2. ДӘріс тезистері


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



бет9/18
Дата04.10.2022
өлшемі65,67 Kb.
#151698
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Байланысты:
Әдебиеттану дәрістер (1)
Конфликт-және-оның-түрлері, Эссе құндылық (2), Тіл біліміне кіріспе косымша материал, 3срсп
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
Тест
1. Шығармада оқиға даму мен кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынастың қиындап, күрделене түскен шағы
A) шешімі
B) шарықтау шегі
C) шиеленісу
D) байланыс
E) экспозиция
2. Көркем шығармадағы эпилог
A) кейіпкер мінезін даралауға қатысты
B) шығарма идеясын тағы да нақтылай түседі
C) негізгі тартысты ашады
D) типтік шындықтың жан-жақты бейнеленуіне әсер етеді
E) ешқандай роль атқармайды
3. Сюжетке қатысты перипетия термині қандай мағынаны білдіреді?

А) Кейіпкерлердің мақсатына жетуі


В) Кейіпкерлер тағдырындағы біртұтас кезеңнің, түрлі шырғалаң оқиғалардың сюжетте орын алуы
С) Кейіпкерлердің оқиға орнында кездесуінің суреттелуі
D) Кейіпкерлердің мұрат жолында қажыр-қайрат көрсетуінің баяндалуы
Е) Кейіпкерлердің оқиға барысында мақсатына жете алмауының суреттелуі
4. Оқиғалардың суреттеліп-баяндалуы уақыт жағынан жалғасып, бірізділік танытатын сюжет түрі
А) Мифтік сюжет
В) Көшпелі сюжет
С) Эпикалық сюжет
Д) Хроникалды сюжет
Е) Ертегілік сюжет
5. Көркем мәтіннің материалы
А) Өмір оқиғасы
В) Адам тағдыры
С) Сөз
D) Идея
Е) Сюжет
Сұрақтар:

  1. «Сюжет» ұғымының мазмұнын ашыңыз.

  2. Көркем шығарма фабуласы деп нені атайды?

  3. Сюжет пен фабуланың айырмашылығы не?

  4. Сюжет қызметін анықтаңыз.

  5. Сюжеттің сақиналы т.б. түрлерін сипаттаңыз.

  6. Көркем шығарманы құрудың негізгі заңдылықтарын сипаттаңыздар.

1

№ 7
дәріс

7 дәріс: Көркем образ түрлері. Оның жасалу жолдары
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Көркем образ – эстетикалық категория.
2. Көркем образды әдеби тек, көркемдік әдіс және жасалу тәсілі тұрғысынан бірнеше түрге бөлудің ғылыми мәні.
3. Көркем образға тән қасиеттер. Жинақтау мен даралау. Тип және характер. Тип және прототип.
4. Характердің жасалу жолдары. Мінездеу, портрет, психологизм, монолог, диалог, пейзаж т.б.
5. Көркем шығармадағы көркемдік деталь қызметі.
Әдебиет туралы күллі түсініктердің тоғысар арнасы – көркем бейне және бейнелілік (образ және образдылық). Негізінен алғанда, әдебиеттің объектісі – өмір болғанда, предметі – адам екені белгілі. Ілкі заманнан – ақ адам өмірінен тыс еш өнер туындысының болмайтыны дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Сөз өнеріндегі өмір шындығы тек адам арқылы, адам бейнесі арқылы ғана көркем жинақтау дәрежесіне көтеріледі. Әдебиеттегі ойдан шығару – образға баратын жол. Ойдан шығару – суреткердің өмірде көрген-білгенін ойша өңдеудің, қорытудың, жинақтаудың тәсілі. Ойдан шығару жоқ жерде бейне толық шықпайды. Себебі суреткердің өз ойында нақты мүсінделмеген, көз алдында елес бермеген бейнені нақты тірі кейіпкерге айналдыруы қиын. Сөз зергерінің бәрі де осы туралы айтқан. Мысалы, Ибсен: іші-сыртын түгел: жүріс-тұрысын, мәнер – машығын, тіпті киімінің түймесіне дейін көріп, даусын естуім керек» десе, Бомарше өз ойындағы қаһармандарымен кәдімгі тірі кісімен сөйлескеніндей жазып отырған, Чеховтың «ішімде сыртқа шыққысы кеп тұрған бүтін бір армия бар» деуі де бекер емес.
Ойдан шығару – шығармада суреттелер шындықтан шалғай жатпайтын, сол шындықты сұрыптау, саралау тәсілі, шындыққа суарылған адам бейнесін әрі жинақтау, әрі даралау тәсілі. Ең қарапайым мағынасында образ – суретті сөз.
Сөз өнерінің басқа өнер түрінен айырмасы – бейнелілігі, суреттілігі. Әдемілік, сөз сұлулығы дегеніміз теңеу, метафора т.б. көріктеу құралдарын ретсіз көп қолдану емес, жүйелі-лікпен, қажетіне қарай қолдану. Сөз сұлулығы оның сонылығында. Бұған жеткізетін жол – көркем деталь. Сөз өнеріндегі сұлу нәрсе – қайталанбас сұлулық. Деталь – бөлшек, өнердегі деталь – бүтіннің кішкене бөлшектерінің бірі, егжей-тегжейі, жеке нәрсесі. Әдебиеттегі деталь – суреткердің шабытты еңбегінің нәтижесі. Мысалы, Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып өзіне қайтарамын. Мұқағали. Ә.Нүрпейісовтың «Қан мен теріндегі» Еламанның өз үйінің алдында байлаулы тұрған бәйге күреңнің Ақбаланың ашынасы Тәңірбергендікі екенін білгендегі күйі: «Сол сәтте әлдеқайдан сары қаншық жүгіріп келіп, балық иісі шыққан киімін иіскеді. Онан сары қаншық мұп-мұздай тұмсығымен бұның қолын жалап алды. Еламан бойын жиып ала қойды!. « Аулына келген кісіге баласынан бұрын итін мақтайтын Абыралы әулетінің ежелгі бір әдеті еді». Детальдың тағы бір ерекшелігі – дәлдігінде. «»Талпақ танаудағы» «Сары атан ойлай алса, әрине, атанша ойлар еді» деп, шошқаны суретеуі де тұнып тұрған деталь.
Образ кең мағынасында – көркем бейне, қаһарман. Әдебиетте адам бейнесін жасаудың негізгі амалы – жинақтау. Жинақтау үшін суреткерге өмірлік материалдарды сұрыптау мен өңдеуі керек. «Абай жолын» жазу үшін М.Әуезов жиырма жылдан аса уақыт материал жинақтаған, артылып қалған материалдың өзі тағы екі-үш томдықтай деген. Типтендіру – ақиқат өмірдегі тірі кісілерден әдеби шығармадағы жанды бейне туғызудың аса қиын да күрделі процесі. Жазушыға тип жасау үстінде керегі – прототип. Пушкиннің Онегині де сол кездегі жастардың жиынтық бейнесі, С.Мұқановтың Амантайы Амангелді Имановтың сұлбасы болса, «Талпақ танаудағы» Есен қарт Қызылжардан Омбыға көшіп кетіпті, юморға шыдамағандықтан. Әрбір әдеби тұлғаның өз ортасынан бөлек, оқшаулайтын, өзіне ғана тән психологиялық ерекшелігі болуы керек. Суреткердің өмір шындығын жинақтау әрекеті әрқашан адам мінезін даралау әрекетімен ұласып, ұштасып жатады.
Мінез – адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез жоқ жерде, ақиқат ашылмайды. Суреткер үшін де ең қиыны адамның жаны мен жүрегіндегі көзге көрінбес иірімдерді тап басып тану. Ғ.Мұстафин «Дауылдан кейін» шығармасын жазуда кейіпкерлерінің бір-біріне ұқсамауына күш салған. «Сөзі, мінезі, пішіні, ой әрекеті тек өзіне тән, дара-дара адамдар көбейе берсе, кітап күшейе береді. Ал, адамдары көбейгенмен, біріне-бірі ұқсай берсе, кітап күшейе береді. Ал адамдары көбейгенмен, біріне –бірі ұқсай берсе, әлсірей бермек». Сонымен мінез – көркем шығарманың өзегі.
Мінез адамның ішкі бітімі болса, тип – сом тұлғасы. Мінездеу тура және жанама мінездеу деп бөлінеді. Ә.Нүрпейісовтен Сүйеу қартты алсақ, «Сүйеу – ел ішіне сыйымсыз, тікбақай, тентек шал. Өз үйінде де жыландай ысқырып отыратын болғасын қатын-балалары оның қай жағынан шығып қаларын білмей, қыпылдасып болатын» деп, тура мінезделіп тұр. Жанама мінездеуге Е.Домбаевтың « Болмаған оқиға» шығармасындағы Әбеннің дүниеде жек көретін екі нәрсесі бар екенін – шыбын мен музыка – екенін айтуды жатқызамыз. Ғ.Мүсіреповтың «Этнографиялық әңгіме» туындысы да осының тамаша мысалы бола алады.
Тип – күрделі дүние. Әдеби тип әрі әбден жинақталған, сондықтан өзі сияқтылардың бәріне ұқсайтын жалпы тұлға, әрі әбден дараланған, өзінен басқа ешкімге ұқсамайтын жалпы тұлға. Тип мазмұны осы жалпы мен жалқының бірлігінен құралады. Әрбір кейпкер бірнеше адамның жиынтығы, әрі қайталанбас дара тұлға.
Прототип - әдеби шығармадағы кейіпкердің бейнесін жасауға негіз болатын, өмірдегі бар, түпкі, негізгі тұлға. Абай, Құнанбай, Зере, Оразбайлардың бәрінің де прототипі бар. «Менің атым - Қожа» повесіндегі Қожаның біраз мінез-құлығы автордың өзі қайталайды, бірақ дәл өзі емес. Көркем шығармадағы жинақтау типке, даралау мінездеуге әкеледі.
Тип- реалистік бейне. Тип - әбден жинақталған, өзі сияқтылардың бәріне ұқсайтын жалпы бейне, әрі әбден дараланған, өзінен басқа ешкімге ұқсамайтын жалпы бейне.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет