Байланысты: 2-ДӘРІС ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ СТАНДАРТЫ
Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша бейіндік оқытуды енгізе отырып, саралау, кіріктіру және білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленеді.
Жалпы орта білім білім алушының табиғат, қоғам және адам туралы біртұтас, аяқталған білім жүйесін меңгеруін, функционалдық сауаттылығының дамуын, тұлғаның интеллектуалдық, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын, білім мазмұнын саралау, кіріктіру және бейіндеу негізінде болашақ мамандығының бағытын таңдау жағдайын қамтамасыз етеді.
.
Жалпы орта білім мазмұнын алты білім саласы құрайды: «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Адам және қоғам», «Жаратылыстану», «Технология», «Дене шынықтыру».
Стандартта ұсынылған орта білімнің базалық мазмұны Қазақстан Республикасындағы білім беру кеңістігінің біртұтастығын, орта білім беру деңгейлері және білім салалары бойынша орта білім мазмұны жүйелілігін, сабақтастығын және үздіксіздігін, барлық білім алушылар үшін білімнің тең мүмкіндігі мен тең қолжетімділігін, жалпы орта білім беретін ұйымдардың типіне, оқыту нысанына және түріне қарамастан, орта білім мазмұнының бірыңғай талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.
Орта білім мазмұнының инварианттық компоненті типтік оқу жоспарларында, ал вариативтік компоненті оқу жұмыс жоспарларында жүзеге асырылады.
Орта білім мазмұнының инварианттық компоненті типтік оқу жоспарларында, ал вариативтік компоненті оқу жұмыс жоспарларында жүзеге асырылады.
Орта білімнің іргелілігін сақтау және орта білімнің базалық мазмұнына қойылатын мемлекеттік талаптарды орындау мақсатында инварианттық компонент жалпы сағат көлемінен бастауыш білім деңгейінде 90 %-дан, негізгі орта білім деңгейінде 85 %-дан, жалпы орта білім деңгейінде 75 %-дан төмен болмайтын мөлшерде белгіленеді.
Міндетті оқу бағдарламалары орта білімнің базалық мазмұнын іске асырады және орта білім беру деңгейлеріне сәйкес білім алушылардың дайындығына қойылатын талаптарды анықтайды. Вариативті оқу бағдарламалары вариативті компонентке кіретін оқу пәндері мен курстарының мазмұнын іске асырады.