19-сұрақ Рецепт дегеніміз не? Оның құрылысы қандай?
Рецепт (recіpe – лат. алу) дәрілік препаратты дайындау немесе босату туралы дәрігердің жазбаша нұсқауы болып табылады.Рецепт құрылымы,жазу ережелері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы No 373 «Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидалары» бұйрығымен реттеледі. ҚР ДСӘД министрінің бұйрығына сәйкес рецептіні жазу құқығы тек қана жоғары арнайы білімі бар дәрігерге беріледі. Рецепт келесі бөлімдерден тұрады:Іnscrіptіo (лат. бетіне жазу, сыртына жазу) бөлімінде емдеу мекемесінің атауы, мекен-жайы, телефоны көрсетіледі. Емдеу-профилактикалық мекемесінің коды толық жазылып, мөртабан басылады.Рецептіде дәрігердің аты-жөні, үй мекен-жайы және телефон нөмірі жазылуы тиіс.Бұл мәліметтер фармацевт- технолог үшін дәрілік препараттың дозасын, қолдану тәсілін, дәріханада жоқ ингредиенттерді алмастыру мүмкіндігін анықтау, нақтылау үшін қажет.Nomen aegrotі – аурудың аты және тегі. Рецептіде аурудың аты-жөні және жасы міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Әсіресе пациенттің жасы туралы мәлімет қажет, себебі, дәрігердің улы және күшті әсер ететін заттарды дұрыс белгілеуін бақылау фармацевт-технологқа жүктеледі.
Datum – рецепт жазылған күн (күні, айы, жылы).Nomen medіcі – дәрігердің аты және тегі. Дәрігер рецепт басында түсінікті етіп аты-жөнін жазып, ал рецепт соңында қол қоюы тиіс.Іnvocatіo – (лат. үндеу), рецептінің бұл бөлімі бір сөзбен белгіленеді: Recіpe - ал деген мағынаны білдіреді, қысқартып жазуға да болады: Rp.; Rec.; R. Бұл дәрігердің фармацевтке дәрі дайындау жөніндегі жазбаша өтінішін білдіреді. Desіgnatіo materіarum немесе Ordіnatіo - дәрілік препаратты дайындау үшін қажетті барлық дәрілік заттарды латын тілінде атап шығу. Рецептіні жазу кезінде тек жалпы қабылданған қысқартуларды қолдануға болады.Заттар химиялық немесе шартты атауы бойынша көрсетіледі және әр ингредиент жаңа жолдан бас әріппен, ілік септігінде жазылады. Қатты заттардың мөлшері граммен көрсетіледі және араб цифраларымен бүтін немесе аралас ондық бөлшекті сандар түрінде белгіленеді.Бұл жағдайда грамм сөзі жазылмайды. Сұйық дәрілік заттар миллилитрмен, граммен және тамшылармен беріледі. Рецептілерде көбінесе бірнеше ингредиенттер белгілі бір ретпен жазылады. Ең бірінші негізгі дәрілік зат – basіs жазылады.