2. ДӘріс тезистері


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



бет7/18
Дата04.10.2022
өлшемі65,67 Kb.
#151698
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
Әдебиеттану дәрістер (1)

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
Тест
1. Авторлық суреттеудің өзегіне алынып, шығармада көрініс тапқан ақиқат болмыстағы заттардың, құбылыстьардың, оқиғалардың жиынтығын көрсететін ұғым
А) тақырып
В) идея
С) сюжет
Д) композиция
Е) фабула
2. Көркем шығарма пішінінің элементтері:
А) көркем образ, композиция, суреттеу жүйесі
В) проблематикасы
Е) тартыс пен оның шешімі
С) шиеленісу мен шарықтау шегі
Д) тақырып пен идея
3. Шығарманы оқу арқылы ғана тануға болатын көркем мазмұн
А) сюжет
В) фабула
С) идея
Д) пішін
С) тақырып
4. Тақырып таңдау мәселесі
А) шығармашылық тәжірибе мен дүние танымға байланысты
В) мамандық-кәсіпке байланысты
С) қоғамдағы ортаға байланысты
Д) шеберлікке байланысты
Е) қиял-ой жүйріктігіне байланысты
5. «Мәңгілік тақырыптар»
А) адамгершілік, махаббат
В) тың игеру, комсомол тақырыбы
С) өндіріс, колхоз тақырыбы
Д) бесжылдық, социалистік еңбек тақырыбы
Е) төңкеріс, қазан тақырыбы
Сұрақтар:
1. Тақырып дегеніміз не?
2. Мәңгілік тақырыптар мен идеяларға не жатқызар едіңіз?
3. Авторлық идея дегеніміз не?

1

№ 5
дәріс

5 дәріс: Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Көркем шығарманың мазмұны
2. Көркем шығарманың пішіні
3. Көркем өнердегі мазмұн мен пішін туралы ғылыми пайымдаулар
4. Әдеби туындының мазмұндық, пішіндік бөлшектері
5. Әдебиеттегі ұлттық мазмұн мен ұлттық пішін жайы және оның тұрақтылығы
Мазмұн мен пішін – күрделі философиялық ұғым. Бұлар бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтындай тығыз бірлікте. Бұлар нақты өмірдегі кез келген зат пен құбылысқа тән.
Пішін дегеніміз – бір нәрсенің пішіні. Оның ішкі анықтамасы – мазмұн. Тақырып пен идея - әдеби шығарманың мазмұны. Ибсен айтқандай, әдебиетшінің өмірінің өзі де мазмұнды болуы керек. Өнер иесіне өмір тәжірибесінің тигізер әсері мол.
Әдеби шығарманың мазмұны - өз эстетикалық идеалы тұрғысынан суреткер таныған ақиқат өмір де, пішіні – осы шындық тұтастырыла жинақтаған көркем образдар жүйесі, яғни әдеби қаһармандар өмірі. Көркем шығарманың күллі қадір-қасиеті мазмұн мен пішіннің бірлігінде жатыр. Л.Толстой кез келген көркем шығарманың құны мен қасиетін үш түрлі сипатына: а) мазмұн сонылығына, б) пішіні немесе талантқа, в) автордың шығарма предметіне байсалды көзқарасы мен ыстық ықыласына қарап бағалаған.
Қандай жағдай болса да әуелі мазмұн туады да, өзіне пішін іздейді. Мазмұн мен пішіннің бірлігінде мазмұнның пішіннен басымдығы жатады.
Мазмұн дегеніміз - өз эстетикалық идеалы тұрғысынан суреткер таныған ақиқат өмір де, пішіні – осы шындық тұтастырыла жинақталған көркем образдар жүйесі, яғни кейіпкерлер өмірі.
Бір мазмұнның бірнеше пішіні болады.
Мазмұнға қарағанда пішін өзгерімпаз.
Мазмұн мен пішін – тарихи категория.
Мазмұн мен пішін жайын сөз еткенде, ескретін тағы бір мәселе – жаңа мазмұнға жаңа пішін іздеуге болады. ал құры пішіншілдікке салыну (формализм) көркемдік емес.
Әдебиеттегі мазмұн мен пішін дегендерді затты деректерге көшірсек, былай болады: Шығарманың мазмұны –оның ақиқат шындыққа негізделген тақырыбы мен идеясы да, пішіні - әдеби қаһармандардың өзара қарым-қатынасына, тағдыр-тартысына негізделген сюжеті, композициясы, суретті сөзі, көркем шығарманың тілі.
Бір мазмұнның бірнеше пішіні болады. Ұлы Отан соғысына қатысты туындыларды алайық. Қасым, Бауыржан, Ғабит, Тахауи шығармалары және М.Әуезов пен Ә.Әбішев жазған «Намыс гвардиясы». Шығарма мазмұнының жетімділігі оның пішініне қатысты. Мазмұнға қарағанда, пішін өзгерімпаз. Махаббат тақырыбы. Қозы мен Баян сұлу махаббатын қазіргі үлгімен суреттеу қисынсыз. Бір мазмұнның өзі әр дәуірде әр түрлі пішінге көшіп отырады. Пішіннің әсемдігі суреткер шеберлігіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет