2. ДӘріс тезистері



бет4/27
Дата08.11.2019
өлшемі1,14 Mb.
#51332
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Лекции по МПФ

Мысалы: Ұзындығы 1 км көлденең қимасының ауданы 10 мыс өткізгіштің кедергісін анықта.

Бер:

Талдауы:

Шешуі:



Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



  1. Физика есептерінің классификациясын көрсетіңдер.

  2. Графиктік есептер қалай беріледі?

  3. Сандық есептер деген не?

  4. Сапалық есептер дегеніміз не?

  5. Есеп шығару кезеңдерін көрсетіңдер.

1

№ 4

дәріс


4дәріс. Оқушылардың оқу жетістігін тексеру. Оқушылардың білімдерін мен іскерліктерін бақылау және есепке алу түрлері

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):


  1. Негізгі және орта мектепте оқушылардың білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын тексерудің ерекшеліктері


  2. Оқушылардың білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын тексерудің әдіс-тәсілдері.

  3. Физика бойынша оқушылардың білімдерін және іскерліктерін бағалау

Дәрістің қысқаша мазмұны:


Оқушылардың үлгерімін тексеруді дұрыс ұйымдастыру олардың жұмыстарына бақылау жасау үшін қажет. Ол оқушылардың ой-өрісінің дамуына, олардың ойлауы мен сөйлеуіне әсер етеді, олардың білімдерін жүйеге түсіреді, сондай-ақ мұғалімнің қолданған әдісінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Оқушылардың өздерінің оқу еңбегіне есеп беріп тұруы оларды жауапкершілікке тәрбиелейді.

Физикадан үлгерімді тексеруге – білімді, іскерлікті және дағдыны тексеру кіреді. Оқушылардың үлгерімін тексерудегі негізгі талаптарға – тексерудің жүйелілігі және бағаның әділ қойылуы жатады.

Оқушылардың физикадан білімін ауызша және жазбаша, ал іскерліктер мен дағдыларды эксперименттік және графиктік есептерді шығарудың, бақылау және лабораториялық жұмыстардың көмегімен тексереді.

Оқушылардың білімін тексерудің ең кең тараған түрі – ауызша тексеру. Оның көмегімен мұғалім мен оқушының арасында тікелей байланыс жүзеге асады. Білімді ауызша тексеруді сабақтың барысында, қайталау уақытында және жаңа материалды оқып үйренуге дайындық кезінде, сабақтың соңында өткізуге болады.

Білімді ауызша тексеру тәсілі екі формада: жеке және жаппай өтеді.

1)жеке дара сұрауда оқушылардың бірі тақтада физикалық құбылысты, заңды немесе құрылғының, приборлардың жұмыс істеу принципін, есептің шешуін жүйелеп түсіндіреді, тәжірибелер жасайды.

2)білімді жаппай тексеруді сабақтың кез-келген кезеңінде өткізуге болады: материалды қайталағанда, жаңа материалды оқып үйрену процесінде және т.б.

Білімді тексерудің жазбаша тәсілі бақылау жұмыстарын, тест тапсырмаларын өткізу жолымен жүзеге асады. Жұмыстың ұзақтығы түрліше болуы мүмкін: 10-15 минуттан бір сабақ бойына дейін. Бір сағаттық бақылау жұмысын бір тоқсанда бір-екі рет өткізеді.

Практикалық іскерліктер мен дағдыларды тексеруді приборлар мен аспаптардың көмегімен оқушылардың түрлі тәжірибелерді орындау жолымен өткізеді. Мұндай практикалық тексеру жұмыстары жеке-дара, сондай-ақ жаппай өткізіледі.

Жеке-дара практикалық тексеруде оқушы қандай-да бір тәжірибені қайталап көрсетіп береді, приборлардың, машинаның құрылысын, жұмыс істеу принципін түсіндіріп береді немесе физикалық шамаларды өлшеу тапсырмасын орындайды.

Жаппай практикалық тексеруде мұғалім бүкіл сыныпқа тапсырма береді де, жұмыс барысын қадағалайды. Мұғалім өзінің бақылауларына және оқушылардың жазбаша есеп беруін негізге ала отырып баға қояды. Мұндай жұмыстардың қатарына лабораториялық жұмыстарды жатқызуға болады.

Физика бойынша оқушылардың білімдерін және іскерліктерін бағалау

Оқушыладың білімі бес балдық жүйемен бағаланады. Бағаларды қою кезінде мұғалім анықталған критерийлерді жекетшілікке алады, оларға білімдердің тереңдігі, көлемі және меңгерген білімді жалпылай алу мен талдай білу, алған білімдерін танымдық және практикалық іскерліктерге қолдана білу жатады.

Білімдерді бағалау кезінде мұғалім физика бойынша жалпы білім беру бағдарламасында келтірілген білімдерді бағалау нормаларын басшылыққа алады. Бағдарламада бағалау кезінде қолданылатын білімдер мен іскерліктер ажыратылып көрсетілген. Оларға мыналар жатады:


Физикалық құбылыс жайында:

1.Құбылыстың белгілрі, оның анықтамасы.

2.Оның өту мен байқалу шарттары.

3.Ол құбылысты қазіргі заманғы ғылыми көзқарас тұрғысынан түсіндіріп, дәлелдеу.

4.Оның басқа құбылыстармен байланысы.

5.Құбылыстың практикада ескерілуі.



Физикалық шама жайында:

1.Физикалық шамамен сипатталатын құбылыстың қасиеттері.

2.Бұл шамамен басқа шамалардың арасындағы байланысты көрсететін формула.

3.Физикалық шаманың анықтамасы.

4.Оның өлшеу бірліктері.

5.Физикалық шаманы өлшеу тәсілдері.



Физикалық заң жайында:

1.Физикалық заң қандай шамалардың арасындағы байланысты тағайындайды.

2.Заңның тұжырымдамасы.

3.Заңды дәлелдейтін тәжірибелер мен эксперименттік факт.

4.Заңды осы заманғы ғылыми теориялар негізінде түсіндіру.

5.Заңды практикада қолданудың (ескерудің) мысалдары.



Нысан жайында:

1. Нысанның жалпы сипаттамасы.

2. Пайда болу шарттары.

3. Нысанның физикалық қасиеттері.

4. Сапалық сипаттамалары.

5. Модель.

6. Нысанды сипаттайтын негізгі теңдеулер.

7. Оның мүмкін күйлері.

8. Практикада пайдаланылуы.

Тәжірибе жайында:

1. Тәжірибенің мақсаты.

2. Тәжірибенің сызбасы (схемасы).

3. Тәжірибе өтетін жағдайлар.

4. Тәжірибе жасау.

5. Тәжірибенің қорытындысы.



Приборлар жайында:

1. Құрылғының қызметі.

2. Құрылғының сызбасы (схемасы).

3. Құрылғының жұмыс істеу принциптері.

4. Қолданылуы.

Бағалауға келесі іскерліктер жатады:

- табиғат пен техниканың құбылыстарын түсіндіру үшін ұғымдарды, заңдарды және теорияларды қолдану;

- оқулықпен өзбетінше жұмыс істеу;

- белгілі заңдар мен формулалар негізінде есептерді шығару;

- физикалық шамалардың анықтамалық кестелерін пайдалану.

Лабораториялық жұмыстарды бағалау кезінде келесі іскерліктер ескеріледі:

- тәжірибені жүргізуді жоспарлау;

- схема бойынша қондырғыны жинау;

- өлшеуіш приборларды қолдану;

- бақылаулар жүргізу, өлшеуіш приборлардың мәліметтерін алу, шамалар тәуелділіктерінің кестесін құру және графиктер тұрғызу;

- өлшеу нәтижелерін бағалау және өлшеу қателіктерін есептеу (жоғарғы сынып үшін);

- істелеген жұмыс бойынша қысқаша есеп беру және қорытынды жасау.

Бағдарламада оқушылардың ауызша жауаптарын бағалау нормасының мысалы келтірілген.

«5» бағасы қойылады, егер оқушы:

- қарастырылған құбылыстардың және заңдылықтардың, заңдардың мен теориялардың физикалық мәнін дұрыс түсінгенін білген кезде, негізгі ұғымдарға, заңдарға және теорияларға дұрыс анықтама бергенде, сондай-ақ физикалық шамалар мен олардың өлшем бірліктерін және өлшеу тәсілдерін дұрыс анықтағанда;

- алынған жауаптың сызбаларын, схемаларын және графиктерін дұрыс орындағанда;

- жауапты жеке жоспар бойынша құрғанда, баяндау барысында жаңа мысалдарды қолданғанда, практиалық тапсырмаларды орындау кезінде жаңа жағдайларға білімдерді қолдана білгенде;

- физика курсы бойынша меңгерілген және бұрын меңгерілген материал, сондай-ақ басқа пәндерді игеру кезінде меңгерілген материал арасында байланыс орната білгенде;

- қателіктерді дұрыс талдағанда.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар


  1. Негізгі және орта мектепте оқушылардың білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын тексерудің ерекшеліктерін атаңдар.


  2. Оқушылардың білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын тексерудің әдіс-тәсілдерін көрсетіңдер.

  3. Оқушылардың білім, іскерлік және дағдыларын тексерудің маңызы мен қажеттілігі қандай?

  4. Физика бойынша оқушылардың білімдерін және іскерліктерін бағалаудың түрлерін көрсетіңдер.

1

№ 5

дәріс


5дәріс. Физика бойынша өтілетін экскурсиялар, олардың маңызы мен түрлері. Сынып тақтасымен жұмыс. Физиканы оқытудағы техникалық құралдар

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):



  1. Экскурсия – физиканы оқытудың бір формасы

2. Сынып тақтасымен жұмыс


3.Техникалық құралдар. Олардың түрлері
Дәрістің қысқаша мазмұны:

1 Экскурсия – физиканы оқытудың бір формасы

Эксукрсия – оқушыларды нақтылы заттармен және құбылстармен табиғи күйінде таныстыруды қамтамасыз ететін оқу формасы.

Олар белгілі оқу материалын өтуге байланысты, немесе сыныптан тыс жұмыс жоспары бойынша өткізіледі. Физикалық экскурсиялар оқу жұмысын жандандырады, оқушылардың ғылымға деген құштарлығын арттырады, олардың білім құмарлығы мен талаптылығын күшейтеді. Оқу жылы ішінде экскурсия өткізу үшін арнаулы күндер бөлінедіә. Бұл күні оқушылар мектепте оқымайды. Оқу процесінде алатын орнына байланысты экукурсиялардың үш түрі бар: алдын-ала өткізілетін, ілеспелі, қортындылау мақсатында өткізілетін экскурсиялар.

Алдын-ала өткізілетін экскурсиялар – оқушылардың жаңа материалды түсіндірер алдында қажет болатын білімді жинақтауын көздейді. Бұл оқушылардың жаңа тақырыпты қабылдауын жеңілдетеді.



Қорытынды экскурсиялар – физикатақырыбы, немесе тарауынан өткізілетін жұмысты аяқтап, сыныпта өтілетін материал бойынша білімді бекітуді және тереңдетуді көздейтін шара.

Ілеспелі экскурсиялар – өтілген үлкен тақырып бойынша ұзақ процеске енгізіледі, әңгіме үшін тіректік матреиал беретіндей болып, жеке мәселелерге ілестіріліп жүргізіледі, оны сипаттайды. ФИзикалық экскурсияның мәні – бізді қоршаған дүниені танып білу. Егер экскурсияда көрсетулер болмаса, ол экскурсия болудан қалады, ол кәдімгі лекцияға, немесе әңгімеге айналады. Керісінше, түсіндірме берілмеген экскурсия мақсатсыз саяхатқа айналады, оның білім алуға әсері шамалы. Мақсаты мен тақырбына қарамастан әрбір физикалық экскурсияның өзіне тән белгілері бар. Солардың бірі болмаған жағдайда экскурсия қоршаған ақиқатты танып-білдіру формасы болудан қалады. Тәрбиелеу мен білім беру формасы іспетті экскурсияға тән ерекшеліккөрсету мен айтып беруді ұштастыру. Бұл екеуінің арақатынасы нақты жағдайға қарай өзгеріп отырады. Ол экскурсияның тақырыбына, оқуышлардың құрамына байланысты. Алайда, қандай жағдайда болмасын көрсету мен айтып беру табиғы бірлікте болуы керек. Яғни экскурсиякөрсету, талдау жасаумен; түсінік, ғылыми анықтама берумен қатар жүргізіледі. Экскурсияға қатысушының көргені, мұғалімнің әңгімесі арқылы оның санасында белгілі бір оқиғаларға, құбылыстарға, фактілерге, процестерге нақты тұжырым жасатады. Шынында оқушы экскурсияда тек көріп, тыңдап қана қоймай, сонымен бірге толғанады да. Көргені мен естіген оның бойына күшті сезім туғызады, ол қызығады, қобалжиды, ойланады. Сөйтіп, экскурсия өзінің көрнекілгі, түсініктілігі және әсерлілігі мен білім берудің тиімді формасы болып табылады. Фактілерді тиянақты меңгеруге және есте тұрақты сақтап қалуға себін тигізеді. Демек, дүниеге диалектикалық көзқарас қалыптастырады.

Экскурсия орнын таңдағанда, бірінші кезекте, оның экскурсия тақырыбын ашып көрсетудегі маңызына көңіл аударады, мұғалім көптеген фактілерді ескереді. Солардың ішіндегі ең бастылары – барар орынның танымдылық құндылығы, олардың мәлімділігі, ерекшелігі және орналасқан жағдайы. Тақырыбына, экскурсия кезінде көрсетілетін құбылыстың күрделілігіне қарай оның ұзақтығы түрліше болады. Экскурсияның ұзақтығы оның түріне, жүргізу әдісіне, өткізілетін орнына, экскурсияға қатысушы оқушылардың құрамына қарай анықталады. Мәселен, төменгі сынып оқушылары үшін экскурсия ұзаққа созылмағаны жөн. Өйткені, олардың зейін қою, қаракет ету сипаты өзгешелеу. Балалар жалығып, экскурсияның мәліметтеу дәрежесі төмендеп кетпейтіндей етіп құруға мүмкіндік жасау қажет.

Сонымен, білім беру ісінде экскурсияның маңызы өзгеше. Экскурсия тақырыбы, сондай-ақ, оны ұйымдастыру тәсілі әртүрлі болады. Олар ең алымен оқу-тәрбие процесінің мақсатына бағышталады. Мысалы, төменгі сыныптарда – ол табиғатты көру мақсатында ұйымдасытылатын экскурсиялар болса, орталау мектептегі оқушылар үшін диалектикалық-материалистік түсінік қалыптастыру мүмкін. Жоғары сыныптардағы оқу-өндірістік экскурсиялар толитехникалық білім беру жолында маңыз атқарады, мектептің өірмен байланысын қалыптастырудың елеулі құралы бола алады. Экскурсияның мүмкіндігі мол, ол өзінің ерекшеліктеріне қарай тәрбиенің қай түріне де қолайлы. Экскурсияның оқу процесі ретіндегі ғылыми принципі – ең алдымен экскурсия мазмұнының диалектикалық атериализм идеяларына, осы заманғы ғылыми жетістіктерге сәйкес болуын талап етеді. Материалдың терең ғылыми негізде болуы, оқушылардың танымдық ынтасын арттыруға көмектеседі. Физикалық ғылыми білім, ең алдымен шынай шындыққа сүйенеді. Ол эксперимент арқылы тексеілген болмыстық дүниенің жалпы және маңызды заңдылықтарының көрінісі болып есептеледі.

Ғылыми принциптің талаптары атериалдың мазмұнына ғана қатысты емес. Бұлар материалды баяндау барысында да қатал сақталып отыруы керек: жүргізуші мұғалімдердің, немесе жетекшілердің фактілерді, құбылыстарды, ұғымдарды ғылыми тұрғыдан түсіндіріп беруі - әрбір экскурсияға тән қасиет. Тәрбие беру – ғылым мақсатарын іске асыруды көздейтін болғандықтан, экскурсияның тиісті идеялық бағыты болуын талап етеді. Экскурсия жүргізуші мұғалім теорияның өмірмен байланысын жүзеге асыру үшін түрлі әдістер мен тәсілдерді жете пайдалануы тиіс. Мысалы, ол белгілі бір теориялық қағиданы келтіріп, оны нақты мысалдармен, фактілермен, цифрлармен нақтылацйды яғни баяндаудың дедуктивті (жалпыдан жалқыға) әдісі қолданылады. Теорияның өмірмен байланысын іске асыру жолында экскурсия жетекшісіне салыстыру тәсілі үлкен мүмкіндік береді. Бұл тәсілді қолданғанда оқушылар табиғаттағы өзгерістер сырын толығырақ және тереңірек түсінеді. Сонымен бірге, көрнекілік принципінің талаптары мен ережелерін сақтап отырудың маңызы да үлкен. Экскурсияның қандай болсын, бәрібір оның адамгершілік, патриоттық сезімдерге тәрбиелейтін материалы болуы шарт. Білім беру мен тәрбиенің танылған формасына айналып отырған физикалық экскурсия ғылыми білімдерді, ғылыми-техникалық білімдерді насихаттаудың тиімді құралы.



Экскурсия жасауға мүмкін болатын обьектілер

Экскурсиялар көрсетілімдік әдісінің бір түрі және оқытудың айрықша ұйымдастыру формасы. Физикалық экскурсияны өткізу барысында әртүрлі әдістердің - әңгіме, лекция, әңгімелесу және т.б. қолданылуы мүмкін. Бірақ бұлардың бәрі көрсетілімдік әдісімен үйлестіріледі, соған бағынышты. Әдетте экскурсия нақтылы заттарды, құбылыстарды процестерді абиғи жағдайда көріп, қабылдауға мүмкіндік береді.

Экскурсия жасалатын обьектімен экскурсанттарды таныстыру үшін мекеме жетекшілері экскурсовод тағайындайды. Экскурсоводтан басқа, машиналлардың және қондырғылардың жұмыс принципімен толығырақ таныстыру үшін тәжірибелі механиктер, маман жұмысшылар бөлінеді. Бірақ экскурсия кезінжде жетекші рөлді мұғалім атқарады. Экскурсоводтар, маман қызеткерлер, жұмысшылар мұғалімді алмастыра алмайды. Олардың сөзі тек мұғалімнің әңгімесін толықтыады. Экскурсия кезінде қауіпсіздік техникасының ережесі қатаң сақталуы керек. Экскурсия кестесі мектеп директорының қолы қойылып, мөрімен бекітіледі.

Төменде бағдарламаның жекелеген бөлімі бойынша экскурсия жасауға мүмкін болатын обьектілер көрсетілген (3-кесте).


3-кесте. Бағдарлама бойынша экскурсия өтуі мүмкін обьектілер

сынып

бағдарлама бөлімі

экскурсия жасалатын оьбектілер

VІІ

Кіріспе. Зат құрылысы туралы бастапқы мағұлыматтар. Денелердің өзара әсерлесуі.

Жөндеу шеберханасы.



Қатты денелердің, сұйықтардың және газдардың қысымы.

Өрттен қорғау депосы. Суқұбыры. Комбайнның, автомашинаның, трактордың гидроситемасы.

Жұмыс және қуат. Энергия.

Құрылыс алаңы. Гидротехникалық қондырғы. Жел двигателі.

VІІІ

Жылу құбылыстары



Малдарды тамақтандыру цехы. Ғимараттарды жылыту жүйесі. Жөндеу шеберханасының дәнекерлеу бөлімі.

Электрлік құбылыстар


Орталық шеберханадағы автотракторлы электр қондырғыларын ретке келтіру бөлімі.

Электромагниттік

құбылыстар



ТЭС, ВЭС, ГЭС. Жергілікті телефон станциясы.

Жарық құбылыстары

Оптикалық құралдарды, фотографиялық және проекциялық аппаратураларды жөндеу шеберханасы.

ІХ

Кинематика негіздері


Ауылшаруашылық өнімдерін алғаш тазарту пункттері. Құрылыс алаңы.

Динамика негіздері

Жөндеу шеберханалары

Х

Молекула-кинетикалық теория негіздері

Астықты кептіру пункті.


Термодинамика негіздері



Суытқыш қндырғылар және сүт

өңдеу цехы. Сүт заводы. Метеорологиялық станция.



Электр өрісі. Тұрақты ток заңдары

Мектеп ғимаратын электр жарықтандыру жүйесі.

ХІ

Электромагниттік тербелістер мен толқындар

Трансформатор және электр станциялары.

Жарық кванттары. Жарықтың әсері.

Есептеу орталығы.


Атом және атом ядросы.

Мал өсіру мен жеміс өсіруде радиоактивті заттарды қабылдауға арналған тәжірибелік алаңдар.

Обьектілерге экскурсия жасалғаннан кейін оқушылардың білімдерін тексреу, бекіту мақсатында тақырып бойынша әңгімелесулер, есептер шығаруға болады. Сонда оқушылардың ойында материал терең бекіп, ұзақ сақталады.



Экскурсияны өткізу әдісі

Белгілі бір физикалық тақырыптың мәнін ашу мақсатын көздейтін әрбір экскурсия оқушылардың жан-жақты дамуына, белсенді және саналы қоғам құраушыларды даярлау ісіне көмегін тигізуі керек. Демек, экскурсия – педагогикалық процесс, оған екі жақ: білім беретін экскурсия жетекшісі мұғалімі және сол білімді меңгермекші – оқушы-экскурссанттар белсенді қатысуы шарт. Сондықтан экскурсияның әдісі педагогика жасаған принциптерге, формалар мен әдістерге, сондай-ақ психология ғылымының жетістіктеріне сүйенеді. Экскурсияның бұл екі құрамды бөлігі бірінен бірі туындап, белгілі бір көрсету обьектілерінің болуын сөзсіз талап етеді. Экскурсияда түсінік пен ұғымның негізгі көрнекілік принципі болғандықтан, көрсету бірінші орынға қойылады.

Экскурсияда жетекші орын алатын көрнекілік құралдарын шартты түрде үш топқа бөлуге болады: экскурсия обьектілері, қосымша суреттендірілген материалдар және құралдар. Көбіне дидактикалық категорияларға сүйенетін экскурсиялар теориялық және іс-жүзілік білім берудің принциптеріне, соның ішінде түсінікті, жүйелі, дәйекті болу сияқты принциптерге сүйенеді. Түсінікті болу принципі материалдың қиыншылық келтірмеуін, экскурсия жетекшісі хабарлайтын барлық мәліметтерді, теориялық тұжырымдарды және қорытындыларды оқушылар біршама ынта қойғанда меңгере алатындай етіп баяндалуын талап етеді. Бұл принциптің жүзеге асырылуы экскурсия жетекшісінен әрбір экскурсанттың ерекшелігін, олардың білімін, дене және ақыл-ой дамуы дәреждесін ескеруді қажет етеді. Бір тақырыптағы экскурсияның материалы оқушылардың әр тобы үшін әртүрлі баяндалуы керек. Жүйелілік принцип – экскурсия материалының хронологиялық, немесе ой ұласу жағынан қатал байланысы болуын талап етеді. Әрбір экскурсияның бірнеше тақырыпшадан тұратыны белгілі. Олардың мәнін ашып көрсеткенде оқушылар экскурсияның бүкіл тақырыбы бойынша қисыгды, біртұтас түсінік алуы керек. Осы принципті орындау, экскурсия жетекшісі – материалды белгілі бір жүйе бойынша баяндап, жаңа материалды бұрынғы өтілгендермен байланыстырып отыруын, басты ерекшеліктерге көңіл аударуын талап етеді. Экскурсия өткізудің де жалпы және жеке әдісі бар. Жалпы әдіс бұл барлық экскурсияға жарамды болатын көрсету мен баяндап беру тәсілдері. Жеке әдіс – экскурсияның белгілі бір түрлері үшін қолданылады.

Экскурсияның мақсаты – экскурсиялық обьектілерді көрсету. Ол белгілі бір әдіске сәйкес, жоспар бойынша жүргізіледі. Обьектілерді көрсету – экскурсия жетекшісінің әңгімесімен ұласып отырады, бұл әңгімелерде обьектілер неғұрлым жақсы көрініп, әсер қалдыратындай болуы керек. Кейбір обьектілірдің бірнеше жерден көрсетілітінін ескерген жөн. Эксурсанттар тұратын орынды таңдағанда экскурсия жетекшісі оқушылардың қауіпсіздігін, сондай-ақ орынның оларға ыңғалы болуын ойластыруы қажет. Көрсетілітін орын көлік жолынан едәуір алыс жерде болуы және сол маңда қандай-да болмасын құрылыс жұмыстары атқарылмауы тиіс.

Ауылдық жерлердегі су бөгеттері, сумен қамтамасыз етуге, немесе егістікті суғаруға арналған насос станциялары, суландыру, немесе құрғату жүйелері, жасанды жауын жаудыру қондырғылары мен жел двигательдері – мұның бәрі оқушылар үшін жасалатын экскурсиялардың тамаша оьбектілірі. Олар физика заңдарын түсіндіруге және ауыл шаруашылығының энергетикасымен таныстырудың тамаша жолы. Мұндай экскурсияларға 1-2 сағат уақыт уақыт берілуі тиіс.

Кешенді экскурсиялар – бір-біріне байланысты пәндер бойынша (физика және химия, физика және матемтика, т.б.) сабақтардан өткізілетін экскурсиялар түрі. Онда оқушыларға бір обьектілерден екі, не үш пәнге байланысты қандай мәселелерге назар аудару керектігі жөнінде тапсырмалар беріледі. Бұл экскурсиялардың қай-қайсысына да баратын оьбектілер алдын-ала белгіленеді. Ауылдық мектептерде ондай экскурсиялық обьектілер: жылу станциялары, аудандық трактор станциясы, аудандық трактор шеберханасы, ұстахана, гараждар, электр және телефон станциялары т.т.

Экскурсия жақсы әсер қалдыру үшін мұғалім де, оқушылар да оған мұқият әсірленуі қажет. Ол үшін мұғалім алдымен экскурсия жасалатын обьектілермен алдын ала танысып, қай обьектіге қандай тақырыпта экскурсия жасауға болатынын ертерек шешіп алады. Мұғалім экскурсия жасалатын кәсіпорынның басшыларымен экскурсия өткіетін күн, ол жерге түсінік беру үшін маман адам белгілеу жайында бірнеше күн бұрын келісім жүргіеді. Көбіне экскурсияда түсінік беруші мұғалімнің өзі болғаны дұрыс. Өйткені, мұғалім өз оқушыларының әзірлігі мен білім көлемін бөтен адамнан гөрі жақсы біледі. Бірақ, мұғалімдер экскурсиялық обьектінің кейбір мәселелерін жете біле бермейтіндіктен, экскурсияда түсінік беруші ретінде сол кәсіпорынның мамандырының бірімен бірігеді. Мұндай жағдайда түсінік беруші адамнан экскурсияда қамтылытын мәселелер жайында, оқушыларға не туралы түсінік беру керектігі жайында әңгімелесіп, тіпті оның қолына экскурсияның кеңірек жасалған жоспарын беріп қойған жөн. Сонда ол, түсінік беруші адам қандай мәселелерге тоқтау керектігін нақты білетін болады. Мұндай оқушылар экскурсиядан көп әсер алады.

Экскурсияға әзірлік, оған барар алдындағы физика сабағында кіріспе әңгіме түрінде жүргізіледі. Мұндай әңгімеде мынадай мәселелер қамтылады: 1. Экскурсияның мақсаты, баратын обьектілер. 2. Обьектілерді аралу тәртібі, оқушылардың неге назар аудару керектігін анықтау. 3. Үйге тапсырманы ұйымдастыру яғни қортынды әңгімеге қажетті сұрақтарға ауызша жауап беру, немесе қысқаша жазбаша есеп жасау, экскурсия материалы бойынша есептер шығару тәртібі, т.б. қарастырылады. 4. Оқушылардың экскурсия кезінде өздерін қалай ұстау керектігін яғни тәртіп сақтауын берілген түсінікті жақсы ұғатындай болып бір-біріне бөгет жасамай тұруын, қаіпсіздік техникасын сақтауын қамтамасыз ету.

Кіріспе әңгіме кезінде экскурсиға байланысты схемалар, диафильмдер, немесе кино, т.б. көрнекі құралдарды пайдалануға болады. Егер оқушылар бұл обьектіге бірінші рет экскурсия жасап отырған болса, онда оның даму тариғы, өндірістік мүмкіндігі туралы айтып, сол кәсіпорынмен қысқаша таныстырған жөн. Экскурсияны қорытындылаудың маңызы зор. Бұл қорытынды оқушылардың экскурсиялардан алған әсерлері әлі басылмай тұрған кезде, клесі физика сабағында жүргізілуі тиіс. Ол сабаққа да тиісті көрнекіліктер, түрлі апаптар әзірленеді. Қорытынды жасағанда оқушылар өздеріне тапсырылған мәселелер бойынша айтып береді де. Артынан мұғалім экскурсияны қоытады. Кейбір экскурсиялар әр тарау өтілгеннен кейін, оны қорытндылау мақсатында жүргізіледі. Сонда оқушылар әрбір тараудың теориялық материалын, оның тұрмыста, техникада қолданылуымен байланыстырады, материалды жете ұғады. Егер уақыт тар болмаса, онда экскурсины кейбір тараулардың материалдарын бірден қамтитындай етіп ұйымдасытуға болады. Бұл мәселелр мұғалімге және жергілікті мүмкіншілікке байланысты. Кейде экскурсияға сыныпты толық апарудың орнына, оны топқа бөліп, оқушылардың әрқайсысына жеке тапсырмалар беруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет