2 Ертіс жалпы орта білім беру мектебі Көпеева Әлия Қамариденқызы Дидактикалық материалдардың топтамасы қазақ тілі мен әдебиеті тереңдетілген



бет4/5
Дата25.01.2017
өлшемі1,77 Mb.
#7719
1   2   3   4   5
Иса Байзақов Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Үлгілі ауылында туған. Ол- ақын, әнші-композитор. Әкесі Байзақ ескіше хат таныған, жасында ән салып, өлең шығарған, шағын шаруалы, сауыққой кісі болған. Иса 9-ға шыкқанда шешесі қайтыс болып, өлеңші, әңгімеші әжесі Жанбаланың бауырында өседі. Нағашы ағасы Рахмет оған домбыра тартып, ән салуды үйретеді. Кішкентайынан «Әнші Иса»атанады. 1921 жылы Семейдегі жұмысшы факультетінде, 1922 ж. Орынбордағы Қазак халық ағарту институтында, 1929—32 жылы, Қазақ педагогикалық. институтында оқыған. 1926-29 жылы Қазақ драма театрына шақырылып Әміре, Қалибек, Құрманбек, Елубай, т.б. актерлермен бірге жаңа театрдың негізін каласады. Театр алғаш қойған М. Әуезовтің "Еңлік -Кебегі" мен "Бөйбіше -тоқалында" басты рөлдерде ойнайды. Өзі инсценировка жасаған "Біржан - Сара" қойылымындағы Біржан рөлінде нағыз актерлік дарынын танытқан. 1932 - 40 ж. Алматы, Қарағанды, Семей қалаларында радиода, филармонияда, Жазушылар одағында кызмет істеді. Өлеңдері 1924 жылдан жариялана бастады. Сан қырлы талант иесі

Иса Байзақовтың,әсіресе , суырып салма ақындык өнері казақ әдебиетіндегі осы бір ерекше қүбылыстың жалғасындай еді.Иса Байзақов жазба әдебиет өкілі ретінде де шоқтығы биік көркем туындылар қалдырды.

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Оқып шығып,мазмұнын айтыңдар, Иса Байзақов туралы білетіндеріңді мәтінге қоса баяндаңдар.

2. Өз өмірбаяндарыңды жазыңдар.

3. Мына кестені толтырыңдар.

Иса Байзақов

Туған жері




Туған жылы




Тұрмыс жағдайы




Шығармаларының жариялануы




Иса шығармаларын зерттеушілер



Иса шығармаларының атауын жүйе бойынша толтырыңдар





Иса Байзақов шығармалары


Өлеңдері Әндері Желдірмелері Дастандары Айтыстары


Бүгін

Күн бүгін күндегіден неге нұрлы,

Сөз бүгін неге әдемі,неге сырлы.

Сипаттап ел тұрмысын құйылды сөз.

Түйінді шешпек болып неше түрлі.
Бұл нұрлы сәулеленген баспа күні,

Әлемге ұран салып шыққан үні.

Баспасөз жұртшылықтың жаққан шамы,

Ескеріп еңбекшілер ұқсын мұны.


Құлдықта жаны сезілген жалшы-жарлы,

Қараңғы неше мың жыл болған зарлы,

Сендерге ақыл айтып,білім берер,

Үлгі алу баспасөзден өнер алды.


Тексеріп салт-сананы жөн сермейтін,

Қаламгер тілшілері өзгермейтін,

Білім мен мәдениет өркендеуге,

Шырағын партияның сөндірмейтін.


Баспасөз желдей ессін,судай тассын,

Әлемге жарық күндей нұрын шашсын,

Болғандай дос сүйінер,жау күйінер,

Көркейіп көп жасасын,алға бассын!


Тапсырма

1.Өлеңді мәнерлеп оқып шығып,не туралы жазылғанын өз сөздеріңмен әңгімелеп беріңдер.

2.Өздерің қандай төл газет,журналдарға жазыласыңдар?

3.Баспасөз стилінің өзіндік ерекшеліктерін айтыңдар,оның жұмсалу формалары туралы әңгімелеңдер.

4. «Мектеп тынысы»тақырыпта жергілікті жердегі баспаларға мақала жазыңдар.
Қарашы домбыраның еркесіне

Қарашы домбыраның еркесіне,

Исаның шығып алды желкесіне.

Домбыра –екі ішекті,тоғыз перне,

Арқаның кез болдың ғой еркесіне.
Толқынды топшыменен қақ айырып,

Өлеңнің мен жүзейін өлкесіне.

Самғайын қанатымды жел үйіріп,

Қонғандай Оқжетпестің өркешіне.


Тапсырма

1.Өлеңді қара сөзге айналдырып жазыңдар.Стильдік талдау жасаңдар.

2.Өлеңді қара сөзге айналдыруда стиль ерекшелігіне назар аударыңдар.

3.Өлеңдегі кейіптеу,метафора,эпитет,теңеу сөздерді тауып,мағынасын ашып беріңдер.

4.Теңеулер мен эпитеттердің қандай стильдерде қолданылатынын айтыңдар.

5.Халық ауыз әдебиетінен теңеу,эпитеттерді теріңдер.


Назқоңыр

Ай қабақ,алтын кірпік,қызыл ерін,

Кел десең неге аяйын аттың терін,

Сары ағаш сазға біткен секілденіп,

Қай жерде отыр екен бұраң белім.

Базардан алып келген күміс құман,

Жігітті адастырған қалың тұман.

Арадан қыл өтпестей тату едік,

Біздерді араз қылған қай антұрған?
Тапсырма

1.Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.

2.Өлеңді ұйқас түріне талдаңдар.

3.Тұрақты эпитеттерді қатыстырып,сөйлем құраңдар.

4.Өлеңнен тұрақты тіркесті тауып,синонимдік қатарын құрыңдар.

5.Үлгі бойынша кестені толтырып,бірнеше тұрақты тіркестерді қатыстырып,мәтін құраңдар.






Тұрақты сөз тіркестері

Мағынасы

Сұраулары

1

Қыздың жиған жүгіндей

Әдемі

Қандай?

2










3










4











Кербез сұлу

Алтайдың кербез сұлу азат қызы,

Шырқатып ән салғанда жайнап жүзі.

Қайысқан қара орманда құлақ түріп,

Жымыңдап масайрайды көк жұлдызы.

Алтайдың жерінде нұр,көгінде күн,

Тіпті жоқ,ұнамастай бойында мін.

Нұрлы жүз,құралай көз қарындастырың,

Көрдің бе қара шашы төгілгенін?

Алтайдың құлпырып тұр сай-саласы.

Болған соң елі нұрлы,жері шалғын,

Қалайша ән салмасын қыз-баласы.


Тапсырма

1.Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.

2.Ақынның қолданған бейнелі сөздеріне теориялық талдау жасаңдар.

3.Өлеңнің қанша буынды екенін,қандай ұйқасқа құрылғанын анықтаңдар.

4.Өлеңдегі табиғат суреттері қалай сипатталған.

5.Өздерің мекендеген ауыл,қаланың табиғат көрінісін суреттеп,мәтін құрастырыңдар.



Өнер

Жігіттер өнер үйрен заманыңда,

Теңшілдік түгелімен өз қолында.

Түрлендір шаруаңды,түс жарысқа,

Талабың алға басып тұрғаныңда.
Қарсы тұр жан аямай тап жауына,

Алданба залымдардың арбауына.

Танысып күнделікпен,өнер үйрен,

Тез тырыс ұлы еңбектен қалмауыңа.


Тапсырма

1. Өлеңді оқып,ондағы терең ойлы,өмір шындығынан туындаған сөздерге көңіл аударыңдар.

2. Абай өлеңдерімен салыстырыңдар.

3. Өнерлі адамның моделін салыңдар.

4. Өлеңнің 1-2 тармағына синтаксистік талдау жасаңдар

5. Өлеңді жаттап алыңдар.

***

Алтайдың айналасы шөккен алтын



Көркейткен іргесіне қонған халқын.

Бір кезде қоңсы қонған жарлы жалшы,

Міне,бүгін екпіндеп басты қарқын.
Алтайдың кен шығады саласынан,

Биік құз,терең жартас арасынан.

Соққанда болат балға шүйдесінен,

От шығады жарқылдап шүйдесінен.

***

Жазылып жарқын дала,сағым қалқып,



Көк майса жұпар атты тамыры балқып,

Жайқалып қызғалдағы жер құлпырып,

Көкорай мұрын жарды иісі аңқып.
Аңғардың алабында шешек жарып,

Нұрланған еңбектен гүл шамдай жанып,

Желкілдеп колхоздардың көк егісі,

Көк түлеп топырақтан тамырланып.


Тау сұлу көсілдіре жасыл киді,

Ақша бұлт ақ торғындай басын иді,

Құрылған қыз,жігітке шымылдықтай,

Жағалай қарағайдан шашақ түйді.


Көпіріп,тас-талқандап,өзен тулап,

Таулардан ағып жатыр төмен құлап,

Бүйірден бұлақтар жамырасып,

Ән қосты сылдырына жел шуылдап.


Тапсырма

1.Өлеңді оқыңдар.

2.Берілген үзіндіде ақын жылдың қай мезгілін жырлаған?

3.Жыл мезгіліне сай келетін сөздермен кестені толтыр.




Қабылдаулар

Қыс

Көктем

Жаз

Күз

Түсі













Дыбыс













Иісі













Көңіл күйіңіз













Жан дүниеңіздегі өзгерістер














Жалқаулық

Жалқаулық надандықтың бір белгісі,

Қуанарлық наданның жоқ үлгісі.

Кеңестің кеңдігінде білім алмай,

Текке қарап оңар ма жүрген кісі.
Еңбексіз пайда іздеген арам тамақ,

Қуат беріп наданға болады жақ.

Ойласаң сары уайым соқырлықта,

Көгертеді қай жанды ондай ақымақ.



Тапсырма

1.Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.

2.Жалқаулық надандықтың бір белгісі дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Осы өлеңді С.Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»атты өлеңдерімен ұштастырып көріңдер.Жақсы,жаман адамның қасиеттерді тізіп көрсетіп,кестені толтырыңдар.



Жақсы қасиет

Жаман қасиет

Мейірімді

Надан

Ақкөңіл

қараңғы







Ақерке

Ақерке,ақ күмістей сенің жүзің,

Кетерме көкейімнен айтқан сөзің.

Ақылың айдын шалқар көл секілді,

Жанарлы қара нәркес екі көзің.
Күлкің гүл жас баланың жанарындай,

Ақерке айтып бітпен құмарымды-ай.

Болса да жасың кіші,білімің-дария,

Әнімді арнамаймын саған қалай?!


Жас күнің жалындаған ерке тоты,

Асылдың өнер,үлгі есіл-дерті.

Шырқайын Ақеркенің айғайымен,

Өзімдей берік болсын,жігіт серті.


Тапсырма

1.Өлеңді нақышына келтіріп,мәнерлеп оқыңдар.

2.Өлеңдердегі көркемдегіш сөздерді картотекаға түсіріңдер.

3.Өлең жолдарындағы тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріп,ережелерін еске түсіріңдер.



Даналығың өлмейді.

Өлеңнен бұлақ ағызған,

Түрінен тұр тұрғызған,

Ақыннан-ақын Абайға,

Ұлы халқың ардақтап,

Тарихи белгі тұр сақтап,

Мың сан жылға,талайға.

Даналығың өлмейді,

Өлуге жол бермейді.
Халқың үшін қалдырған,

Адам мейірін қандырған,

Інжумен егіз сөздерің,

Бірі қымбат бірінен,

Алтын мен зұфар зерінен,

Өлеңмен салған іздерің.

Іші-сырты сыны бал

Сыры терең,тілі бай.



Тапсырма

1.Өлеңді мәнерлеп оқып,кімге арнап жазылғанын байқаңдар.

2.Ақынның сөз саптау шеберлігіне ақын қандай баға берді.

3.Абай Құнанбаев туралы не білесіңдер.

4.Абайға арнау шығарыңдар.
Жастарым.

Жастарым еңбекші елдің болатысың,

Сүзілген жібек баулы қанатысың.

Қар жауып,ысытық,аяз көрсеңдағы,

Құлпырып өңі түспес жанатысың.
Өрімдей емен ағаш сен сабағы,

Дұшпанның саған батпас бар жарағы.

Сауытың үстіндегі сұр костюмің,

Адымда ұлы жолмен алдындағы.


Тапсырма

1.Ақын сендердің бошақтарына қандай сенім артқан?

2.Өлеңнен бірнеше сөз тіркестерін теріп, талдау жасаңдар.

Сөзжұмбақты шешіңдер.




3. «Ел болашағы біздің қолда»тақырыбында пікір алмасыңдар.
Каталог: uploads -> doc -> 1107
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1107 -> Сабақ тақырыбы: «Пайдалы қазбалар»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет