Қорытынды
Банкет - шетелден бізге келген тұжырым (Германия, Италия, Франция), Кеңес заманында «кешкі ас» тұжырымдамасымен ауыстырылып, мейрамханаларда салтанатты мерекелік кешкі ас ұйымдастыру дегенді білдірген. Банкет ұйымдастыруға мерекелік қызметтердің барлық түрі кіреді. Көліктерді жалға алудан бастап, мерекелік безендіру, ас дайындау, дастархан безендірілуіне дейін. Сонда-ақ бұған: ыдыстарды және арнайы жабдықтарды жалға алу (той аркасы, арнайы аксессуарлар), баннермен безендіру және т.б кіреді.
Бүгінгі күні банкет өткізу – түрлі мерекелерде қызмет көрсетудің бір саласы. Осылайша, банкет түрлерін бөлуге болады:
Жылжымалы банкет.
Той банкеті.
Бітіру кешінің банкеті.
Туған күн, мерейтой және т.б. мерекелік кештерді атап өтуге арналған банкет.
Банкетті ұйымдастыру кәсіпқойлық пен жеке тәсілдерді талап ететін күрделі жүйе. Toibiznes парақшаларынан сіз Астана мен Қостанай қалаларында банкет ұйымдастыру бойынша қызмет жасап жүрген танымал компаниялардың жаранамаларын таба аласыз. Сұрақтарыңыз бен қызмет құнын білу үшін сайтта көрсетілген телефондар бойынша хабарласыңыз.
Мерекелік фуршет - жеңіл тағамдармен, кең аумақта қонақтарды қанағаттандыру. Фуршет мақсаты үлкен үстел басындағы мол тағамдар емес, қызметкерлердің жақын араласуына деген мүмкіндік. Фуршет ұйымдастыру өзінің қарапайымдылығымен танымал болып келеді – дәмді тіскебасарлары мен шағын үстелдер және қарым-қатынас үшін кең орындар қамтамасыз етілген. Фуршет форматында туған күн, мерейтой, жаңа жыл, той немесе мерекелік жабылу кешін өткізуге болады.
Фуршеттің мынадай артықшылықтары бар:
Фуршет үстелінің мәзірі – жеңіл тіскебасар және сусындар.
Тіскебасарлар мен сусындардың жиі толықтырылып тұруы.
Мерекелік безендіру. Матамен көмкеру, гүл,шарлармен безендіру.
Жылжымалы фуршет – іскерлік кездесу, семинар, конференция өткізу үшін қолайлы нұсқа. Бұл формат бейресіми байланыс, ашық және сенімділік қатынасын тудырады.
Корпоративтік фуршет немесе шағын жолдастық кездесу үшін фуршетті өз қалауыңызбен жүзеге асыруға болады. Ауқымды қабылдаулар немесе маңызды кездесулер өткізу үшін барлық ұйымдастыру қызметтерін өз мойындарына алатын компанияға сеніп тапсырған жөн.
Қазақстандағы ең үздік қоғамдық тамақтандыру компанияларының тізімін біздің веб-сайттан табуға болады.[4]
Пайдаланылған әдебиеттер қоры:
1. https://kk.wikipedia.org/wiki/Банкет
2. http://informznaika.ru/?p=9866
3. https://kk.wikipedia.org/wiki/Фуршет
4. https://toibiznes.kz/kk/banketyfurshety
Достарыңызбен бөлісу: |