2-ин яз-1 Қуанышбаева Айдана



Дата07.02.2022
өлшемі18,02 Kb.
#89376
Байланысты:
23.10 Куанышбаева ТЖА тапсырма


2-ин.яз-1
Қуанышбаева Айдана

Ақпан айының 2 нен-13 аралығында өткізілетін «Мейірімге толы жанымыз» атты онкүндігіне іс-шаралар жоспары


Мазмұны: Іс–шара аясында балаларға «Жүректен жүрекке» адамгершілік пен мейірімділік, сүйіспеншілік пен достық туралы түсініктер беріледі. Балалар шығармашылық пен белсенділік танытуды талап ететін тапсырмалар беріледі.
Мақсаты: 1-4 сынып аралығындағы оқушылардың бойында ізгілік, мейірімділік, адамгершілік, ізеттілік,сыпайылық, шығармашылық қасиеттерін дарытып, дамыту.
Мерзімі: 02.02-13.02.2020ж
6 ақпан күні «Мейірімге толы жанымыз» атты
онкүндік «Мейірім төгетін ана» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде жетекшілер балаларға Сара Алпысқызы Назарбаеваның қызметі туралы, рухани-адамгершілік болуы туралы әңгімелейді. Көрмеге кітаптар, ересек топтың балалары дайындаған ашық хаттар мен суреттер қойылады
7 ақпан күні «Мейірімге толы жанымыз» атты дәстүрлі онкүндік іс – шара бойынша «Мәнерлеп оқу» сайысы ұйымдастырылады. Отан туралы, достық туралы бейбітшілік туралы, Ана туралы тақпақтар арасында байқау жүргізіледі. Мәнерлеп оқу сайыстарының жеңімпаздары грамотамен марапатталып табыс етіледі.
8 ақпан күні «Мейірімге толы жанымыз» атты онкүнділікке ашық сабақтар өткізіледі. Балаларға адамгершілікке, мейірімділікке, сүйіспеншілікке бейбітшілік пен достық туралы түсініктер берілді.

  • 1-2сынып жетекшілері «Мейірімділік, асыл қасиет» тақырыбында сабақ өткізеді. Сабақ барысында «Отбасы жылуы» сөзінің мағынасы ашылып, балалардың бойларында үлкендерге деген қамқорлық, сүйіспеншілік дағдыларын меңгертеді.

  • 3 сынып жетекшілері «Қызығы толы бұл әлем» тақырыбында сабақ өткізеді. Қазақстан ел туралы, достық туралы түсінік беріледі.

  • 4 сынып жетекшілері «Сенім мен сезім» тақырыбында сабақ өткізеді. Мұғалім балаларға қазақстан туралы, Ақ орда туралы әңгімелейді. Балалар мақал – мәтелдер, жылы тілектер айтып, сабақты соңында «Ақпыз, сары, қарамыз ағайынбыз бәріміз» әнімен қоштасты.

9 ақпан күні «Мейірімге толы жанымыз» атты онкүндік ән – би байқаулар ұйымдастырылды. 1-4 сынып аралығында «Мен өнерлі баламын» атты ән – саз жетекшісі балалар арасында ән – би байқаулар өткізеді
10 ақпан күні «Мейірімге толы жанымыз» атты онкүндікке бейнелеу мұғалімі бірлесуімен сурет және қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Балалар көрмеге қызыға қатысып шығармашылық қабілеттерін жан–жақты көрсете білуі маңызды.
13 ақпан күні «Мейірімге толы жанымыз» атты онкүндік жабылуына мұғалімдер арнайы мамандар балалармен бірге жақсы тілектер айтып, мерекелік шарамен жабылады. Мерекелік шара соңында онкүндік аясында атқарылған жұмыстарға белсене қатысқан балалар мадақталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет