2. 1Банкетке қызмет көрсету еркшелігі,қолданылатын қызмет көрсету түрі


Даяшылардың жартылай қызмет көрсетуімен жасалынған банкет



бет6/10
Дата03.05.2020
өлшемі0,7 Mb.
#65635
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
СӨЖ

2.4 Даяшылардың жартылай қызмет көрсетуімен жасалынған банкет

Қызмет көрсету арнайы түрде болмайды, ол таңғы ас, түскі, ас кешкі ас, немесе қарапайым мейрамға арналып ұйымдастырылған мереке: мерей той, отбасылық мереке және т.с.с.Осыған байланысты қонақтарды отырғызу әртүрлі болады, алайда сыйлы қонақтар мен банкет иесіне үстел ортасынан орындар дайындалады, ал егер көп адамдық банкет ұйымдастырылса- жеке орталық үстел дайындалады.

Осындай типті банкеттер ұйымдастыру тәжірибесінде үстелдерді қоюдың екі түрі қалыптасты:

Барлық қатысушыларға арналған үстел, оның формасы дөңгелек, шаршы немесе тік бұрышты болуы мүмкін, сонымен қатар П, Т, Ш, Е әріптері формасында;

Тапсырыс берушімен алдын- ала келісілген, нақтылы жүйе бойынша қойылатын бірнеше үстелдер.

Сыйлы қонақтардың орнында отырған банкет қатысушылары барлық қонақтарды көруі үшін, үстелдер симетриялық жүйеде қойылуы керек. Даяшылар санын анықтау үшін мынадай жолмен есептейді: 8-10 банкет қатысушысына бір даяшыдан. Бұл банкетті ұйымдастырудың ерекшелігі мынада: суық тісбасарлар, арақ- шарап өнімдері, сусындармен жеміс- жидектер қонақтар келгенге дейін банкет үстеліне қойыла береді. Әрине бұл жерде тарату бөлімінің ұзақтығы, бөлме температурасы сияқты факторларда қарастырылады. Даяшы өзі қызмет көрсететің үстел үстінде қанша тағам, салат, уылдырық, қандай тісбасарлар болуы керек екенің шешеді. Қарапайым серверлеудегідей, тұздықтарды тағамдардың жанына қояды, дәмдеуіштерді (тұз, бұрыш) пирожковая тәрелкесінің жанына қояды. Жемістер мен гүлдері бар вазаларды үстел осі бойында қойылады. Сусындарды, тісбасарлардан кейін қояды. Тапсырыс берушінің келісімі бойынша сусындардың жартысының қақпағын ашып қояды. Су, сыра, шырын, квас бөтелкелерінің қақпағын ашпайды. Банкет үстеліне сусындарды интервал бойынша, ортасына 2-4 бөтелкеден қояды. Әдетте ұсынуды уылдырық пен майдан немесе аз тұздалған балықтан бастайды. Босаған ыдыстарды тез арада жуатын бөлмеге апарады. Содан кейін қонақтарға балғын көкөніс, пісірілген және қатықталған балық ұсынады. Тәрелкені ауыстыру кезінде, даяшы қонақтан рұқсат сұрауы керек, содан соң ғана тәрелкені ауыстыра алады. Тәрелкені рұқсат сұрамай да алуға болады, егер қонақ тәрелкенің керек еместігің шанышқы мен пышақты қиыстырып немесе бір- біріне паралельді түрде тәрелке үстіне қойып, белгі берсе. Балық тісбасарлары ұсынылғаннан кейін, қонақтарға ет тісбасарларын таратады. Осы кезде менеджер немесе бас даяшы банкет ұйымдаструшымен келісімге келіп, ас үйге екінші тағамның ұсынылу уақытын хабарлауы керек.

Банкетке қызмет көрсету кезінде, даяшылар келесі функцияларды атқарады:

Қонақтарға тағамды өз тәрелкесіне салып алуға көмектесіп, сусын құяды;

Қонақтарға ыңғайлы жерге тағамдарды ауыстырып отырады;

Тағамның дайындалуын және қолдану ерекшеліктерін айтады;

Қолданылған ыдыс- аяқ пен приборларды уақытылы алып отырады;

Ыстық тағамдарды ұсынады;

Банкет үстелін сусындармен толтырып отырады;

Кофе мен тоқбасар ұсынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет