент облысы қазақтары тіл ерекшелігінің фонетикалық – морфологиялық жағын қамтитын диссертация қорғалды» - дейді Т.Айдаров (8, 120 б.)

Мұнда өзбек тілінің әсері деп танылған жергілікті қазақ говорын үш дәуірге және территорияға бөліп қарау, ерекшеліктерді өзбек тілінің әсерінен іздеу сияқты жорамалдары болмаса, қазақтардың Ташкент облысы территориясын мекендеуі, олардың этникалық құрамы жағынан дерек беретін едәуір материалда ұсынылды. Бұл зерттеу тақырыбына сай ерекшеліктің фонетикалық және морфологиялық жақтарын сөз етумен шектелді де, лексика азын-аулақ мөлшерде ғана сөз болды.

Мұнан соң Ташкент облысы қазақтарының ауызекі тіліне арналған бір мақала жарық көреді.

Мұнда фонетикалық, морфологиялық ерекшеліктермен бірге лексикалық жағы да жалпылама сөз болған. Онда өзбек тілінің әсері баса айтылып, тәжік элементтері де қазақ тіліне өзбек тілі арқылы ауысқан деп қаралды. 1973 ж. Ташкент оазисі қазақтарының ауыз әдебиетінде негізделген диссертация қорғалады.(24,18б)

Кірме халықтың ру тайпалық құрамына, дәуіріне жалпылама сипаттама беріледі. Фольклорлық материалдар ішінен кейбір айтыстардың жылы айтысқа қатысушылардың руы, кәсібі дәл көрсетілді.

«1951 жылы жарық көрген Ж.Досқараевтың Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Шымкент) облысынан жинаған кейбір материалдарының біздің объектімізге де қатысы бар. Бірақ олар өте шағын. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстанның тілінде кездесетін бардағын, быратала, айтқантіттә формаларына арналған мақала да басылған. Бұл формалардың этимологиялық жақтары біршама дұрыс шешілген» - дейді Т.Айдаров (7, 10-11 б.) Қазақ тілінің лексикалық ерекшеліктері.1

1994 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Қошабаева Б. «Өзбекстандағы қазақтар» атты диссертация қорғалады. Онда негізгі мәселе қазақтардың шоғырланған мекені Өзбекстанның Солтүстік шығыс бөлігін алған. Себебі, Өзбекстанда шашырап жүрген 930 мыңдай қазақтың 400 мыңға жуығы біз зерттеп отырған аймақта ата қонысын сақтап отыр. Өз ата қонысында отырған Өзбекстанның солтүстік шығыс бөлігіндегі қазақтардың тұрмыс салтының сақталуы мен өзгешеліктерін көрсету үшін жұмыстың хронологиялық шеңберін ХІХ ғ. аяғынан қазіргі кезеңге дейін алып келдік. Себебі, ХІХ ғ. ІІ жартысынан бастап патшалық Ресейдің әкімшілік территориялық жағынан басқару нәтижесінде бөлген уездік, болыстық, ауылдық бөліністер мен Кеңес дәуірі кезінде шекара межелеуге байланысты аймақтың этникалық құрамы өзгеріске ұшырады. Қазақтар өзінің түркі территориясынан бөлініп, өздерінен басым бөгде этникалық ортаның қойнауына кіріп, Өзбекстан Республикасы халқының құрамына құрады. Міне осы кезеңдерден бастап, Өзбекстандағы қазақтардың тұрмысы мен мәдениетінде басқа ортаның әсерімен болған өзгерістер көбейе түскен» - дейді Қошабаева жоғарыда аталған еңбекте (9, 5-6 б.)

Әрбір жергілікті тіл өз қолданушысының айғағы болып, оның ерекшелігі мен географиялық орнынан, әдет-ғұрпы мен кәсібінен, көрші тіл элементтерінен дерек береді. Сөйтіп жергілікті ерекшелік жалпы халықтық тіл құрамына қосылумен бірге, өз территориясына ғана лайықты элементтерімен көрініп отырады. Бұл элементтер жалпы халықтық тілдің тарихына, әдеби нормасына зор үлес қосады. «Егер жергілікті тілдің тіл тарихын жасау мен халық тарихын ашудың орны және әдеби тілге тірек диалектілік негізі болатынын ескерсек, мұнда ең қажетті материал жатқанына күмәндануға болмас. Өзбекстандағы қазақтардың да сөз ерекшелігін осы тұрғыдан әңгіме ету жөн» - дейді, Т.Айдаров, ол үшін мынадай мәселені негізге алу қажеттігін көрсетеді.

1) Жергілікті ерекшелік иелерінің географиялық орны.

2) Объектінің зерттелу жайы.

3) Говорлар иелерінің этникалық құрамы мен территориялары.

4) Өзбекстандағы қазақ говорларының саны (лексикалық, фонетикалық,

грамматикалық ерекшеліктері мен жалпы ортақ белгілері.

Өзбекстан территориясын мекендейтін қазақтардың этникалық құрамы, географиялық орны, айналысатын кәсібі, саяси-экономикалық бірлігі, көрші тілдер (не говорлар) әсері мен тілдік материалының лексикалық, фонетикалық және грамматикалық ерекшеліктеріне қарап, оларды екі говорға бөлуге болады.

«Говорлар материалына халықтың этникалық құрамы негіз болмаса да, бірлі-жарым сөздер, ру-тайпалардың аттары (оларға байланысты географиялық атаулар) сияқтылар әсер етуі мүмкін. Бұхара қазақтарының құрамында қарақалпақ, Кашмех ауданында кейін қосылған кейбір Ұлы жүз, Орта жүз өкілдері бола тұрса да, жалпы алғанда, Кіші жүздің Әлімұлы, Байұлы, жетіру тайпаларынан Қызылқұм территориясына татарған қазақтар тұрады. Әрине, бұлардың тілінде де тайпалық тіл элементтері аз. Онда қарақалпақ, тәжік, өзбек, түрікмен тілдері элементтеріне арнаған «бидайық» (шөп, қапы «есік», ашақ аттың жабуы түспеу үшін жабылатын темір ер», мәрі «саулық қой», дүрін «шала туған қозы», шұлық «шопанның жәрдемшісі», Боқантау (тау аты), шобдар (ру аты) секілді сөздерді жатқызуға болады» (9, 7-28 б.)

Сол секілді Өзбекстандағы қазақтардың бірқатар сөздерді дыбыстық жағынан қазақ әдеби тіліндегіден басқаша қолданады. Мәселен, әдеби тіліміздегі саппаншы, мүлтіксіз, күмілжу, аспан деген сөздерді олар сақманшы, мүлдіксіз, гүмілжу, асман деген дыбыстық вариантта қолданады. Мұндай айырмашылықтан «өзбек қазақтары тілінің грамматикалық жүйесінде де жоқ емес. Қазақ әдеби тілін де жоқ барғын (бар), келгені жоқ (келген жоқ), айтқаны жоқ (айтқан жоқ), барың (бар), барыптық (барыппыз) сияқты грамматикалық формалардың кездесуі – мұның айғағы» (Қазақстан мектебі, 1967. - № 5. - 56 б.)

Айта кететін бір жәйт, Өзбекстанның Бұхара облысының құрамына енетін Тамды ауданындағы халықтың көпшілігі – қазақтар. «Олардың бұл өлкені қоныстанғанына бір жарым жыл өткенді» - дейді Т.Айдаров Этногенездік құрамы жөнінен Тамды қазақтары – кіші жүз руларына жатады. Ауданның негізгі кәсібі – мал шаруашылығы Тамды қазақтары тілінде бірқатар жергілікті тілдік құбылыстардың бар екенін аңғартады Осыған орай Т.Айдаров (былай дейді) Осындай құбылыстардың бір тобын – фонетикалық ерекшеліктердің басты-бастылары туралы қысқаша мәлімет беруді көздейді:

Дыбыстардың түсуі (эмция) сөз басында түсуі ластау-аластау, үрметтеу-құрметтеу. Мысалдар, Арамыздан арамзаларды ластауымыз керек. Қонақтарды құрметтеп қарсы алды» (10, 64-65 б.)

Семейдің Аякөз, Көкпекті, Ақсуат аудандарында сөз басындағы к дыбысының түсуі кездеседі:

өкседі<көкседі, өркей<көркей.

Сөз ортасында л, ң, қ, (ғ) дауыссыздарының және а, і, дауыстыларының түсуі бар. Дауыссыздың түсуі: мыжың-мылжың, мүтәж-мұқтаж, мүку-мүңку, сүрігу-сүрлігу, ығал-ылғал, іті ет-ықтият, ба+на – бағана, та+м-тағам, бізің-біздің. Мысалы: Көп сөйлесең, мыжың аталасын. Радио жөндейтін мүтәжбіз. Өлген қойдың иісі шығып, мүкіп кетіпті. Жаңа туған қозыны ітіят қылып күтеміз.

Өзбек тілінің маңғыт говорында л, қ, ғ дыбыстары түседі: ұшатады (<ұшлатади-ұстатады), қьчьр (қичкир-дауыста), ойан (уйған – оян).

Сөз ортасындағы дыбыстардың түсуі кейбір түркі тілдері мен диалектілерінде бар жағдай. Қарапайым тілінде к (қ), ғ дыбыстары түседі: йумурта (<йумуртқа), қызың (қызғың – керо).

Көне өзбек тіліндегі л-дың түсіп қалу жағдайын А.М.Шербак қыпшақ әсерімен түсіндіреді. Кәтур (<кә/тур), отурсаң (<олтурсаң) (10, 91 б.)



Л-дың түсуі қыпшақ тіліне тән болса, қыпшақ тобындағы тілдерге жататын қазақ тілінің тамды говорында оның кездесуін заңды құбылыс деп қарау керек. Дауыстылардың түсуі: біржолта – біржолата, әлге-әліге. Мысалы, Оқуды бітіріп, біржолта қой бағуға көштім. Ол ілге дейін дұрыс қорытынды шығармай келеді.

Дауысты дыбыстың кейде Sandhi жағдайда түсуі де кездеседі: күн бұрын – күні бұрын ( Жас қозылар күн бұрын дайындалып қойылған қораларға қамалады). Сөз соңында түсуі (апокопа): түге-түгел, шыра-шырақ. Мысалы, Алыстағы шопан ауылдары түге аяқ астындағы Аяққұққа қатынайты машина жоқ. Жайлардың терезелерінен шыра жарықтары көрінеді.

Өзбек тілінің маңғыт говорында сөз соңындағы л түседі: кә (<кел), бо (<бол – бұл). Сондай-ақ Уйчи (Наманган обл.) говорында қ түседі: тово: (<та – бақ). Жергілікті тілде сөздердің тартылуы да (стяжение) бар: енше-ендеше, наза-наразы, альырту-албырттану, зарпы-зардабы, әдетте-әдепкіде. Мысалдар, Малға сен бармасаң, енше, мен-ақ барайын. Үлкеннің сөзіне наза болма. Соғыстың зарпы аулымыздан көпке дейін арылмайды. Есіктен беті албыртып, бір жігіт кіріп келді. Жұмысшылар дайын тағамнан тамақтанып кетеміз деп әдепте қуанған еді.

Мұнан –да, -ра, -тен, -кі сияқты буындардың түсіп, сөздердің тартылғанын көруге болады. Тартылу Sandhi жағдайда да кездеседі: үсті киім – үстіңгі киім (Колхоз орталығында аяқ киім, үсті киім тігетін мастерской бар). Мұндай жағдай Семейдің Аякөз ауданында кездесіп, ғы (жазтұрым – жазғытұрым) буынының тартылуын көруге болады (9,56-57б)

Т.Айдаровтың «Өзбекстан жеріндегі қазақтардың тіліне тән басты бір ерекшелік ортақ етістің бір түрі» жөнінде арнайы тоқталған.

Түркі тілдеріндегі ортақ етіс ХІ ғасырдағы М.Қашқари берген анықтамадан бастап бүгінгі күнге шейін, жалпы алғанда «екі» не онан да көп адам анықтамаға ие.

Ортақ етіс субъектілердің қарама-қарсылығы, біріне-бірінің көмегі, қимыл иелерінің көптігі т.б. мағыналарды аңғартады. Тіліміздегі ортақ етістің негізгі көрсеткіштері –с, -ыс, -іс жұрнақтары екені белгілі. Мысалы, қойыс, әкеліс т.б. Сонымен бірге бұл жұрнақтар арқылы жасалған кейбір етістіктердің қиыс, құр-ыс, бүр-іс, кір-іс деген реттерде өздік етіс мағынасын беретінін білеміз.

Сондай-ақ ортақ етістің бір тобы есімдерге айналып кеткен: қарыс, соғыс, жарыс, таныс, тыныс, сөгіс, өріс, желіс т.б.

Ортақ етіс формасының есім сөздерге өте бастағандары есімше тәуелденіп, септеліп, көптеліп бір ғана субъектіге қатысты болады да бірнеше субъектіге қатысты ортақтық мағынасын жояды. Айбаланың жүрісі, киім киісі енесіне аса ұнамайтын (Ғ.Сланов).

Ортақ етіс жөніндегі түсінік, қысқаша осы айтылғандардың төңірегіне саяды. Ал Өзбекстан қазақтары тілін алатын болсақ, бұдан тыс ортақ етістің мына тәрізді түрін кездестіруге болады: Жастар тозығы жетіскен ойындардың түрін жаңартса екен. Қиыншылық кез басымыздан өтісіп кетті. Киімін өзіме қоныспады. Мұндағы тиісу, жетіскен, өту, қонбау деген мағыналарында бұл сөздер бұл өлкенің қазақтарының тілінде салт етістік түбірден жасалып тек қана субъектіге емес, объектіге де қатысты айтылады. Негізінде, әдеби тілімізде тиісу – тие беру, жетісу – жете беру, өтісу - өте беру боылп іс-қимылдың қайталынып келуін көрсетсе керек еді. Бірақ говорда олай емес. Әдеби тілде бұл форма уақыт жетіспейді, кезек тиіспейді деген ретерде болымсыз түрде ұшырағаны болмаса, болымды түрде қолданылмайды.

Ортақ етістің мағыналық өзгеріске ұшырауы өзбек тілінің көзқарасы (Хорезм облысы) говорында да бар: бүвәк бүльшәдь (бөбек күліседі).

Ортақ етістің –ш (қазақ тілінде –с) көрсеткіші арқылы жасалған сөздерді (11, 189-198 б.) сөздігінен де кездестіруге болады. ХІ ғасырда ортақ етіс ең өнімді қолданған тұлғалардың бірі болғандықтан, сөздік кең орын алғанын байқауға болады.

Ортақ етіс мағыналарының даму, өсу жолындағы өзгерістердің бірі Өзбекстанның Тамды ауданын да тұратын қазақтардың тілінде сақталған. Бұл әрине кездейсоқ емес. Ол, дұрысында, тіліміздің арғы тарихына тән көне белгілерінің халық тілінде әлі күнге өмір сүріп жатқандығының көрінісі. Ортақ етісті бұлайша қолданудың әдеби тілімізде, байқалмауы, сол тәрізді сөз болып отырған говормен көрші өзбек тілінде оның мұндай грамматикалық қызметінің жоқтығы оны тілдің тарихи белгісі деп тануға итермелейді (Қазақстан мектебі, 1967. - 58 б.)

Әдеби тілде ортақ етістің мұндай қызметін етістіктің барды, келді сияқты формалары атқарады, бұл күнде әдеби тілімізде –ш көрсеткішінің ортақ етіске тән мағынасы сараланып белгілі бір жүйеге түсіп келеді.

Өзбекстандағы қазақ говорларының лексикасы байырғы және кейін пайда болған қатпарлардан, көне дәуірден бері территориялық, кәсіптік, экономикалық, саяси жағынан біріне-бірі жақын, ұқсас болған парсы халқының тіл элементтері мен ҮІІ ғасырдан кейін. Орта Азияға саяси-әлеуметтік үстемдігі, діни ықпалының күштілігі нәтижесінде енген араб тілі элементтерінен құралады. Араб элементтері арабтардың көптеп келіп, жергілікті халықпен араласып тұруы арқылы енді. Олар Орта Азияда ауыл-ауыл болып не жергілікті халықтың арасына дін өкілі ретінде таралып та отырды. Әр руға бір араб семьясы пір атанып, халыққа дін жолын нұсқап, мойындатып отырды. Ол қожа, ақсүйек атанып, мұриттары (<мүрит) оған «қол тапсырып», аяғына жығылып, өмір бойы піріне тәуелді адам болып, басы байланды, Ташкент төңірегі болсын, Бұхара қазақтарының арасында болсын қожа ауылдары осы күнге дейін бар.

Парсы-тәжік элементтері ертеден түркі тайпаларына өтіп, кейін сол тайпаның қазақ, өзбек халықтарының құрамында болуымен байланысты тіліндегі байырғы сөздік қор мен басқа тіл элементтері қазақ тілі мен говорына негіз болды. Көрші тілдердің өзара әсері халық болып құралғаннан кейін де жалғаса берді. Бұл ерекшелік кәсібі мен жеміс жидек атауларында, кесте өнерімен тігіс түрлерінде жиі көрінеді: ақаба, бәре пияз, ләблеме, керенде, зәк, алуалы, зардалы, қаралы, жас, жөрме, шаршы, жемелек, нымша т.б. Өзбек тілінің әсері ХІХ ғасырдағы феодалдық-хандық дәуір тұсында күштірек болды. Бұл дәуірдегі парсы-тәжік элементтері, өзбек сөздері түгелге дерлік фонетикалық өзгеріске түсіп, қазақ тілінің дыбыстау мүшелерінің икеміне бағынды. Солай бола тұрса да, семантикалық өзгерістері көзге түсерліктей емес. Жергілікті ерекшелік ретінде қолданылатын кейбір сөздер көрші халықтардың этникалық жағымен байланысты. Мәздем, кәшмірі, монтаны, ғамша сөздеі ертеден еніп, этникалық атау екені ұмытыла бастаған. Кәшмірі «айлакер», «қу» мағынасында қолданылғанда, оның Индиядағы Кашмир өлкесінен келген адамдар екені еске алынбайды. Монтаны «мүлейісіп тұрып алдау», «арбау», «аңғал көрініп алдау» мағынасында қолданылғанда, Индиядағы Мольтан қаласынан келгендердің этникалық аты екені ұмыт болған. Мәздем де сол сияқты, бірақ бұл қосымша қара (адамға байланысты) мағынасын да береді. Бұлар – Орта Азияда көшіп жүретін цыгандардың (лолылардың) атаулары. Шоқан да мультани дегендерді цығанға қосады. (Ч.Ч.Валиханов. Собрание сочинений в пяти томах. Том1, Алма-Ата, 1961. стр.394). Ғалша жергілікті тілде сөзге түсінбейтін адам мағынасында қолданылады. Өзбек тілінің говорларында ғалча 1) «аласа бойлы, 2) басқа тілді түсінбейтін адам» Шоқан ғалша халық аты, ол парсылардың тауды мекендейтін бір бөлімі дейді (10, 10 б.)

1820 ж. Бұхарадағы орыс емшісі Мейендорф Бұхараның шығысы мен жоғарғы Зеравшанда парсы тілінен басқа тілді білмейтін, сырт көрінісі жағынан тәжіктерден ажыралып тұратын (Шоқан ақ сары, сары шашты деп көрсетеді) кедей, тәуелсіз елді ғалша атайтынын жазады. Сан жағынан аз тауды мекендеп, басқа қалалармен араласпайтын, басқа тілді де білмейтіндігінен оларды кемсітіп, төмен санап, бетіне салық қылғандықтан, олар өздерін «ғалшамыз» деуден де бас тартуға барғанын орыс зерттеушісі С.Д.Масловский байқап қалады.

«Жергілікті тілде кездесетін орыс тілінің элементтеріне арнайы тоқталмаймыз. Өйткені мәшін (машина), пірами (прямо), риян (район), подбор, өләсәпіт (велосипед), кәпірәт (кооператив) т.б. сөздер – уақытша ғана қолданылатын құбылыс. Бұл орыс не орыс тілі арқылы басқа тілден әдеби норма негізінде ауысқан. Жастар бұлай бұзып айтпайды. Тек сауаты жоқ қарттар тілінде кездеседі және барлық жердегі қазақ говорларында форма жағынан ұқсас. Ал кәсіпке байланысты ауысқандары әдеби тілден орын алған. Тек фонетикалық жақтан өзгертілік қолданылады» (7, 33 б.)

Говорлардағы лексикалық материалдарды мағынасына қарай топ-топқа бөлген. Т.Айдаров (10, 34 б.). Сондағы ғалымның мақсаты мынандай:

Біріншіден, говорларда кездесетін сөздердің қандай шаруашылықты, тұрмыстың қандай жақтарын қамтитыны туралы мәлімет беру болса, екіншіден, әдеби тілдің лексикасын байытуға септігін тигізетін сөздермен таныстыру. Говорларда әдеби тілде баламасы жоқ, әдеби тіл кәдісіне жаратуға болатын қажетті сөздер көп.

Сонымен, менің байқағаным бойынша, Өзбекстан қазақтарының тіліне аса көңіл бөлген Т.Айдаровты атауға болады. Мүмкін, басқа да зерттеуші-ғалымдар қарастырған болар, бірақ менің ізденгенім бойынша, жоғарыда аталған еңбектерге сүйендім.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет