2 есептеу теориялық БӨлім


Тестілеу жүйесінің мемантикалық моделін құрастыру



бет10/10
Дата17.12.2019
өлшемі1,11 Mb.
#53663
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
stud.kz-23252

2.3.7 Тестілеу жүйесінің мемантикалық моделін құрастыру
Жоғарыда бірнеше рет ерекшеленгендей, тестілеу жүйесінің негізгі моделі болып «Білім алушы моделі» болып табылады. Әр «Қолданушыға» сәйкес білім алушы моделі қойылады. Білім алушы моделіне білім алушылармен өтілген тестер жиыны жатады. «Тест» объектісі қолданушымен өтілген тест, оның нәтижелері және ұсыныстары туралы ақпаратты қамтиды. Тестіленетін жүйемен байланысты атрибуттар келесідей:

  • Тест атауы;

  • Рейтингті өзгерту;

  • Меңгеру деңгейін өзгерту;

  • Тесті бастау уақыты;

  • Тесті аяқтау уақыты;

  • Дұрыс жауаптар;

  • Барлық сұрақтар;

  • БТЖ-нің нұсқаулықтары;

  • Инструктор нұсқаулықтары;

  • Инструктормен өзгертілген;

  • Инструктормен соңғы модификациялау датасы;

  • Өту мерзімі.

«Сұрақ» объектісі сұрақ туралы ақпаратты, сонымен қатар белсенді тестілеу үрдісін жүзеге асыратын параметрлерді қамтиды. «Сұрақ» келесі атрибуттарға ие:

  • Атауы;

  • Сұрақ типі (“Ия/Жоқ”, “Жалғыз таңдау”, “Бірнеше таңдау”, “Сәйкес емес”, “Ашық сұрақ”);

  • Мазмұны;

  • Түсініктеме;

  • Меңгеру деігейі ();

  • Сұрақ қиындығы (d);

  • Жауап нұсқалары (қажет болғанда);

  • Дұрыс жауап шаблоны;

  • Бағалау ережесі;

  • Дұрыс жауап үшін түсініктемелер;

  • Модификация датасы;

«Тест» және «Сұрақ» білім алушы жауабын бейнелейтін келесі атрибуттарға ие «көптен-көпке» қатынасымен байланысты:

  • Білім алушы жауабы;

  • Жауаптың дұрыстығы (а);

  • Рейтингті өзгерту;

  • Меңгеру деңгейін өзгерту;

  • Тестегі сұрақ нөмірі;

  • Анықтаушы сұрақтың қажеттілігі (Иә/Жоқ);

  • Сұраққа жауаптың ұзақтығы;

  • Жауап мерзімі.

Бейімдік тестілеу жүйесінің моделі оқу кешені моделіндегідей атрибуттары бар «Оқу курсы» объектісін қамтиды. «Білім беру механизмі» және «Оқу кешені» бір-бірімен «көптен-көпке» қатынасымен байланысты, ол берілген курс және білім алушының ағымдағы көрсеткіші үшін тестілеу параметрлерін бейнелейтін келесі атрибуттарға ие:

  • Өту шекаралары ;

  • Кіріс тестілеуде рейтингті қайта санау формуласы;

  • Кілттік сөз салмағын өзгерту формуласы;

  • Рейтингті өзгерту формуласы;

  • мәні;

  • Анықтаушы сұрақты беру үшін а шекарасы (жоғары және төменгі пайызбен);

  • Білімді меңгерудің ағымдағы деңгейі ();

  • Курс бойынша ағымдағы рейтинг (r).

Тестілеу жүйесінің моделінде оқу кешенімен аналогтік түрде байланысты «Тарау» объектісі бар.

«Білім алушы моделі» және «Тарау» бір-бірімен «көптен-көпке» қатынасымен байланысты және ол тарау шегінде білім алушының ағымдағы көрсеткіштерін бейнелейтін келесі атрибуттарға ие:



  • Тарау бойынша білімді меңгерудің ағымдағы деңгейі ();

  • (r) тарауы бойынша ағымдағы рейтинг;

  • Кіріс тестілеуден кейін, () тарауы бойынша білімді меңгерудің бастапқы деңгейі.

«Білім алушы моделі-Оқу элементі» байланысы білім алушымен берілген оқу элементін өтуді бейнелейді. Қатынас – «көптен-көпке».

«Кілттік сөз» (КС) объектісі «Сұрақтармен» «көптен-көпке» қатынасымен байланысқан, бұл байланыс (w) сұрағында кілттік сөз салмағын бейнелейтін «Салмақ» атрибутына ие.

Кілттік сөз оқу кешенімен (v) берілген курсында кілттік сөзді ағымдық меңгеруді бейнелейтін «Меңгеру деңгейі» атрибутына ие «көптен-көпке» қатынасымен байланысты [37].

2.4 Тестілеу жүйесінің бағдарламалық құралы
2.4.1 HTML гипермәтіндік тілінің мүмкіндіктері, құрылымдық элементтері
Гипермәтінді белгілеу (разметка) тілі HTML (Hypertext Markup Language) – Web-беттерді құруға арналған құрылымдандырылған белгілеу (разметка) тілі. HTML сияқты белгілеу (разметка) тілі құжатты безендіру құрылымын және ережесін құру үшін қолданылатын элемент деп аталатын мәтіндік символдар жиынтығын білдіреді.

HTML – сақтау қажет болатын ережелері бар толық сипатталған тіл. Интернетте кездестіруге болатын көптеген құжаттар бұл ережелерге әрқашан бағынбайды, бірақ бұл олар маңызды емес деген сөз емес, олар тек барлық браузерлерде қолданылмайды. Төменде қолдануға ұсынылатын ережелер келтірілген:



  • HTML-құжаттар – бұл құрылымға ие құжат. HTML тілі SGML (Standard Generalized Markup Language – белгілеудің (разметканың) стандартты жалпыланған тілі) тілінде жазылған DTD (document Type Definition – құжат типінің анықталуы) ережелеріне бағынады. DTD ережелері HTML-құжаттың құрылымын формальды анықтайды. Онда құжат қандай элементтерден тұруы мүмкін, құжат ішінде элементтер арасында қандай байланыстар орнатылуы мүмкін, сонымен қатар элементтердің мүмкін атрибуттары және мәндері көрсетіледі. Құрылым жағынан қарағанда HTML-құжат орташа қою қаріппен терілген абзац, тізім, мәтін, сілтеме және т.с.c. объектілер жиынтығын білдіреді. Егер HTML-құжаттағы элементтер жақсы құрылымдандырылған және формальды ережелерге бағынса құжат дұрыс деп саналады.

  • Элемент аттары регистрге тәуелді емес. элементі элементіне немесе элементіне пара-пар. Браузер элемент атауларындағы бас және кіші әріптерді айырмайды. Яғни, элемент атауларында бас және кіші әріптерді жиі қолдану HTML-құжаттарды қабылдауды және өзгертуді жеңілдетеді. Тәжірибе жүзінде элементтер атауын бас әріптермен беру ұсынылады.

  • Атрибуттар аттары регистрге тәуелді емес. атрибуты
    атрибутына немесе
    атрибутына пара-пар. Элементтер жағдайындағыдай, оқылуды жақсарту үшін қандай да бір ережені сақтау керек. Көбінесе бас әріптерді қолданған дұрыс. Атрибуттардың кейбір аттары, соның ішінде оқиғаны өңдеу скриптарынан тұратын атрибуттар аттары, көбінесе кіші әріптермен жазылады немесе аралас комбинацияларды пайдаланады:

немесе

  • Атрибуттар мәндері регистрге тәуелді болуы мүмкін. Атрибут мәні әріптер регистріне сезімтал, әсіресе файлдар атына байланысты болғанда.

атрибутында көрсетілген файл аты және атрибутында көрсетілген файл аты екі әртүрлі файлға жата алады. Бұл серверде қолданылатын файлды сақтайтын операциялық жүйеге байланысты. Мысалы, UNIX операциялық жүйесінде файлдар аттары регистрге тәуелді. Қателік болмау үшін сақтау кезінде файлға қойылған атты көрсету қажет. Міндетті түрде файл аттарында кіші символдарды қолдануға және аттарға арнайы символдар және бос орындарды қоспауға тырысу керек [47, 48].

  • Элементтер аттары бос орыннан тұрмауы керек. Браузерлер элементте кездесетін бірінші бос орынды элемент атының соңы және оның атрибуттарының басы деп қарастырады.

Мысалы, тегі сурет қою тегіне пара-пар емес. Ол екі М және G белгісіз атрибуттары бар мәтінді иілген түрде (курсив) терудің тегі болып табылады.

  • Атрибуттар мәндері бос орын және арнайы символдарды, егер олар жақшаға алынған болса қамтиды. Кейбір атрибуттарда LEFT, RIGHT немесе CENTER типті жолдар сияқты резерфтелген мәндер қолданылады. Егер атрибут қолданушымен анықталса немесе тек арнайы символдардан тұрса, жақшалар мәндер арасында бос орындар немесе арнайы символдар бар болса қолданылады. Мысалы, келесі элементтегі SRC және ALT атрибуттарының мәндері бос орындардан тұрмайды және сәйкесінше жақшаға алынбайды. rover

Егер ALT атрибутының мәні My dog Rover фразасы болса, онда жақшаға алыну керек.

”my

Егер де жақшаларды қолданбаса, ALT атрибутына My мәні меншіктеледі, ал dog және Rover сөздері екі анықталмаған атрибут болып саналады. Сонымен қатар жақшаны қажет емес мәндер жанында қою қате болып табылады. Стиль негізінен қажетінше барлық мәндерді жақшаға алған дұрыс, себебі олар өзгеруі мүмкін. Әріптік – сандық [a-z, A-Z, 0-9], дефис[-] немесе нүктеден [.], басқа кез-келген символдардан тұратын мәндер жақшаға алынуы қажет. «Арнайы символдармен» абай болу керек.



  • Браузерлер HTML-құжаттағы мәтіндегі бос орындарды игнорирлейді. Браузерлер HTML-құжаттағы бірнеше бос орындар немесе табуляция символдарының тізбегін бір жалғыз бос орын символына түрлендіреді. Осылайша, берілген символдар форматтау үшін қолданылмайды, егер тек әрбір символдың алдын-ала орындалған безендендіруін сақтайтын мәтін алдын-ала форматтаудың
    элементі ішінде болмаса. HTML-құжат ішіндегі бос орындардың туындау саны оны HTML-беттерді құрушылармен қабылдауды жеңілдету үшін ғана қолданыла алады [49].

  • HTML-құжаттар комментарийлерден тұруы мүмкін. HTML тілі браузермен экранда бейнеленбейтін комментарийлердің қолданылуын ұстанады. Комментарийлер символдарымен аяқталады. Комментарийлер кез-келген жолдар санынан тұра алады, мысалы:

Құжат аты: Менің HTML құжатым Құрылу мерзімі: 06/05/98 © 1998 Big Company, Inc.

Бұл дұрыс безендендірілген комментарий. Дефис және леп белгісі арасында бос орын болмауы керек. Комментарийлерде HTML элементтерін қолдануға болады, бірақ ескі браузерлерде комментарийге орналасқан тегтермен проблема туындауы мүмкін.


  • Элементтер бірінің ішіне бірі орналасуы керек, олар қиылыспауы керек. Көбінесе бір элементпен қоршалған мәтінде басқа элементтер орналасуы мүмкін. Басқа элемент ішінде орналасқан мәтінде ашылатын кез-келген элемент осы элемент ішінде жабылуы да керек. Басқаша айтқанда, әртүрлі элементтердің тегтер жұбы бірінің ішіне бірі орналасуы керек, ал оның жабушы тегтері қиылыспауы керек, яғни төменде келтірілгендей:

Дұрыс Дұрыс емес

  • Браузер таныс емес элементтерді игнорирлейді. Таныс емес элементтерді кездестіргенде браузер оларды игнорирлейді. Бірақ олар белгісіз элементтің құрамын интерпретирлеуге тырысады. Егер браузер тегін түсінбесе Екі қала ертеГІсі элементінде берілген элементті игнорирлейді. Бірақ «Екі қала ертегісі» хабарламасы экранға шығарылады, бірақ қарапайым мәтін түрінде [50, 51].

HTML тілінің негізгі элементтері. HTML тілінің элементтері бұрыштық жақшаларға орналасқан әріптік-сандық символдардан тұрады, мысалы, , < HTML >, және

. Элементтердің көпшілігі жұптық тегтерден, ашылатын және жабылатын тегтерден тұрады. Ашатын тег – бұл бұрыштық жақшаға алынған элементтің белгіленуі. Мысалы, мәтінді орташа қою қаріппен ерекшелеу үшін В символы қолданылады (bold - қою) және сәйкесінше, оның ашылушы тегі - , жабылушы тег ашылушы тегке ұқсас, бірақ оның алдында қисық түзу сызық қойылады, мысалы, . Элемент әрекеті оның ашылушы және жабылушы тегтерінің арасындағы бар затқа әсер етеді:

Бұл мәтін қою қаріппен терілген , ал мынау жоқ.

Кейбір элементтер бас элементтер деп аталады, жабушы тегті қажет етпейді, себебі ешқандай ақпаратты қамтымайды. Мысал ретінде жолдың ауысуын білдіретін


элементі. Басқа элементтер жабушы тегті қажет етпейді, себебі безендіруіне әсер ететін ақпарат шекарасын қоршаушы элементтер бойынша анықтауға болады. Мысалы,
элементі бүкіл жолды алатын горизонталь сызықты білдіреді. Ал кейбір, мысалы
элементінде жабылушы тег қажеттілікпен қойылады.

Элемент (element) – HTML тілінің құрылымы. Деректерден және олардың құрылу ережелерінен тұратын контейнер.



Тег (tag, дескриптор) – HTML элементінің маркері. Тегтер элемент іс-әрекетінің шегін анықтайды және элементтерді бір-бірінен бөледі.

HTML тілінің синтаксисі. Барлық дұрыс құрылған HTML-құжаттар сол бір құрылымға ие. HTML-құжат HTML тілінің версиясына сілтейтін тегінен басталады, оның көмегімен берілген құжат жазылады. Одан кейін құжаттың өзі орналасатын элемент жазылады. Ол екі негізгі бөлімнен тұрады: тақырыбы және денесінен тұрады, сәйкесінше және аттарына ие. Тақырып құжатты сиппаттайтын идентификациялық және басқа мета ақпараттан тұрады. Онда міндетті түрде элементіне орналасатын құжат аты болу керек. Денесінде <a href="/jat-metini-derektemeler-jatti-jeke-ramdi-boligi-derekteme.html">құжаттың мәтіні орналасады</a></span><span>.</span> <br /> <br /><span><!DOCTYPE HTML PUBLIC </span><span><i>"html version"></i></span> <br /> <br /><HTML> <br /> <br /><HEAD> <br /> <br /><ТIТLЕ> Құжат аты </ТIТLЕ> <br /> <br /><span>. . .Мұнда басқа қосымша ақпарат беріледі</span><span> . . .</span> <br /> <br /></HEAD> <br /> <br /><BODY> <br /> <br />. . .Мұнда орналасқан мәтін бар. . .</body></html>



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет