2. Философия тарихындағы болмыс мәселесі


Философия тарихындағы болмыс мәселесі



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі22,92 Kb.
#86459
1   2   3   4
Байланысты:
философия

2. Философия тарихындағы болмыс мәселесі
Болмыс ұғымын алғаш рет философияға енгізген антикалық элеаттар мектебінің өкілі Парменид(б.з.д. V-IV ғғ.) еді. Болмысты ол тұрақты, өзгермейтін және өзіне тең болмыс деп; қажеттілік, заңдылық, детерминация сияқты сипаттамалармен ерекшеленетін мәнділік ретінде түсіндіреді. Болмыстың түп-негізін негіздеудің мұңдай тәсілі хаосты (бейберекетсіздік) себеп-салдарлық байланыс жағдайынан түсіндіруге мүмкіндік береді.
Философия тарихында болмыс категориясы әртүрлі мазмұнға ие болды. Алдымен болмыс - мәңділіктің өзі ретінде (Парменид), болмысты, яғни дүниені шын мәнінде мәңгі үдеріс, жанып тұрған от деп қараған (Гераклит). Орта ғасыр философиясында - жоғары және абсолюттік негіз Құдай ретінде, неміс классикалық философиясында болмыс -трансцендентальдық негіз немесе тәжірибе мүмкіндігінің шарты ретінде (И. Кант), ғылымның (логиканың) бастамасы ретінде, Абсолюттік Рухтың диалектикалық қозғалысы ретінде қарастырылды (Г. Гегель). К. Маркс болмысты қоғамның экономикалық негізі ретінде немесе барлық табиғи түзілімдердің түпкі материалдық негізі ретінде (материалистер сияқты) санап, Ф. Ницше оны билікке деген ерік ретінде қарастырды.
Болмысты әсіресе экзистенциализм философиялық мектебі жете қарастырды. Оның өкілдері әлемдегі адам болмысының негізін нигилизм құрайды деді. Ж.-П. Сартрдың айтуынша, өз болмысындағы адамның нақтылығы қасірет нақтылығына айналады, өйткені ойдың «рационалдануы» мен «этикалануы» адамды болмыстан алшақтатудың бастамасы болып табылады. М. Хайдеггер болмыс мәселесін философиялық рефлексия саласына қайтару тақырыбын талдаумен айналысты. Өз болмысының ешнәрсеге бағытталғанын терең сезініп, ойға батқанда, өзіңнің ақырыңды толық сезгеніңде, өлімге тура қараған сәтте ғана адам Болмыс туралы сұрақты айқын қоя алады деді. Хайдеггердің ойынша, болмыс мәселесі өлім табалдырығында тұрған, ешнәрсеге бағытталған өзінің шарасыздығын сезген адамға қатысты ғана маңызды. Бұл болмыс мәселесін сұрауды Хайдеггер терминологиялық тұрғыда «Осы арадағы болмыс» (Dasein) немесе «фундаментальдық онтология» деп белгілейді. Сондықтан адам болмысты қасиетті несібе ретінде қабылдап және аялай сақтауы тиіс. Демек, М. Хайдеггер мен Ж.-П. Сартр «нағыз болмыс» пен «жалған болмыстың» шекараларын айқындайды.
Болмыстың «жаңа» стратегиясын постмодернизмфилософиясы енгізді. Олар болмыс ретінде мәтіннің философиялық пайымдаудын, тұрақсыздықты, өзгермелілікті, ағымдылықты, әлем үлгілері өміріндегі эклектизмді мойындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет