27.Қазақстандағы ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру және оның салдарлары(1927-1940жж) Ұжымдастыру бай-кулактарды тəркілеуден басталды. 1928 жылғы тамызда “Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тəркілеу жəне жер аудару туралы” декрет жарияланды. Бай-феодалдар өздерінің мүліктік жəне қоғамдық ықпалымен ауылды Кеңестендіруге кедергі жасайды деп саналды. Ең ірі 657 байлар мен жартылай феодалдар жер аударылды. Олардан 145 мың мал тартып алынып, ауылшаруашылық құралдары 877 ұжымшарға, 24 491 шаруашылыққа бөлініп берілді.
1927 жылы желтоқсанда өткен Компартияның ХV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Ауылда кооперативтік қозғалыстың дамуы барысында еріктілік, дербестік, материалдық мүдделілік, кооперативтендірудің жоғары формаларына кезеңмен өту ұстанымдары жарияланды. ҚазақАКСР-де ұжымдастыруды 1932 жылдың көктеміне қарай аяқтау белгіленді.
Қазақстанның астықты аудандарындағы колхоздық құрылыстың негізгі формасы – ауыл щаруашылығы артелі, ал мал шаруашылығы аудандарында – жерді бірлесіп өңдеу жəне шөп шабу серіктестігі болуға тиіс еді. Жарғы бойынша мал қоғамдастырылмай, жеке мал мен құрал-саймандарды пайдалануға ақы төленуі керек болатын.
1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада ұжымшар құрылысы жедел дамыды. Алғашқы МТC (машина-трактор станциялары) құрылды. Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін қосымша 8 мың жұмысшы “ұжымдастырушылар” тартылды. Мəскеу, Ленинград, Харьков, Иваново-Вознесенскіден 1204 адам жіберілді. Олар Ресейдегі жобаны қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды.
Ұжымдастыру идеясы мейлінше қатаң жүргізіліп, жаппай қуғындау мен лаңкестікке негізделді. Ұжымдастыру даярлықсыз, жергілікті жағдайлар ескерілместен әкімшілдік-күштеу əдістерімен жеделдете жүргізілді. Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мəдени тұрмыстық объектілер салу жоспары орындалмады. 1932 жылғы шілдеде аштық апаты мен себептері туралы Ф.Голощекинге “Бесеудің хаты” жазылды. Бұл хатты жазған қайраткерлер – Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дəулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев. 1933 жылғы наурызда Т.Рысқұлов аштық апаты туралы И.В.Сталинге, М.М.Кагановичке, В.М.Молотовқа хат жолдады.
1929-1931 жылдары өлкеде қарулы қарсылықтар болды. 1929 жылы қыркүйекте Қарақалпақстандағы Тақтакөпірде, Сырдария округіндегі Бостандықта, қарашада Қостанай округіндегі Батпаққарада қозғалыстар болған. 1930 жылы ақпанда Сырдария округіндегі Созақта, Ақтөбе округіндегі Ырғызда, 1930 жылы наурызда Алматы округіндегі Сарқантта қозғалыстар басталған. Қозғалыстардың негізгі себебі – күштеп ұжымдастыруға, ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс укладының қиратылуына, орташалар мен кедейлерді кулактар ретінде жоюға қарсылық. 1932 жылғы қыркүйекте Қазақстанның ауыл шаруашылығы туралы қаулы қабылданды. Мал шаруашылығы аудандарында шаруашылық артеліне көшу сатысы ретінде бірлесіп жер өңдеу мен шөп шабу жөнінде серіктестіктер құруды ұсынды. Саяси жағынан сəтсіздікке ұшыраған басшылық (Голощекин, Исаев, Құрамысов, Ерназаров, Голюдов) халық алдында жауапқа тартылмады. “Жасанды ұжымшарлар” таратылды. Астықты аудандарда коммуналар орнына артельдер ұйымдастырылды. Күштеп қоғамдастырылған мал-мүліктер халыққа қайтарылды. Отырықшы аудандарға техникалық және қаржылай көмек көрсетілді.
1935 жылдың ақпанында екпінді ұжымшар мүшелерінің съезі болды. Ауылшаруашылық артелінің жаңаүлгі Жарғысы қабылданды. Екінші бесжылдық кезінде егіс көлемі мен мал саны өсті. Мақта мен қант қызылшасы егістіктері кеңейтілді. Көшпелі өмір салтынан отырықшылыққа көшу аяқталды. 1938 жылғы қарашада Қиыр Шығыстағы корей ұлты ауданынан (Посьет) Қазақстанға 100 мыңнан астам адам көшірілді. Қызылорда мен Алматы облыстарында корейлерден тұратын 57 ұжымшар құрылды.
Ұжымдастыру бағытының 2 жағы болды:
1. Шаруалар бай-феодалдарға кіріптарлық пен күйзелістен құтылды.
2. Көшпелі өркениет ерекшелігі ескерілмей күштеу әдісімен жүзеге асырылды.