2. ДӘріс тезистері



бет4/18
Дата04.10.2022
өлшемі65,67 Kb.
#151698
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Әдебиеттану дәрістер (1)

3. Әдебиет теориясы – бұл әдебиет тарихы мен әдебиет сыны салаларының фактілерін жинақтап, қорытып, оны ғылыми тұжырымға айналдыратын әдебиеттану ғылымының негізгі саласы. Ол көркем әдебиеттің өнердің ерекше бір түрі ретіндегі бейнелілік сипатын, қоғамдық-әлеуметтік маңызы мен даму ерекшеліктерін, туындының құрылысы мен тілін, образдар жүйесін, көркемдік әдістер мен бағыт-ағымдар жайын, стиль, поэтика мәселелерін қарастырады. Қарастырғанда да әдебиет тарихы мен сынының пайымдауларына, тұжырымдарына сүйене отырып сөз етеді. Бұл әдебиет туралы ғылымның үш саласының өзара бірлік-байланыстарын, бірін-бірі толықтырып отыратынын танытады. Әдебиеттану ғылымының бұлардан басқа мәтінтану (текстология), библиография, историография т.б. бірнеше жанама салалары бар.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
Тест
1. Әдебиеттану қай ғылымның саласына жатады?
A) Мәдениеттану
B) Филология
C) Мәтінтану
D) Өнертану
E) Философия
2. Әдебиеттану ғылымының қосымша салаларының бірі
A) Әдебиет сыны
B) Мәтінтану
C) Әдебиет тарихы
D) Историография
E) Әдебиет теориясы
3. Әдебиет, өнер дамуының үрдісіндегі көркемдік әдістерді, бағыт-ағымдарды, әдеби мектептерді әдебиеттану ғылымының қай саласы қарастырады?
A) Мәтінтану
B) Әдебиет тарихы
C) Әдебиет сыны
D) Библиография
E) Әдебиет теориясы
4. Ғылыми айналымға «лирикалық кейіпкер» терминін енгізген әдебиетші
A) Тынянов
B) Веселовский
C) Байтұрсынов
D) Гинзбург
E) Поспелов
5.. «Сурет – мылқау поэзия, ал поэзия – сөйлейтін сурет»: Кімнің пікірі?
A) Гете
B) Байтұрсынов
C) Гегель
D) Вольтер
E) Қабдолов
Сұрақтар:

  1. Әдебиет поэтикасы ұғымының мәні қандай?

  2. Поэтика нені зерттейді?

  3. Әдебиет поэтикасы қандай ғылым салаларымен байланысты?

  4. Әдебиеттанудың жанама салаларын атаңыз.

  5. Жалпы және жеке поэтиканың міндеттерін сипаттаңыз?

6. Практикалық поэтиканың міндеттері қандай?

1

№ 3
дәріс

3 дәріс: Сөз өнері жайлы ғылымның туу, қалыптасу тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет