Фокалды объектілер әдісі
Бұл кез келген затты таңдап, өзіміз жетілдіргіміз келетін нысанға олардың белгі-
қасиеттерін қосуды қарастырады. Бұл әдістің мәні белгілі бір нысанға ең керемет
сипаттамаларды қосып үйлестіруді және оларды әрі қарай шындыққа айналдыруға дейін
жетілдіруді білдіреді.
2-тапсырма: берілген ұсыныстарды ой елегінен өткізіп оларды оқу үдерісінде
қаншалықты қолдануға болатыны туралы ойланыңыз. Зерделеген материалдардан
бір тапсырманы таңдаңыз. Материалды жеткізу тактикасын өзгертіп тапсырманы
қайта қараңыз. Қызықты идеяларды жазып алыңыз.
1. Өз көзқарасыңызды өзгертіңіз.
2. Тапсырмамен (шешіммен)
соңынан бастап басына дейін, кері
бағытта жұмыс
істеңіз.
3. Проблемаға екінші жағынан, өңін айналдыра қараңыз.
4. Өз болжамдарыңызға күмән келтіріңіз.
5. Өзгелердің пікіріне құлақ асыңыз. Басқа саланың немесе басқа көзқарастағы
адаммен сөйлесіңіз.
6. Проблеманы біраз уақытқа кейінге қалдырып, ыңғайлы сәтті тоса тұрыңыз.
7. Балалар сияқты ойлаңыз (Сіздің ініңіз бен қарындасыңыз/сіңліңіз қалай жауап
берер еді?)
8. Проблеманы бірнеше кіші бөліктерге бөліңіз. Алдымен ең кіші проблемадан
бастап шешіңіз.
9. Жаңа комбинацияларды қолданып көріңіз.
10. Жаңа құрылымдарды зерттеңіз.
11. Ақыл-ойыңызға ерік беріңіз. Ішкі түйсігіңізге сеніңіз.
12. Ойнақы, тартымды, еркін, кейде тіпті жеңілтек болыңыз.
13. Бір нәрсені жасап көріңіз, қателесуден қорықпаңыз, адамдар өз қатесін көру
арқылы көп нәрсеге үйренеді.
14. Деректерді неғұрлым көбірек жинаңыз.
15. Ауқымды ойлаңыз! Аз ойлаңыз! «Қымбаттым, мен балаларды кішірейттім!»
фильміндегі өнертапқыш кейіпкер сияқты ойлаңыз!
16. Ұқсастықтарды табыңыз (ағайынды өнертапқыш Райттар ұшақты құстарға қарап
ойлап тапқан).
17. Табиғаттан пайдалы ақпаратты немесе ұқсастықты табыңыз.
18. Визуалдаңыз. «Ақыл-ой көзімен» қараңыз.
19. Құралдарды өзгертіңіз. (Сурет салыңыз. Мазалаған мәселелер туралы
ән шығарыңыз)
20. Түсініксіз, оғаш, ерсі немесе ақылға сыймайтын құбылыстарды зерттеңіз.
21. Өзгеге ұқсамайтын мінезіңізбен ерекшеленіңіз. Уолт Дисней басқаға ұқсамайтын
болғандықтан, көрермендер Микки Маусты тамашалау мүмкіндігіне ие болды.
22. Ережелерді бұзыңыз! Доктор Сьюз қанша жаңа сөз ойлап тапты?
(Теодор Сьюз Гейсел- америкалық балалар жазушысы, ол «Қалпақ киген мысық»
кітабын алдын ала алған тапсырыс берушінің тізімімен белгілі бір жастағы балалар
білуі тиіс 220 сөзді ғана қолдана отырып жазды).
23. Өзгелерден идея сұраңыз, содан кейін оны әрі қарай жақсартыңыз.
24. Үнемі сұрақ қойыңыз. Неге? Қалай? Неге жоқ? Егер де? деп сұраңыз:
25. Проблеманы өзгертіңіз. Ол бастапқы шешімді табуға мүмкіндік беретіндей
болуы керек.