2. ДӘріс тезистері


Ақпараттық мәдениет және оның компоненттері



бет10/40
Дата23.05.2020
өлшемі0,65 Mb.
#70876
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40
Байланысты:
лекции

Ақпараттық мәдениет және оның компоненттері

Ақпараттық мәдениет - адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатыcyғa және ол кeңicтіктe epкін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара ic-әрекетке түсуге мүмкiндiк беретiн бiлiм деңгейi.

Э.Л.Семенюктiң пiкiрi бойынша "ақпараттық мәдениет - Ақпараттық мәдениет – ақпараттық қызметтің мүмкін болатын барша түрлерін: алуды, жинақтауды, сақтауды және кез-келген өңдеуді жүзеге асырып, осының негізінде сапалық жағынан жаңа ақпарат жасауға, оны беруге, іс жүзінде пайдалануға мүмкіндік беретін адамның, қоғамның, немесе оның белгілі бір бөлігінің сапалық жетілу деңгейі". 

Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам - ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек. 

Қоғамның ақпараттық қоғамға өтуі өз дамуында білім беру жүйесі алдында болашақ маманның ақпараттық мәдениетінің негіздерін қалыптастыру мақсатын қояды.


Ақпараттық қоғам мүшесінің ақпараттық мәдениетінің құрылымы

Ақпараттық мәдениеттің компоненттері

Атауы

Мәні

Аксиологиялық

адамның ақпараттық қызметінің адамгершілік құндылықтарын жеке тұлға деңгейінде қабылдау

Коммуникативтік

Информатика және ақпараттық технология аумағында қарым-қатынас және ынтымақтастық мәдениеті, телекоммуникацияның мүмкіндіктерін тұлғааралық және ұжымдық өзара әрекетте қолдану мүмкіндіктері

Танымдық-интеллектуальдық

Ақпараттық технология аумағында еркін бағдар жасау және құзырлылық, ойлаудың икемділігі мен бейімделуі

Болжамдық

Ақпараттық іс-әрекеттің мүмкін салдарларын болжау, үнемі жаңарып тұратын ақпараттық жағдайға кәсіби-әдеуметтік бейімделу

Қолданбалылық

Кәсіби есептерді неғұрлым тиімді шешу үшін ақпараттық-технологияның мүмкіндіктерін қолдану

Құқықтық

Ақпараттық қатынасты реттеудің негізгі құқықтық нормаларын білу және оны орындау, ақпараттандыру құралдарының көмегімен жасалатын әрекеттерге жауаптылықты сезіну

Эргономикалық

Ақпараттық-кәсіби қызметте еңбекті ұйымдастырудың ғылыми принциптерін, денсаулық, физиологиялық және қолайлылық қауіпсіздігін іске асыру.

Қоғамдық өмірге ақпараттық технологияны енгізудің «білім беру» бағыттары:



  1. Ақпараттық қоғам жағдайында білім мазмұны мен қызметін, педагогикалық қызметтің формалары мен әдістерін өзгерту;

  2. Ақпараттық технология мен ақпараттандыру құралдарының шығармашылық қабілеттер мен кәсби бағдардың дамуына жағымды әсері;

  3. Ақпараттық технология тәрбиелеік әсері;

  4. Білім беруде мультимедиа-технологияны қолдану мүмкіндіктерінің пайда болуы;

  5. Ақпараттық қоғам жағдайында үздіксіз білім берудің болашақтағы дамуы;

  6. Оқыту құралдарының электрондық моделінің жаппай қолдану және дамыту;

  7. Қоғамның ақпараттық ресурстары негізінде дамыта оқытудың қалыптасуы

  8. Қосымша білім беруге ақпараттық және телекоммуникациялық технолгияларды енгізу;

  9. Ақпараттық қоғамда дәстүрлі және инновациялық оқыту тәсілдерінің мүмкіндіктерін үйлестіру;

  10. Оқытушылардың оқыту үдерісінің барлық түрлерінде жұмыс істуге арналған ақпараттық мәдениетін қалыптастыру;

  11. Оқу мекемелерін басқарудың жаңа тәсілдерін жасау және педагогикалық еңбектің сапасын бағалау;

  12. Ақпараттық қоғамда білім беру жағдайларының ауқымы және интеграциялау.

1

№3 дәріс

  • ҚР-да білімді ақпараттандыру мәселелері.

  • Алғаш рет Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасы (1997-2001 жж.) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың № 3645 Жарлығымен 22.09.1997 ж. бекітілген болатын.

  • 2001 ж «Интернет мектептердің» тізімаралық бағдарламасы жасалды;

  • 2002-2004 жж. ҚР-ның Білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасы жасалды;

  • 2007-2009 жж. ҚР-нда ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы жасалды;

  • 2005 ж. 2010 ж. кезеңінде Білім беруді ақпараттандырудың нақты бағыты Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында бекітілді.

  • 2008-2012 жж. Интернет желісінің қазақстандық сегментінде (Қазнет) Біртұтас ақпараттық кеңістікті қалыптастыру мен дамытудың тұжырымдамасы қабылданды;

  • 2011-2020 жж. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында 2020 жылы білім берудің қазақстандық жүйесі біртұтас әлемдік ақпараттық білімдік кеңістіктің бөлігі ретінде қызмет ететін болады. Бағдарлама біртұтас ақпараттық білімдік кеңістікті құру бойынша, ең алдымен «білім беруді дамытудың ақпараттық және ғылыми әдістемелік жасақтамасының біртұтас жүйесінің негізін қалыптастыруға және білім беруді тиімді басқарудың объектілері мен процестері үшін салалық ақпараттық жүйені құруға» мүмкіндік беретін басым бағытты анықтайды. Адамзаттық ресурстардың әлуетін арттыру мақсатында электрондық оқыту білім беруді түбегейлі жаңартудың басым бағыты деп аталған.

  • 2017 жылдың 12 желтоқсанындағы № 827 қаулысымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

  • Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет