2. автономия/ autonomy



бет15/52
Дата30.05.2022
өлшемі288,78 Kb.
#145492
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52
Байланысты:
тарих гос сурак-отв дурысы (1)

Қазақ газеті — 1913—1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым. № 1 номері 1913 жылы 2 ақпанда шыққан.
1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шыққан. Бастырушысы — «Азамат» серіктігі. Газетке қаржылай көмектескендердің көшбасында Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл — қазақ ұлты деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, „Қазақ“ газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды.
«Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы — Ахмет Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкілі М. Дулатұлы болды. 1918 жылы газетті Жанұзақ Жәнібекұлы басқарды. Басылымда А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейхан, М. Дулатұлы, М. Шоқай, М. Тынышбайұлы, Ш. Құдайбердіұлы, Ғ. Қараш, Р. Мәрсеков, Ж. Тілеулин, Ғ. Мұсағалиев, М. Жұмабаев, Х. Болғанбаев, Х. Ғаббасов, Ж. Ақпаев, Ж. Сейдалин, С. Торайғыров, А. Мәметов, С. Дөнентайұлы, Х. Досмұхамедұлы т.б. авторлардың мақалалары жарияланып тұрды.
XX ғасыр басында аталған газет оқығандардың, діндарлардың, шәкірттердің, қарапайым сауаты бар адамдардың, тұтастай жалпы ұлттың ықыласпен оқитын басылымына айналды. Бұдан кейін пайда болған барша елшіл газет-журналдар осы «Қазақтың» шекпенінен шықты
«Қазақстан» – газет.
1911 жылғы 10 наурыздан 1913 жылғы шілдеге дейін Орда қаласында, 1913 жылғы 15 қарашадан жыл аяғына дейін Оралда шығып тұрған. Мақалалар қазақ, орыс, татар тілінде жарияланған. Газет демократиялық бағыт ұстанды.
Қазақстан” 1913 жылы “Құрмет иесі оқушыларымызға” деген мақаласында (№1, 27 қаңтар) көрсетілгендей, қаржы мұқтаждығынан, 18 саны шыққаннан кейін жабылған. “Айқап” журналымен пікірталасқа барғанымен, түп мақсаттарының бір ек енін түсіне білген.[1]
Негізінен отырықшылық, оқу-ағарту, өнер-білім, мәдениет, тұтынушылар коперациясын құру мәселелерін көтерген. Редакторы - Елеусін Бұйрин. Газет білім, мәдениет, отырықшылық мәселесін жиі қозғаған. Мұнда Е.Бұйрин, Б.Қаратаев, Ғ.Қараш, Ш.Бөкейұлы, Ғ.Мұсағалиев, А.Мәметов, Ғ.Көпжасаров т.б.-лардың мақалалары жарияланған. Бұл газет те ұлттың оянуына, саяси қозғалыстарға жіті қарауына себепші болды
«Алаш» газеті - 1916 жылдың 26 қарашасынан 1917 жылдың ортасына дейін Ташкентте шығып тұрған апталық газет. Редакторы - Көлбай Төгісұлы, шығарушысы - Мәриям Төгісова Қапсаламова. 1917 жылғы 22-санынан бастап редакторы - Т.Жанбайұлы. Кейбір зерттеушілердің еңбегіне қарағанда, осы жылы күзде газет бастапқыда Омбыға, сонан соң Петропавлға көшсе де, К.Төгісұлының белсенді саясатқа кіруіне байланысты жабылып қалады.
Бұл қайраткер «Алашты» шығарып жүргенде әлі «Үш жүз» партиясын құрыса коймаған еді. Сондықтан ол басқарған басылымға Т.Жомартбайұлы, А.Мәметұлы, Ж.Сейдалин, С.Дөнентайұлы, Ш.Айманұлы, Б.Күлейүлы, Б.Майлин, і.Жансүгіров, А.Баржақсин, Ж.Аймауытұлы мен М.Әуезов, Н.Құлжанова, Ж.Бабатайұлы т.б. қаламгерлер мақалаларын жариялап отырды. Мұнда XX ғасыр басындағы оянуларды сипаттайтын біршама еңбек бар. М.Төгісова театр туралы бірнеше мақала жазған. Саяси мәселеде К.Төгісұлы Алаш зиялылырымен ортақ пікірге келе алмаған. «Алаш» газеті - ұлт баспасөзінің бір ізденісі.


5.Абай Кунанбаев: жизнь, творчество и общественная деятельность./ Абай Құнанбаев: өмірі, шығармашылығы және қоғамдық қызметі./ Abai Kunanbayev: life, creativity and social activities


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет