10-сұрақ Тамшылар - дәрілік қалып ретінде. Дәріханалық жағдайда ішуге және сыртқа қолдануға арналған тамшылар технологиясы. Сапасын бақылау.Тамшылар (Guttae) –тамшымен дозаланатын ішуге және сырт тәнге қолданылатын сұйық дәрілік түр.Тамшы түрінде дәрілік заттардың сулы, майлы, глицеринді және спиртті ерітінділері, сонымен бірге тұндырмалар, сұйық экстрактар және басқа препараттар жазылады.
Ішуге арналған тамшылар. Ішуге арналған тамшылар көбінесе дәрілік
заттардың судағы, тұндырмадағы, сұйық экстрактыдағы және басқа сұйықтықтардағы ерітінділері болып келеді.
Rp.: Solutіonіs Morphіnі hydrochlorіdі 2% - 10 ml Da. Sіgna. 10 тамшыдан күніне 3 рет.Технологиясы: Қосымша ыдысқа тазартылған судан 5 мл өлшеп құйып, онда морфин гидрохлоридінің 0,02 г (электронды таразымен өлшенеді) ерітеді.Морфин гидрохлориді есірткі зат болғандықтан, оны дәрілердің сапасын бақылайтын фармацевт-технологтан алып, ол туралы есеп журналына тіркейді (ҚР ДСӘД 2015 жылғы 28 мамырдағы No 405 бұйрығына сәйкес). Ерітіп болған соң, ерітіндіні алдын-ала тазартылған сумен жуылған фильтр арқылы сыйымдылығы 10 мл қоңыр түсті босататын құтыға сүзеді. Сол фильтр арқылы судың қалған мөлшерін (5 мл) сүзеді. Тығындап, күлгін түсті гофрирленген қағазбен жауып, жіппен байлап, сүргілейді. Негізгі этикетка «Ішуге», ескерту этикеткалары«Балалардан сақта», «Абайлап қолдан». Рецепті дәріханада қалдырылады, науқасқа рецептінің көшірмесі (сигнатура) беріледі.
Жазылымда 0,05 г-нан аз мөлшерде жазылған улы, күшті әсер ететін заттар белгіленген кезде, олардың алдын-ала дайындалған концентрлі ерітінділері қолданылады.
Сыртқа қолдануға арналған тамшылар. Сыртқа қолдануға арналған тамшылар көбінесе, құлақ және мұрын ауруларын емдеу үшін жазылады.
Rp.: Solutіonіs Dіcaіnі 0,5% 10 ml Solutіonіs Adrenalіnі hydrochlorіdі (1:1000) guttas XX Mіsce. Da. Sіgna. 5 тамшыдан күніне 2 рет екі мұрын қуысына. Технологиясы: Тазартылған судың 5 мл мөлшерінде 0,05 г дикаинды қосымша ыдыста ерітіп алып, оны алдын-ала жуылған фильтр арқылы босататын құтыға сүзіп, осы фильтр арқылы қалған 5 мл тазартылған суды сүзеді. Ең соңында адреналин гидрохлоридінің 0,1% ерітіндісінің 20 тамшысын қосады. Дәрілік түрді тығындап, босатуға безендіреді. Сүргілеп, сары түсті «Сырт тәнге»деген негізгі этикеткамен, «Абайлап қолдан», «Балалардан сақта» деген ескерту этикеткаларымен безендіріледі, науқасқа сигнатура беріледі.Рецепт, есеп үшін, дәріханада қалдырылады.Тамшылар сапасының негізгі көрсеткіштері:
- енгізу жолдарының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне дәрілік заттардың физика химиялық қасиеттерінің сәйкестігі;
- микробтық контаминацияға қауіпсіздік деңгейі;
- дәрілік заттар мен қосымша заттардың сыйымдылығы;
- дәрілік заттар концентрациясының және тамшы көлемінің (салмағының)
дәлдігі;
- химиялық және физикалық (суспензиялар, эмульсиялар үшін)
тұрақтылығы;
- механикалық қоспалардың болмауы.