2. ДӘріс тезистері


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



бет6/18
Дата04.10.2022
өлшемі65,67 Kb.
#151698
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Әдебиеттану дәрістер (1)

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
Тест
1. Әл-Фараби өзінің «Өлең өнері қағидалары туралы трактат» еңбегінде ақындарды қанша топқа бөлген?
A) 3
B) 2
C) 4
D) 5
E) 6
2. Ғылыми айналымға «лирикалық кейіпкер» терминін енгізген әдебиетші
A) Тынянов
B) Веселовский
C) Байтұрсынов
D) Гинзбург
E) Поспелов
3. Әдебиетті «адамтану ғылымы» деп атаған қаламгер
A) Буало
B) Плеханов
C) Гете
D) Горький
E) Қабдолов
4. Платон «Бүкіл Грекияның тәрбиешісі болды» дегенде кімді айтқан?
A) Евклид
B) Гомер
C) Сократ
D) Аристотель
E) Гораций
5. Көркем туындыға “өмір оқулығы” болу талабын қойған сыншы, эстет.
А) Герцен
В) Чернышевский
С) Веселовский
Д) Белинский
Е) Добролюбов
Сұрақтар:
1. Ежелгі үнді, иран сөз өнерінің үлгілері жайлы не білесіз?
2. Аристотель «Поэтикасының» маңызы қандай?
3. Антикалық әлем, көне Грекия ойшылдарының ой-толғамдарын сипаттаңыз.

1

№4
дәріс

4 дәріс: Көркем шығарманың тақырыбы, идеясы, проблематикасы
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.Тақырып пен идея бірлігі.
2. Мәңгілік және тарихи тақырыптар
3. Көркемдік идея. Негізгі, жанама, объективті, авторлық идея
4. Көркемдік шығарманың проблематикасы
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Жазушы өз шығармасына тақырып етіп өмір құбылыстарын таңдап алғанда, оларға өзінің бағасын береді; ол бағада жазушының дүниеге көзқарасы, таптық идеалы жататыны сөзсіз. Себебі «Әдебиетші – таптың көзі, құлағы және үні. Ол өз табының көңіл күйін, тілегін, қамын, үмітін, құштарлығын, мүддесін, қасиетін қабылдайды, қалыптастырады, суреттейді» (М.Горький). Жазушы өз шығармашылығымен өмірге үн қосады, үн қосқанда өз табының мақсат-мүддесіне сай үн қосады. Көркем әдебиеттің жұрт үшін әшейін көңіл көтеру, бой сергіту, «рақаттану құралы емес, адам тіршілігінің заңды жағдайларының бірі» (Л.Толстой) болатын себебі де осында жатыр. Міне, осылайша, өмірге үн қосу әрекетінен келіп әр жазушының әр шығармасының идеясы туады. Егер тақырып – жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы болса, идея – жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы деп айтуға болады. Яғни, жазушы өзі бейнелеп, суреттеп отырған өмір құбылыстары арқылы оқырман назарын неге аударса, қайда бағыттаса, сол – идея! Мейлі шағын, мейлі көлемді, ұзақ шығарма болсын, ақын-жазушылар өмір туралы, адам және олардың араларындағы қарым-қатынастар туралы жұртшылыққа өздерінің ой-пікірлерін, көзқарастарын ұсынады. Шығарманы жазбас бұрын, қандай мәселені оқушыларының алдына тартпақшы, сол туралы ойланады. Сан ой, сан алуан пікірлердің ішінен біреуін негізгі ойының қазығы етіп алады. Сол шығарманың тақырыбы болып саналады. Шығарманың тақырыбын шығарманың идеясынан бөліп қарауға болмайды. Жазушының шығарманы не туралы жазуын – тақырыбы десек, шығармадағы суреттелген өмір құбылыстарына оның өз көзқарасы, қалай бағалаушылығы – шығарманың идеясы болады.
Идеясыз шығарма болмайды және болуы да мүмкін емес. Мазмұн мен пішіннің байланысы секілді тақырып пен идея да әрқашан бірлікте болады. Тақырыптан идея, сондай-ақ идеядан тақырып туып жатады. Идеясыз тақырып, тақырыпсыз идея болуы мүмкін емес. Қысқасы, кез-келген көркем шығарманың бірін-бірі туғызып, бірін-бірі дамытып жатуы тақырып пен идея болады. Жазушы өмір шындығын көркем образдарға жинақтап, өз шығармасының тек идеялық-тақырыптық негізінде ғана суреттеп көрсете алады. Тақырып пен идеяның мұншалық мызғымас бірлігі туралы сан ғасыр бойы суреткерлер мен ойшылдар айтқан аса кемел әрі маңызды пікірлер өте көп. Мәселен өткен ғасырда В.Г.Белинский көркем шығарманың идеясын «оның өн бойында желі тартып жатқан ой мен сезімнің мығым бірлігі» деп белгілесе, біздің заманымызда Р.Ғамзатов шығарма идеясын оның тақырыбына тамаша тапқырлықпен нұсқалы әрі ұтымды көшіріп әкетеді: «ой мен сезім – құс десек, тақырып – аспан; ой мен сезім – бұғы десек, тақырып – орман; ой мен сезім – елік десек, тақырып – тау; ой мен сезім – жол десек, тақырып – сол жол алып баратын шаһар».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет