2.4 Даяшылардың жартылай қызмет көрсетуімен жасалынған банкет..............
2.5 Туған күнге байланысты толық қызмет көрсетудегі банкет мінездемесі.....
2.6 Фуршет түсінігі.Ерекшеліктері.Үстелдер.............................................................
2.7 Ас мәзірін ұйымдастыру.Фуршеттерді ұйымдастыру.......................................
III.Қорытынды
КІРІСПЕ
Банкет (итал. banco — сәкі). Негізі итальян сөзі banchetto — орасан той, ерекше салтанаты тойларда сәкілерді түсті маталармен (салтанат мәні мен мағынасына қарай жасыл, қызыл, күлгін) жабу дәстүрінен туындаған.
Сондықтан белгілі бір салтанаттың мәні тағамдардың ерекшелігімен емес, сыртқы аксессуарларға байланысты айқындалады. Осындай отырыстар, яғни берілетін тағамдарымен емес, ненің құрметіне жасалғанына байланысты отырыстар банкет деп аталып кеткен.
Банке́т (от фр. banquet) - белгілі бір тұлға немесе мерекеге байланысты ( мысалы, той немесе мерейтой) шақырылған түскі ас немесе кешкі ас болып табылады.
Тарихы
Банкет, 1909 ж.
Нобель банкеті, 1958 ж.
Ресейдің көне жазбаларында "банкет" сөзі ең алғаш рет 1675 ж. пайда болады. Осыған тек дейін "пир" сөзі қолданылатын. Банкет сөзі немісше Bankett, ит. banchetto немесе франц. және ағылш. banquet сөздерінен алынған. ХІХ ғасырдың аяғына дейін Ресейде "шақырылған түскі ас", ал совет одағы кездерінде 1940 ж. дейін "мерекелік кешкі ас" немесе "жолдастық кешкі ас" ұғымдары қолданылған болатын.
Банкет кейтеринг технологияларында
Банкет - мейрамханалық қызмет көрсетудің ең танымал форматтарының бірі болып табылады. Қазіргі таңда ол бүкіл дүние жүзі бойынша кейтеринг индустриясында маңызды орынды иеленуде. www.cateringconsulting.ru сайтының мәліметтері бойынша, ресейлік кейтеринг компаниялары мен мейрамханаларға шығып жүріп қызмет көрсету көптеген үлкен көлемді мерекелердің арқасында дамып отыр. Тапсырыстардың негізгі массасын (90%) қонақтар саны 50-ден 300-ге дейін болатын стандартты тапсырыстар құрайды. Дегенмен, кейтеринг компанияларының көптеген бөлігін бюджеті 1 млн. рубльді құрайтын ірілі тапсырыстар алып отыр. Қазіргі таңда 2010 ж. атқарған жұмысының нәтижесінде көптеген компанияларға табыстың 45%-ын дәл осы банкеттік іс-шаралар құрап отыр. Тапсырыстар саны бойынша алдыңғы орындағы фуршетке қарағанда - банкеттік форма табатын табысы бойынша бас орындарды иеленуде.
Банкет - мерекені ең дәстүрлі түрде өткізу формасы болып табылады: туған күн, той, корпоративтік немесе жеке кеш, фирманың мерейтойы және т.б. Бұл іс-шара негізгі және маңызды, әр тағамдардың бірнеше рет ауысуын қарастырады. Сонымен қатар, банкеттің ұйымдастырылуы бойынша, тағамдар бірнеше рет қойылады. Бірінші рет, даяршылар келген қонақтарға салқын тағамдарды ұсынады. Одан кейін ыстық тағамдар, негізгі тамақ пен десерт болады. Барлық ас мәзірі міндетті түрде тапсырыс берушімен келісіледі.
Банкет-фуршет
Банкет-фуршет әдетте, шектеулі уақыт кезінде, көп қонақ қабылдау барысында жүргізіледі. Мұндай банкеттерде үстелдер келген қонақтарға ыңғайлы әрі банкет залының ішімен еркін қозғалып жүруі үшін қойылады. Банкет залының шеттерінде темекі тартатындарға арналған ыдыстар мен темекі орналасады. Мұндай банкет барысында қонақтарға сусындар мен тамақтардың кең түрлері ұсынылады.[1]
Достарыңызбен бөлісу: |