2. 1Банкетке қызмет көрсету еркшелігі,қолданылатын қызмет көрсету түрі


Ас мәзірін ұйымдастыру.Фуршеттерді ұйымдастыру



бет9/10
Дата03.05.2020
өлшемі0,7 Mb.
#65635
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
СӨЖ

2.7 Ас мәзірін ұйымдастыру.Фуршеттерді ұйымдастыру

Ас мәзірін ұйымдастыру барысында келесіні қарастыру керек:

1 конаққа кемінде 500-400гр. шайнама болуы керек (сан қилы);

қарсы алу дәстүрі ретінде 50 гр. шампанды ұсынуға болады.

Фуршеттің ең қарапайым түрі - канапе болып табылады (60-80гр. құрайтын кішкене бутербродтар), шай мен жеміс-жидектер, бірнеше шайнамалар. Фуршеттің ас мәзірі 12-16 салқын тамақтарды, 13 десерттер, шай, кофені құрайды.

Фуршеттерді ұйымдастыру

Фуршеттерді ұйымдастыру бірнеше ңұсқаларды қамтиды. Бірінші кезекте, ас ішуге арналған зона екі секторға бөлінуі мүмкін. Олардың бірінде, үстелдер қойылса, ал екіншісінде демалу зонасы ұйымдастырылады. Егер де ас ресми түрде болмаса, онда жай қонықтардың санына қарай орындықтар қойылады. Егер де іс-шара мерекелік сипатта болса, кішкене үстелшелерді, орындықтарды қояды. Процесс барысында, оларды қонақтарға көбірек орын мен іс-қимылдардың еркіндігі үшін алып тастайды.

Фуршеттерде әдетте тамақтардың үш нұсқасы ұсынылады. Мысалы, гарнирлер: пісірілген картоп, ақжелкенмен, көкөкністермен, пияз бен аскөкпен, шафран мен күрішпен бірге қойылады; ет пен балықтан жасалған тамақтар: кәуаптар, салаттар, тарталеткалар, канапе, қабатты бутербродтар - өте көп мөлшерде пайдалануға болады.

Ірімшіктен жасалған тамақтарды да ұмытпауы керек, Ірімшік - өте дәмді әрі калориялы тамақ болып табылады. Ал қазіргі таңда, ірімшіктің көптеген түрлері сатылуда, сондықтан оларды жай ғана жұмсақ және қатты сорттарына бөліп тәрелкелерге салады. Ірімшік 25-40 гр. шамасындағы бөліктерге бөлінеді. Сорттарды бір-біріне жақындатпай, сағат тілі бойынша орналастырады. Ірімшікке жақсы классикалық қоспа ретінде - жүзім болып табылады. Ірімшікке сонымен қатар, алмұрт пен қауын да үйлесімді. Сонымен қатар, тұздалған қиярлар, қызанақ, жүгері. қозықұйрықтар, болғар бұрышы, қырықжапырақтар, зәйтүндер мен майшабақты да ұмытпау керек.

Ыстық тағамдарды астына арнайы ысытатын құралдары бар ыдыстарға салып қояды. Тамақтардың арасындағы кеңістікті көптеу етіп қалдыру керек, әйтпесе үстел басындағы тамақтар саны шектен тыс көп болып көрінуі мүмкін. Қонақтарға тамақтарды таңдау мен оларға үстел басында орын іздеген кезде, түстердің маңыздылығы мен иістерді де есекру қажет. алдымен жеңіл қоспалары бар, кейін жұпар иісті тамақтар берілуі керек.[3]








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет