2-билет 1.Қазақ прозасының тарихи тақырыпты кең құлашпен игере бастағаны. Ғ.Мүсіреповтің «Жат қолында»(1984), Ғ.Мұстафиннің «Көз көрген»(1983), І.Есенберлиннің «Қаһар»(1969), «Алмас қылыш»(1971), «Жанталас»(1973), «Алтын орда», Х.Есенжановтың «Көп жылдар өткен соң» (1963), «Тар кезең»(1965), «Жүнісовтер хикаясы»(1972), Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер»(1971), Ә.Кекілбаевтің «Үркер»(1981), «Елең-алаң» (1984),Қ.Жұмаділовтің «Соңғы көш»(1974), «Тағдыр»(1989), Д.Досжановтың «Жібек жолы» т.б. шешімін табуы.
Қазақ драматургиясының тақырыптық, көркемдік жағынан байып, жетіле түсуі. Қ.Мұхаметжановтың Ш.Айтматовпен бірігіп жазған «Көктөбедегі кездесу»(1972), Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер»Т.Ахтановтың «Ант», С.Жүнісовтің, Д.Исабековтің пьесаларының сахна мәдениетін көтеруге қосқан
үлесі.
Бұл дәуірдегі әдебиеттану ғылымы мен сынының дами түсуі. Ғ.Мүсіреповтің «Суреткер парызы»(1970), Ғ.Мұстафин «Ой әуендері», С.Қирабаев «Шындық және шығарма»(1981), «Талантқа құрмет»(1988), Ә.Нұрпейісов «Жүрегі тола жыр еді»(1978), т.б. жинақтар.
2.Мүсіреповтің алғашқы романы — “Қазақ солдаты”. 1945 жылы “Қазақ батыры” деген атпен жарық көрген повесін жазушы өңдеп, толықтырып, 1950 жылы қайта жариялады. Бұл шығарма бүкіл қазақ әдебиетінің проза саласында II дүниежүзілік соғыстақырыбына арналған тұңғыш туынды және қазақ әдебиетіндегі соғыс тақырыбында жазылған таңдаулы шығармалардың санатынан лайықты орнын алған аса елеулі еңбек болды. Романның басты кейіпкері — Қайрош Сарталиевтің прототипі Қайырғали Смағұлов 1941—45 жылдардағы соғысқа бастан-аяқ қатысып, Кеңес Одағының батыры атағына ие болған адам. Соғыс кезіндегі халықтың басқыншыларға қарсы патриоттық сезімі мен күресін шынайы бейнелеген романда жазушы өзіндік шығармашылық өрнекпен отты жылдардың көркем шежіресін жасады. Нақтылы кейіпкерлердің жинақталған бейнесі арқылы бүкіл халықтың, елдің ерлік бітімін көрсетті.
“Оянған өлке” (1953) тарихи романында қазақ халқының 19 ғасырдағы өмірі үлкен суреткерлікпен өрнектелген, қазақ жеріне өндіріс орындарының орнай бастауы шынайы сипатталған. Шығармада жазушы ескілікті әдет-ғұрыптарды сынап, кейбір кертартпа дәстүрлердің қазақ даласында азая бастағандығын көрсетті. Қазақ топырағындағы Қарағанды шахтасы мен Ақбұйрат мыс қорыту зауытының құрылуы мен жаңа өмірге ұмтылған адамдар тағдыры, характер шиеленістері, түрлі қақтығыстар – барлығы романда көрініс тапты. Үш томға лайықталған еңбектің алғашқы кітабы Жұман мен Игілік секілді қазақ байларының, орыс байлары мен жұмысшы тобының тартысты қатынастарын жан-жақты көрсету арқылы қазақ даласының бүкіл бір дәуірін суреттейді. Көркем филос. толғауы басым роман қазақ прозасының шоқтығы биік туындысы ретінде танылды.
“Оянған өлкенің” заңды жалғасы болып табылатын “Жат қолында” (1984) романы 30 жылдан соң жарық көрді. Бұл кітапты өз алдына дербес шығарма деуге де болады. Өйткені романда суреттелген өмір кезеңі де жаңа, кейіпкерлері де соны. Роман өндіріс ошақтарын ағылшындар мен француздардың билеп-төстеуі мен сол тұстағы (19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басы) халық тұрмысын тарихи тұрғыдан терең бейнелеуімен, Орталық Қазақстан өңіріндегі әлеум. өмірдің шындығын кең ауқымда байыпты түрде суреттеуімен құнды. Жазушы бейнелеп отырған дүбірлі оқиғаларға толы тарихи мезгіл сол тұста өмір сүрген жекелеген адамдардың сомдалған тұлғалары, сан алуан әрекеттері, тағдырлары арқылы оқырманның көңіл айнасынан өтіп, көз алдына елестеп отырады.