Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар 1. Қай тұздар гидролизге ұшырайды? Олардың гидролиз теңдеулерін жазу керек: K2SO4, Na2Se, BaS, LiCl, NH4NO3, ZnCl2, K2SO3, Na3PO4, HCOOK, NH4ClO4, KBrO, CuSO4, Bi(NO3)3.
2. Мына тұздар ерітінділерін бір-бірінен индикатор арқылы ажыратуға бола ма: NaClO4 және NaClO; KClO3 және NaAsO3; BeCl2 және BaCl2; KJ және NH4J; Na2CO3 және Zn(NO3)2?
3. Орта тұздарға қарағанда гидро- не гидроксотұздар гидролизге көбірек ұшырауы мүмкін бе? Мысал келтіріп, түсіндіріңдер.
4. Қандай тұздар гидролизге сатылап түседі? Саты саны неге байланысты және гидролиз интенсивтігі бірінші сатыдан соңғы сатыға қарай қалай өзгереді?
5. Гидролиз дәрежесі деген не, оған қандай факторлар әсер етеді? Оның мәнін қалай көтеруге не азайтуға болады?
6. Концентрациялары бірдей және бірдей температурада жүрген мына тұздар гидролизін гидролиз дәрежесі өсу ретімен орналастыру қажет:
CH3COONa, HCOOK, NaCN, KNO2. Висмут және сурьма тұздарының ерітіндісін дайындағанда қышқыл қосады. Неге?
7. Гидролиз константасы (Кг) деген не? Оның мәні тұздар табиғатына, ерітінді концентрациясына, температураға тәуелді ме? Әр түрлі тұздар үшін Кгмәнінің көп не аз болуы неге байланысты?
8. Екі тұздың ерітіндісін араластырғанда неге өзара бір-бірінің гидролизін күшейтеді? Кез келген тұздар жұбы осындай эффект бере ме?
9. Молярлы концентрациялары 0,1моль/л NaNO2 және HCOOK ерітінділерінің гидролиз дәрежелерін есептеу керек.