2. ДӘріс тезистері



бет6/27
Дата08.11.2019
өлшемі1,14 Mb.
#51332
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Лекции по МПФ
ОБЯЗАННОСТИ

Комплекстің орталығы дербес компьютер болып табылады 1 (бұдан кейін ДЭЕМ белгіленеді). Ол видеомагнитофонмен 2 бірге сыртқы проекциялық экранда 4 (өлшемдері, мысалы диагонал бойынша шамамен 3,5 м) түрлі-түсті және ақ-қара ақпаратты бейнелейтін видеопроекторға 3 шыға алады. Кескін экранда жақсы көрінеді, себебі видеопроектор үлкн жарық ағынына ие (900лм). Видеопроектормен 3, диапроектормен 7, проекциялық экранмен 4, терезелерді перделеу 9 және сынып-аудиторияны жарықтандыру (лампы схемасында жарықтандыру көрсетілмеген) дистанциялық пульттың 17 көмегімен басқарылады. Комплекс датчиктермен 16, аналогты-цифрлық түрлендіргіштермен 15 комплектіленеді. Комплексте видеокамерлар 5 және фреймграбердің 6 болуы мұғалімге магнитті лентаға визуальды ақпаратты жазуға мүмкіндік береді. ОАК (АКП) портативті магнитофонмен 8 жарықтандырылған, ол усилителмен 10 және акустикалық аппаратурамен 11жалғанған. Бұл мүмкіндік береді:

- магнитті лентаға жазылған тексті шығаруға мүмкіндік береді;

- кабинетте сабақтың музыкамен жүргізілуіне жақсы жағдай жасайды;

Оқушылардың жеке жұмыстарын ұйымдастыру үшін телефондарды 12 қолдануға болады.

ОАК (АКП) көппультті сұрақ-өлшегіш жүйесімен 13 жабдықталған. Ол ДЭЕМ базасында құрылады.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



  1. Сынып тақтасымен жұмыс істеу тәртібін көрсетіңіз.

  2. Оқытудың техникалық құралдары деп нені түсінеміз?

  3. Дәстүрлі оқытудың техникалық құралдарының классификациясын көрсетіңідер.

  4. Оқытудың қазіргі заманғы техникалық құралдарын атаңдар.

  5. Эксукрсия деген не?

  6. Эксукрсияның қандай түрлері бар?

  7. Экскурсияның өткізу мақсаты қандай?


1

№ 6

дәріс


6 дәріс. Физика бойынша факультативтік курстар, олардың мазмұны мен өткізу әдістемесі. Физика бойынша өтілетін сыныптан тыс жұмыстардың формалары мен әдістері

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):


  1. Физика бойынша сыныптан тыс жұмыстар

  2. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері мен формалары


Дәрістің қысқаша мазмұны:

Мектеп физикасы бағдарламасы бағдарламасында көрсетілген білімдер мен дағдыларды оқушыларға меңгертумен физиканы оқытудың мақсаттары толық орындалды деп айтуға болмайды. Өйткені физиканы сүйетін оқушылардың білімін тереңдетіп, дағдыларын дамытумен қатар, нашар үлгеретін балалардың ынта ықыласын көтеріп, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыруымыз керек. Бұл міндетті нәтижелі шешудің бір жолы- физикадан сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра білу. Әрине, ол мұғалімнің теориялық, физика-техникалық, эксперименттік дайындығының дәрежесіне және оның әр жақты әдістемелік шеберлігіне байланысты.

Физиканы оқыту процесіне байланысты мұғалімнің басшылығымен оқушылардың сабақтан басқа уақытта істейтін қосымша жұмыстарын физикалық сыныптан тыс жұмыстар деп атайды. Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізгенде мұғалім төмендегідей мақсаттарды жүзеге асыруды көздейді:

Оқушылардың физикалық-техникалық білімдерін толықтыру, тереңдету, кеңейту, дамыту.

Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыс істеуге ынта-жігерін, шығармашылық қабілеттерңн арттыру.

Оқушыларды оқулықпен, ғылыми-көпшілік әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.

Жас жеткіншектерге саяси, ғылыми, эстетикалық тәрбие беру.

Физика пәні бойынша орындалатын сыныптан тыс жұмыстардың өзі екі үлкен топқа бөлінеді:

1. Физика оқу бағдарламасының ауқымына кіретін кластан тыс жұмыстар. Бұған физика сабақтарына қатысты жүргізілетін қосымша жұмыстар жатады:

бағдарламада көрсетілген экскурсияларды өткізу.

физикадан нашар үлгеретін оқушылармен істелетін жұмыстар (қосымша сабақ, әр балаға жеке түсіндіру, эмтиханға дайындау).

физиканы қызыға оқитын оқушылармен қиын және қызықты есептер шығару, физикалық экспериментті даярлау, қолдан физикалық приборлар мен көрнекті құралдар жасау, олимпиада өткізу, жаңа приборлармен танысу.

оқушылардың үй тапсырмаларын орындауына көмектесу (консультация, реферат- баяндамалар жаздырту, табиғат құбылыстарын бақылау, үйде тәжірибелер жасау және өлшеулер жүргізу).

Жалпы мұндай жұмыстар физикадан оқу материалының қалыпты және нәтижелі өтілуіне, оқушылардың білімдері мен дағдыларының жүйелі түрде қалыптасуына, класс оқушыларының үлгерімін жақсартуға септігін тигізеді.

2.Физика оқу бағдарламасының шеңберінен тыс жататын жұмыстар. Олардың физика сабақтарына тікелей қатысы бола бермейді. Бұл оқушылардың еркі бойынша ұйымдастырылуы керек. Бұл мынадай жұмыстардың түрлерінен тұрады:

оқушылардың арнаулы физикалық білімдерін тереңдету;

қолданбалы физика салаларын (электротехника, радиотехника, кинотехника, дыбыс техникасы және т.б.) оқу;

физикалық приборлардың модельдерін жасау және т.б.

Бұларды ұйымдастырудың формалары да әртүрлі, мысалы: қосымша әдебиеттерді оқыту, реферат жаздыру, физикалық кеш өткізу,тақырыптық көрмелер ұйымдастыру, қабырға газеттерін шығару, үйірме жұмыстарын ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың жеке, топ және жаппай қатыстырылуымен орындалатын болып 3-ке бөлінеді.

Сыныптан тыс жұмыстар көбіне үйірме түрінде өткізіледі.Үйірмелер физикалық және физика-техникалық болып бөлінеді.Үйірмелерге қатысатын оқушылар саны 10-15-тен аспауы керек.Үйірме жұмысы барлық пәннен мектеп бойынша жоспарлануы қажет. Физика үйірмесінің күнтізбелік (календарлық) жоспары, оған қажетті әдебиеттер тізімі физика кабинетінде ілініп тұруы тиіс.

Жалпы үйірмелер мынадай талаптарға сай ұйымдастырылады:

1.Үйірмені ұйымдастыру туралы ұсынысты оқушылардың өздері бергені дұрыс. Ол үшін мұғалім қандай үйірмелер ұйымдастыратынын, оларды кімдер жүргізетінін және әдебиеттер тізімін, үйірме естесін жазып, кабинетке хабарландыру іліп қоюы керек. 2.Үйірмеге оқушылар өз еріктерімен қатысқаны дұрыс. 3.Төменгі және жоғарғы сыныптар үшін бөлек-бөлек топтардың болғаны дұрыс. 4. Үйірмеге қатысқан оқушылардың жұмыстарын барлық мектеп оқушыларына таныстыру үшін көрме ұйымдастырған жөн. 5. Үйірме сабақтарында оқу бағдарламасының міндеттерін орындауға болмайды.

Физикадан сыныптан тыс жұмыстарға физика апталығын, кештерді және т.с.с. мәселелер жатады. Жалпы физика кешін өткізу мынадай кезеңдерден тұрады:

I. Дайындық кезеңі (1-1,5 ай )

а) мұғалім мен кешті өткізетін оқушылар тобының кештің жоспарын жасауы;

ә) баяндамашыларды бөлу;

б) тәжірибелер мен экспериментті таңдап алып, даярлау;

в) конкурс пен викторинаға есеп сұрақтар таңдау;

г) көрнекіліктер жасау;

е) кештің бағдарламасыкөрсетілген көркем жазылған хабарландыруды күні бұрын (5-6 күн) іліп қою.

II. Кешті өткізу кезеңі (2-2,5 сағат)

а) кеш өтетін бөлмені безендіру;

ә) кешті жүргізу, өткізу;

б) кештің материалдарын жинау;

III. Кештің өтілуін талдау, қорытындылау:

а) оқушылардың сұрақтарына жауап беру;

ә) кештің негізгі бөлімдеріне жауапты оқушылардың есебін тыңдап, талдау;

б) кешті өткізудегі кемшіліктердің себептерін ашу;

в) кешті қорытындылап, баға беру.

Физика және техника бойынша үйірмелер

Физикалық үйірмелер – оқушылардың сыныптан тыс өзіндік жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы. Оқушылар үйірмеге өз тілегі бойынша жазылады. Үйірме жұмысының мазмұны оқушының ғылымға қабілетін ашуды, болашақ мамандығын сенімді таңдауына көмектесуді қамтамасыз етуі тиіс. Көптеген мектептерде тұрақты, табысты жұмыс істейтін үйірме аттары «Радиоэлектроника», «Информатика», «Техникалық моделдер» тәріздес болады.

Физика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың тағы басқа сан-алуан интенсивті, қызғылықты түрлері бар: физикалық олимпиада, физикалық кеш. Викторина, шығармашылық кеш, т.с.с.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



  1. Физикалық үйірме деген не?

  2. Физика пәні бойынша орындалатын сыныптан тыс жұмыстардың түрлері қандай?

1

№ 7

дәріс


7дәріс. Физиканы проблемалық оқыту. Жаңа педагогикалық оқыту технологиялары

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

1.Проблемалық оқыту

2. Физиканы оқытуда проблемалық әдісті қолдану


Дәрістің қысқаша мазмұны:

Проблемалық оқытудың негізінде оқу проблемасы жатыр, оның мәні – проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі. Проблема деп шешілуі оқушылардан білім алу үшін белгілі әрекеттерді талап ететін есептердің, тапсырмалардың, теориялық немесе тәжірибелік мәселелердің әртүрлілігін түсінуге болады.

Проблемалық оқыту – жалпы оқыту атаулы сияқты, екі жақты процесс. Ол, бір жағынан, проблемалық сабақ беруді (мұғалімнің қызмет сферасы), екінші жағынан, проблемалық оқытуды (оқушылардың қызмет сферасын) қамтиды.

Проблемалық сабақ беру (оқыту) – бұл мұғалімнің оқу проблемаларын алға қою және проблемалық ситуациялар жасау, оқушылардың оқу проблемаларын шешудегі оқу қызметін басқару жөніндегі қызметі.

Проблемалық оқу – бұл оқушылардың білімді меңгеру жөніндегі ерекше түрде ұйымдастырылған қызметі, бұл қызмет барысында оқушылар өздерінің алдына қойылған мәселелердің шешімін табуға қатысады.

Проблемалық оқыту оқушылардың ізденіс қызметін ұйымдастыруды, проблемалық сипаттағы есептерді шығару жөніндегі белсенді ақыл-ой қызметінің негізінде білімдерді меңгеру, сондай-ақ білім алу әдістерін игеруді талап етеді.

Проблемалық оқытуды жүзеге асыру үшін төмендегі шарттар қажет:


  • оқу материалында оқушылар үшін проблемалар бола алатын есептердің, мәселелердің. Тапсырмалардың болуы;

  • мұғалімнің проблемалық ситуация жасай білу шеберлігі;

  • оқушылардың бойында проблеманы ашу мен тұжырымдау және оны шешудің тәсілдерін өздігінен табу шеберліктері мен дағдыларын біртіндеп жоспарлы дамыту;

  • мұғалімнің оқу материалындағы проблемалық мәселелерді ажыратуға бағытталған сабаққа әзірленуінің арнайы жүйесі.

Оқу материалын бұлайша даярлау үшін мұғалім оны әртүрлі көзқарас тұрғысынан: ғылыми (негізгі ұғымдарды бас-басына ажырату, олардың өзара байланыстары), психологиялық (көтерілген проблемаларға сынып пен жекелеген оқушылардың қалай қарайтынын алдын ала болжап білу), логикалық (мәселелерді, міндеттерді, тапсырмаларды, оларды үйлестіру жүйесін белгілеудің дәйектілігі), дидактикалық (проблемалық ситуациялар жасаудың қажетті әдістерін таңдау) талдап шығаруға тиіс.

Проблемалық оқытуды жүзеге асыру мұғалімнің қызметін ерекше түрде ұйымдастыруды ғана емес, сонымен бірге оқушылардың іс-әрекетін де ерекше түрде ұйымдастыруды талап етеді.

Проблемалық оқыту сабақта әртүрлі дәрежеде өтуі мүмкін. Проблеманы мұғалімнің өзі тұжырымдауы және шешуі немесе бұл проблеманың ғылымда қандай түрде шешілгенін хабарлауы мүмкін. Мұғалім проблемалық ситуация жасап, оқушыларды ол проблеманың шешімін бірлесіп іздестіруге тарта алады. Мұғалім тарапынан тұжырымдалған проблеманы оқушылардың өздігінен тұжырымдап, оны шешудің жолын қолдануға болады. Оқушыларға проблеманы өздігінен т ұжырымдап, оны шешудің жолын іздеуді ұсынуға да болады.

Мұғалімнің проблемалық ситуация жасау жағдайындағы оқушының әрекеттері төмендегідей логикалық дәйектілікпен жүргізіледі:



Оқу танымында проблемалар ұсынудың бірнеше тәсілін пайдалануға болады. Олардың кейбіреуін қарастырып көрелік.



  1. Жаңа құбылыстарды оқып үйренумен бұрынғы түсініктердің (немесе теориялардың) шеңберіне сыймайтын жаңа эксперименттік фактілерді анықтаумен байланысты проблемалар ұсыну.

Мысалы, 8 сыныпта электр құбылыстарын оқып үйрену кезінде оқушыларда ұзақ уақыт бойы – бірталай сабақ барысында – токтың пайда болуы үшін ток көзінің (гальвани элементі) қажеттігі туралы түсінік қалыптастырылады. Токтың болу шарттарын қайталағаннан кейін, мұғалім оқушылардың назарына өткізгіштегі токты оларға белгісіз ток көздерінсіз де (гальвани элементтері мен аккумуляторларсыз) алуға болатынын көрсететін өткізгішті магнит өрісінде қозғау арқылы жасалатын тәжірибені ұсынады. «Бұл неліктен болады?» деген проблемалық сұрақ пайда болады.

Бұл жағдайдағы проблема ұсыну оқушылардың мұғалімнің түсіндіруіне деген қызығушылығын арттыру және жаңа материалды қабылдау процесіндегі олардың ойлау белсенділігін күшейту мақсатымен жүзеге асырылады.



  1. Оқушыларға бұрын алған білімдері негізінде түсіндіруге болатын құбылысты, оқып үйрену кезінде тәжірибе көрсету негізінде проблема ұсыну.

  2. Физикалық шаманы өлшеудің жаңа әдісін іздестіруге байланысты проблема ұсыну, мысалы: «қолда тек су құйылған мензурка ғана барда, ағаш шариктің массасын қалай анықтауға болады?» Оқушылар бұған дейін массаны рычагты таразылардың көмегімен өлшеп келді, ал мұғалім бұл міндетті олар осыған дейін тек қана денелердің көлемін өлшеуге пайдаланып келген мензурканың көмегімен шешуді ұсынады.

  3. Құбылыстардың немесе құбылысты сипаттайтын шамалардың арасындағы байланысты анықтауды талап ететін сұрақ қою. Мысалы, өткізгіштің кедергісі туралы ұғымды енгізе отырып, мұғалім сыныпқа: «Өткізгіштің кедергісі неге байланысты?»-деген сұрақ қояды. Ол сұрақты оқушыларға өздерінің жорамалдарын айту және тиісті эксперимент жасау үшін қояды.

  4. Проблемалық сұрақты оқушылардың алған білімдерін практикалық сипаттағы есептерді шығаруға қатыстыру мақсатымен қою, мысалы: «Тоңазытқыш болмаса, жаздыгүні сүтті салқындатып қою үшін не істеу керек?». Проблема қойылды. Бұрын алған білімдерін пайдалана отырып, проблеманы шешу тәсілін табуды оқушылардың өздеріне ұсынады.

2.Физиканы оқытуда проблемалық әдісті қолдану

Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Бұл пән мұғалімдеріне үлкен жауапкершілікті жүктейді. Қазіргі жаңа заман мұғалімнің басты міндеті - оқушыларға белгілі бір білімдер жиынтығын беру ғана емес, сонымен қатар оларда оқуға деген қызығушылықты дамыту, шәкірттеріне зерттеушілік, ізденушілік қабілеттерді меңгерту болып табылады.

Проблемалық оқыту оқушылардың барлығын сабаққа жұмылдырып, сабаққа белсенді қатыспайтын оқушылардың шығармашылық жұмысқа қызығушылығын арттырады, оқушы мен мұғалім арасында өзара байланысты қалыптастырады.

Проблемалық оқыту тәсілдерін қолдану оқушыларды мәселені бірігіп шешуге үйретеді. Ал бірігіп жұмыс істеу – әрі жеңіл, әрі тиімді. Оқушылар бірлесіп жұмыс жасап үйренуде шағын топтармен, жұппен жұмыс жасауға қалыптасады, ортақ мәселелерді талқылағанда жаңа пікірлерге шығармашылықпен қарауға төселеді, жаңалықтар ашу барысында жұмыс істейді. Проблемалық әдісті қолдануда оқушы белсенді болады, пәнге деген қызығушылығы оянады, әрі оқу материалын берік меңгереді.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

1.Проблемалық әдіс жайында баяндаңыз

2.Физиканы оқытуда проблемалық әдісті қолдануға мысал келтіріңіз


1

№8 дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет