Адам болмысы оның үшөлшемімен байланысты: биологиялық (адам физиологиясы),психологиялық (саналылық пен санасыздық), әлеуметтік(қоғамдағы рөлі). Адам табиғаттың бөлшегі болғандықтан, адам денесінің болмысына пайда болу, қалыптасу, күйреу және басқа күйге көшу тән. Бұл фактор адамды өз денесін күтуге мәжбүр етеді, онсыз адам болмысы мүмкін емес. Жеке адамның болмысы тек физикалық денемен шектелмейді, ол оның ішкі жан дүниесі немесе психикасын, рухани болмысын және қоғамдағы рөлін қамтиды. Антикалық философтар адам болмысының басты көрсеткіші ретінде тәнін ғана емес, жанын күту, оны жетілдіру де адам үшін басты міндеттердің бірі ретінде қарастырған.
Демек адам болмысы – табиғи және оның өзі жасаған заттар мен рухани игіліктер дүниесіндегі болмысы. Ол рухани және әлеуметтік болмыстармен тығыз байланысты.
Рухани болмысадам санасының ең жоғарғы болмысы ретінде саналып,оғанадамның рухани өндірісі, өзі жасаған рухани игіліктері жатады. Рухани өндірістің түрлеріне идеяларды, теорияларды, білім мен түсініктерді, көркемөнерді жатқызамыз. Адам өзінің рухани өндірістік қызметінде рухани игіліктерді өндіріп қана қоймай, оларды мәдени туындылар формасында өз игілігіне жаратып, қайтадан түлетеді.
Адам болмысы әлеуметтік болмыс арқылы мәнді. Әлеуметтік болмыс деп адамның қоғамдағы және жалпы қоғамның әлеуметтік болмысын айтамыз. Адам қоғамда білім алады, еңбек етеді, қоғамды өзгертеді, онда әртүрлі іс-әрекеттер мен қатынастарды жүзеге асырады.