2-ДӘріс орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты


Оқу жұмыс жоспары – білім алушылардың білім алу мүдделерін ескере отырып, үлгілік оқу жоспары негізінде жалпы орта білім беретін ұйымдар әзірлейтін құжат



бет3/8
Дата22.05.2022
өлшемі97,83 Kb.
#144526
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2-ДӘРІС ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ СТАНДАРТЫ

Оқу жұмыс жоспары – білім алушылардың білім алу мүдделерін ескере отырып, үлгілік оқу жоспары негізінде жалпы орта білім беретін ұйымдар әзірлейтін құжат.

Міндетті оқу бағдарламасы – үлгілік оқу жоспарының инварианттық компонентіне енетін әрбір оқу пәні бойынша білім, шеберлік және дағды мазмұны мен көлемін анықтайтын құжат.

Вариативтік оқу бағдарламасы – үлгілік оқу жоспарының вариативтік компонентіне енетін әрбір оқу курсы бойынша білім, шеберлік және дағды мазмұны мен көлемін анықтайтын құжат.

Білім алушының дайындық деңгейі – тұлғалық, жүйелік - әрекеттік және пәндік нәтижелерінен көрінетін білім алушылардың орта білім мазмұнын меңгеру деңгейі.

Білім мазмұнын меңгерудің базалық деңгейі – білім алушылардың білім, шеберлік және дағдының міндетті көлемін меңгеру деңгейі.

Білім мазмұнын меңгерудің жетік деңгейі – білім алушылардың білім, шеберлік және дағдының кеңейтілген және тереңдетілген көлемін меңгеру деңгейі.

Білім алушының портфолиосы – білім алушының білім алудағы жеке жетістіктері мен оқу, шығармашылық, спорттық, әлеуметтік, коммуникативтік әрекеттерде қол жеткізген түрлі көрсеткіштерінің жиыны.

Қамқоршылар кеңесі – жалпы орта білім беретін ұйымның алқалық басқару нысаны болып табылатын сайланбалы орган.

Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты білім берудің жалпы нормалары мен мазмұнын қамтиды және тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін көздейді.

Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты білім берудің жалпы нормалары мен мазмұнын қамтиды және тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін көздейді.

Осы стандарт міндетті және вариативтік оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу, сондай-ақ олардың сапасын сараптау, орта білім беру деңгейлері ара сындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, жалпы білім беретін ұйымдарда білім беру процесін жүзеге асыру, педагогтің, жалпы білім беретін ұйымның іс-әрекет нәтижесін анықтаудың бағалау жүйесін әзірлеу және білім алушылардың дайындық деңгейін айқындау мен оларды қорытынды аттестаттаудың бақылау-өлшеуіш материалдарын дайындау, педагогикалық кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру бойынша бағдарламаларды даярлау үшін негіз болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет