Дәстүрлі бағалау –оқушының жеке жетістігін белгілі нормамен немесе оқушылардың көбінің нәтижелерімен салыстыру.
Ескеретін жағдай !
Бағалау:
1. Білім деңгейі белгіленген критерий бойынша бағаланады.
2. Оқушы бағалау критерийімен таныс болуы керек
3. Критерий оқушының жас ерекшелігіне сай болуы керек
4. Мұғалімнің жетекшілігімен өз жұмысын бағалай алуы
Баға қою:
1.Дәстүрлі жағдайдағы баға қою.
Бағалаудың кейбір түрлері
Топтық жұмысты бағалау
Бағалау критерийлері
|
3
|
2
|
1
|
Ұйымдастырылуы
|
Топтың жұмысы жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған
|
Топтың жұмысы орташа деңгейде ұйымдастырылған
|
Топтың жұмысы ұйымдастырылуы жеткіліксіз
|
Мазмұны
|
Тақырып ашылған, мәлімет жан- жақты берілген
|
Жан-жақты мәлімет бар, бірақ дұрыс үйлестірілмеген
|
Мәлімет біржақты ғана берілген
|
Топ мүшелерінің белсенділігі
|
Топ мүшелері түгел қатысты
|
Топ мүшелерінің жартысы ғана қатысты
|
Топтың бірер мүшелері ғана белсенді болды
|
Креативтілігі
|
Шығармашылығы жоғарғы деңгейде
|
Шығармашылығы орташа дәрежеде
|
Шығармашылығы жеткіліксіз
|
“Топтық, жеке жұмысты” смайликтер арқылы бағалау
— түсіндім — сұрағымбар — түсінбедім
Топпен бағалау
Критерий
|
Дескрипторлар
|
Ұпай
|
Пішіні сай болуы
|
2 ұпай-пішіні сай (симметриялы)
1 ұпай- симметриясы
онша сай емес
0ұпай-сай емес
|
|
Боялуы
|
2 ұпай-боялуы шектен тыс емес,қанық
1 ұпай-бояу сыртқа шыққан,қанық емес
0ұпай -бозғылт, қанық емес
|
|
Әдемілігі
|
2ұпай-көзге тартымды
1 ұпай-орташа
0 ұпай-әдемі емес
|
|
Қосымша
|
2 ұпай-
1 ұпай-
0 ұпай-
|
|
Өзін-өзі бағалау
№
|
Критерийлер
|
Игеру деңгейі
|
1
|
Бірін-бірі бағалаудың тиімділігін білемін.
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
2
|
Өзін-өзі бағалай білудің пайдасын түсіндім.
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
3
|
Критериалды бағалауды өз тәжірибемде пайдалана аламын.
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
4
|
Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйрендім (топтық жұмыс, психологиялық ахуал, т.б.)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Бағалау шкаласы:
8 ұпай – «Өте жақсы»
5-7 ұпай – «Жақсы»
3-4 ұпай -«Қанағаттанарлық»
0-2 ұпай — 0
Өзін-өзі бағалау
Топтық жұмыста
|
Әрқашан
|
Кейде
|
Ешқашан
|
Жаңа ой-пікірлер ұсындым
|
|
|
|
Басқа топ мүшелерінің көмегін пайдаландым
|
|
|
|
Берілген уақытты ұтымды пайдаландым
|
|
|
|
Талдау жасап, қорытындылауға қатыстым
|
|
|
|
Қателерін тауып, түзету енгіздім
|
|
|
|
Топ мүшелеріне көмек көрсеттім
|
|
|
|
Менің сабақтан кейінгі көңіл күйім Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып,қоржындарға жабыстырады
Б а ғ а л а у п а р а ғ ы
Оқушының
аты – жөні
|
Тапсырмалар
|
Қорытын ды баға
|
Сұрақ- жауап суретпен жұмыс
|
Кестені толтыр 1
|
Автор
мен танысу
|
Мәтін
мен
жұмыс
|
Кестені толтыр 2
|
Топтық
жұмыс
|
«5» — 5-6
«4» — 3-4
«3» — 2-3
|
Кері байланыс «Бір +, бір — »
Сабақ барысында сәтті шыққан 1 кезең, сәтсіз шыққан 1 кезеңді айту.
Өз-өзін бағалау
Бұлтқа өзіңе баға қой немесе сөзбен
Кері байланыс:
Бәрін жақсы түсіндім деген оқушы №1
Әлі де сұрақтарым бар деген оқушы №2
Ешнәрсе түсінбедім деген оқушы №3 суретті көтеру арқылы сабаққа кері байланыс жасайды.
Басбармақ
Оқушылардың басбармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеріңіз.
Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.
Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.
Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.
Реклама
Дескриптор(Standard)-оқушының белгілі бір тапсырма бойынша орындалған жұмысының деңгейін немесе сапасын сипаттайтын тұжырым. Дескриптор- оқушының ең жақсы нәтижеге жетудегі әрбір қадамының жетістігі.
Дескриптор әр критерий бойынша оқушының жетістіктерлерінің деңгейлерін көрсетеді (жақсы нәтижеге жеткені бойынша оқушының барлық қадамдарын дәйекті түрде көргізеді)
Сабақтың бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар құрастырылады да, сол тапсырмаларды орындауда жетістікке жететін қадамдарын жазасыз.
Коучинг-сессия жоспары
Бағалау критерийлерінің дескрипторларын қалай құру керек?
Жалпы мақсаты:
Критериалды бағалау туралы түсініктерін кеңейту. Бағалау критерийлерін құруды үйрену. Оны оқу үдерісін жетілдіруде қолдану тиімділігін зерделеу.
Оқу нәтижелері:
Мұғалімдер:
Бағалаудың мағынасын ажырата алады;
Бағалаудың әдісітерін, формаларын білетін болады;
Сабақта ОүБ-ды ұйымдастыра алады;
Табыс критерийлері бағалаудың негізгі аспектісі екенін түсінеді;
Критериалды бағалау арқылы оқушы білімін бағалаудың тиімділігін ұғынады;
Дескриптор құрудың жолдарын үйренеді;
Бағалаудың критерийлерін құра алады.
Түйінді идеялар:
Бағалаудың барлық түріне тән жалпы сипаттамалар: қадағалау; алдынғы мәліметтерді интерпретациялау; бұдан арғы іс-әрекетті анықтауға бағытталған қорытынды. ОүБ мен ОБ-дың негізгі аспектісі – нақты критерийлер.
Критериалды бағалауды түсіну. Дескриптор не үшін керек еке-нін білу және қолдану.
Ресурстар:
Презентация «Бағалау түрлері», кеңсе құралдары (флипчарт, А4 форматты қағаздар, маркерлер, кілей, қайшы, стикер)
Коучингтың өту кезеңдері:
Ұзақтығы 50 минут
Психологиялық дайындық:
5 мин
Коучинге қатысушылардың кө-ңіл- күйлерін көтеріп, сабақта жақсы-қарым қатынасқа түсуге дайындау үшін және жұпқа бөлу үшін «Молекулалар»ойының ойната-мын.
Молекулада қалғаны бойынша топқа бөлінеді.
Әріптестерімнің көңіл- күйлері 5,4,3,2,6,8 сандары бойынша молекулалар болып топтасып, қайта тарап, ақыры 2 топқа сәйкес саны айтылғанда екі топқа бөлінеді.
Видеосабақтан үзінді
5 мин
Видеоны көрсету. Мұғалімнің са-бақта оқушыны бағалауы.
-Бағаны тәртіп үшін немесе ешбір себепсіз қоюға бола ма?
Мұғалімдер өз пікірлерін, көзқарастарын білдіреді.
Ақпараттық материал:
10 мин
Алдымен коучингтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. «Бағалау критерийлерінің деск-рип-торларын қалай құру керек?»
1-7 слайд: Бағалау дескриптор-лары мен критерийлері" бойын-
ша бағалау жүргізі. Критерийлер мен дескрипторларды құру.
Ең алдымен осы үш сөздің мағынасын ашып түсініп жеткізеді. Олардың айырма-шылығы неде екенін біледі. Дәлелдеп жеткізе алады.
Критерийлермен бөлісу:
15 мин
1-топ. Бағалау дескрипторлары мен критерийлері бойынша пос-тер құрады.
1-топ. Бағалау критерийлері туралы білетіндерін топпен ақылдысып, пікірлерін құп-тап постерге салып қорғай-ды.
2-топ. Ең алдымен сурет са-лады. Содан соң бір-бірінің суретін баға қояды.
Қойылған сұрақтарға жауап берген соң өз критерий мен дескрипторларын құрып ба-ғалайды.
2-топ. Гүл суретін салады. Бір-бірлерінің суреттерін бағалату.
Суретке байланысты дескриптор мен критерий құрғызу.
Сұрақтар:
-Қойылған бағамен келісесіз бе?
Неліктен?
-Жұмысыңызды бағалаған кезде қандай сезімде болдыңыз?
-Сіздің сабағыңызда оқушылар не үшін баға алғанын біледі ме? Қа-лай және қайдан біледі?
Ақпараттық материал:
10 мин
«Бағалау түрлері»
8-10 слайд: Сабақтың міндеті мен табыс критерийлерін жазу.
Бағалау түрлерін біліп, са-бақта қалыптастырушы жә-не критериалды бағалауды күнделікті сабақта қолдану және оны дағдыға айнал-дырсақ, бала өзін-өзі баға-лауға үйренеді.
Рефлексия
5 мин
"Даналық ағашы"
Қазіргі сіздер сабақта қолданып жүрген бағалау мен бүгінгі та-нысқан бағалаудан қандай айыр-машылық көрдіңіздер?
Оқу күнделігі – қатысу-шылар коучинг туралы жә-не ол бойынша шолу тура-лы ойларын жазып қалды-рады. Оқу күнделігі әр қатысушыға жеке беріледі.
Даналық ағашына – қатысушылар стикерге 1 тілек пен 1 сұрақ жазып (коучке), талдың суретіне жапсырады.
Дескриптор дегеніміз не. Дескриптор туралы қазақша
авторы: MyKaz.kz / 0
Дескриптор (лат. descriptor — сипаттайтын) — лексикалық бірлік (сөз, сөз тіркесі) ақпараттық-іздестіру тілі, әрі сипаттау үшін негізгі мағыналық мазмұнының құжаттың немесе тұжырымын сұрату құжатты іздестіру кезінде (ақпарат), ақпараттық-іздеу жүйесі. Дескриптор әрине қойылады тобына сәйкес қойылатын негізгі сөздердің табиғи тілді іріктеліп, мәтінді жататын білімнің белгілі бір саласында.
Дескриптор HTML тілінің элементі гипертекстті белгілеу HTML. Ауызекі сөйлеу дескрипторлар HTML » деп атайды тегами.
Дескриптор өрістету — XML-файлдар сипаттайтын өрістету модульдер веб-қосымшалар.
Дескриптор сегмент — қызметтік құрылымы сәулет x86 процессорлары ЭЕМ жедел жадында айқындайтын сегменті.
Дескриптор шлюз — қызметтік құрылымы деректер сәулет x86 анықтайтын әр түрлі өткелдері [?].
Файлдық дескриптор — саны немесе құрылымы, қолданылатын операциялық жүйеге қатынау үшін, файлдарға, папкаға, сокетам және т. б.
Бұл дескриптор? Сипаттамасы және түсінігі. Дескриптор мәні бойынша ұқсас бастап термин «сипаттайтын». Дескриптор – бұл объектінің сәйкестендірушісі бағдарламалау. — Дескрипторам жатқызуға болады көпшілігі тег, түсіндірмелер тілдерінде бағдарламалау. Ерекшелігі дескрипторларды болып табылады, олар құрылды, басқа кітапханалармен немесе операциялық жүйесі. Осындай объектілермен жүргізуге болады әрекеттер, мысалы, жасауға немесе жоюға болады, бірақ бұл ретте оларда ішіндегі жасырын қалады. Дескрипторлар болуы мүмкін түрі көрсеткіштер немесе бүтін сандар. Әрбір құжат, ол сақталады жүйесі, өз дескрипторлар қалыптастыратын, оның іздеу бейнесі. Сипаты дескрипторлар: HTML; өрістету; сегмент; шлюз; файлдық дескриптор. Дескриптор бұл лексикалық бірлік (сөз, сөз тіркесі) ақпараттық-іздестіру тілі білдіретін негізгі мағыналық мазмұны кез келген мәтін. Кезінде пайдаланылады ақпараттық іздестіру құжаттарды ақпараттық іздеу жүйелерінде. Дескриптор бар, өзінше әлдебір бұл описывающее және бір мәнді идентифицирующее объект. Дәл дескриптор сипаттайды объектісі ретінде сәйкестендіреді, ұсақ жұмсақ өздері белгілейді, ал қалған жеткілікті жұмыс істей алу, олар, әдетте, «қара жәшікпен»
Дескриптор — бұл сөз, сөз тіркесі немесе тұтас пікір, олар мазмұнын көрсетеді перелагаемого мәтінді барынша сығылған түрінде. Сипатына байланысты берілетін ұстау дескрипторлар бөлінеді номинативные дескрипторлар білдіретін тақырыптар мен тақырыптар бастапқы мәтін, және предикативные дескрипторлар беруші » деп айтылады шегінде әрбір тақырыптар мен тақырыптар. Дескрипторлар — бұл қуатты хаттама кең қолдану саласы. Олар болып табылады механизмі, ол тұр қасиеттерімен, әдістерімен, статикалық әдістерімен, тәсілдерімен сынып оқушылары шақырылады. Дескриптор үшін пайдаланылады маскирования ішкі іске асыру пайдаланушы. Дескриптор — тетіктерінің бірі абстракциялау. Сол дескриптор — бұл есептік жазбаның аты, ол Сіз тіркеу кезінде көрсеткен. Ол қажет қосу үшін ойыншылардың достар, жөнелту ішіндегі ойын пошта және көптеген басқа да пайдалы іс-әрекеттер. Көру ойында болады чат, орнату кезінде атына таңба, ол көрсетілді форматында *аты кейіпкердің*@*дескриптор*. Сайтқа кірген кезде өзінің аккаунтом көре аласыз дескриптор жоғарғы оң жақ бөлігінде. Қарастырайық, егжей-тегжейлі, бұл дескриптор. Дескриптор (латын descriptor — сипаттайтын) — бұл лексикалық бірлік (сөз тіркесі, сөз) ақпараттық-іздестіру тілі үшін қызмет етеді, сонымен қатар, сипаттау негізгі мағыналық мазмұны құжаттың немесе тұжырымын сұрату іздеу кезінде ақпарат (құжат), ақпараттық-іздеу жүйесі. Дескриптор қойылады әрине тобына сәйкес қойылатын негізгі сөздердің табиғи тілді іріктелініп мәтінінен жатады білімнің белгілі бір саласында. Осылайша, дескриптор деп батыл санауға дербес тілдік элемент. Біз қысқаша қарады дескриптор. Қалдырмаңыз өзінің түсіндірмелерін немесе толықтырулар материал.
Дескриптор — бұл есептік жазбаның аты, ол Сіз тіркеу кезінде көрсеткен. Ол қажет қосу үшін ойыншылардың достар, жөнелту внутриигровой пошта және көптеген басқа да пайдалы іс-әрекеттер. Көру ойында болады чат, орнату кезінде атына таңба, ол көрсетілді форматында *аты кейіпкердің*@*дескриптор*. Сайтқа кірген кезде өзінің аккаунтом көре аласыз дескриптор жоғарғы оң жақ бөлігінде.
Бағалау саясаты
Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Бағалау саясаты
2013 – 2014
Мазмұны
Кіріспе
Бағалау қағидасы
Жалпы нұсқаулық
Жалпы ереже
Есептілік
Негізгі мектептен жоғары мектепке өту
Дипломдық Бағдарламадағы бағалау
Бағалау түрлері
Бағаны аударудың шкаласы
Алдын ала бағалау
Бағалау нәтижелерін қарау
Мақсаттар мен міндеттер
Глоссарий
_________________________________________________________________________________
1. Кіріспе
Бағалау саясаты оқу үрдісінің бөлінбес бір бөлігі болып табылады және Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қолданыстағы барлық Саясаттарымен тікелей байланысты.
Оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі - білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі. Көптеген жылдар бойы оқушы жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келді. Бұл жағдайда білім алуға деген қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс болмады. Көптеген мектептерде төрт баллдық жүйеге негізделген бағалаудың дәстүрлі жүйесі сақталып келеді: 2 («қанағаттанарлықсыз»), 3 («қанағаттанарлық»), 4 («жақсы») 5 («өте жақсы»). Теория жүзінде 1 (бірлік) ұпайы бар болғанымен, тәжірибе жүзінде тіпті қолданылмайды. Баға әр уақытта субъективті. Бағалаудың бұл түрі мұғалімнің толық билігіндегі құралы болып табылып, білім беруде авторитарлық әдіс қолданылады. Осыған орай, мұғалім талассыз бедел мен ақиқат иесі болып табылмақ. Алайда бұл іс жүзінде шындыққа сай келе бермейді. Бес ұпайлық бағалау шкаласы - басқа да дәлдігі жетіспейтін нормативтік бағалау құралы. Халықаралық бакалавриат мектептеріндегі бағалаудың басты функциясы білім алу ағымының ерекшеліктерін айқындауға және сәйкес келетін түзетулер енгізуге мүмкіндік беретін талдау үрдісі болып табылады. Осыған орай, критериальды бағалау тек Дипломдық Бағдарламада ғана емес орта мектепте де міндетті.Өзін-өзі бағалауға көп көңіл бөлінеді.Өлшемдік жүйе әкімшілік, ата-аналар, мұғалімдер мен оқушыларды қоса алғанда оқу үрдісіне қатысушылардың барлығына ашық және түсінікті. Бұл жағдайда бағалау оқушылардың өзі бақылау-бағалау іс-әрекетіне қатысып, өзін-өзі бағалау біліктілігін жетілдіруіне орай құрастырылады. Бағалаудың бұл түрі оқушының білім алуы мен бейінін дамытудағы танымдық қызметіне себепші болады. Әрбір оқушы өзінің дамуы жолындағы қажеттілікті түсініп, мұғаліммен бірлесе отырып алдағы жұмысын талқылап, түзетеді. Оқу жылының басында ата-аналар мен оқушылар әрбір пәннің бағалау критерийлерімен танысып, хабардар болады. Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі ХБ критерийін орта мектептегі ішкі бағалауды өткізу және Дипломдық Бағдарламаны бағалау үшін басшылық ретінде қолданады.
Аталған құжаттағы орта мектеп термині 7,8,9 және 10-сыныптарға, ал Дипломдық Бағдарлама 11-12-сыныптарға қатысты болып табылады.
2. Бағалау қағидасы
Бағалау - бұл оқушылардың үлгерімі жөніндегі мәліметтерді жинақтау және сараптау. Ол оқу үрдісінің түрлі сатысында оқушының білімін, біліктілігін және сезімдерін айқындайды. Бағалау үрдісіне қатысушылардың барлығы (оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар және әкімшілік) бағалау құралдарын, мақсатын, міндетін, объектісін, қағидасын, әдістерін жақсы түсінуі тиіс. Өлшемдік бағалау - Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі бағалау технологиясының жетекшісі болып табылады.
Өлшемдік бағалау – нақты айқындалған, ұжымда қаралған, білім беру үрдісіне қатысатындардың барлығына алдын ала белгілі болған, білім берудің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушы үлгісін қалыптастыруға ықпал жасайтын оқушының оқудағы жетістіктерін сәйкестендіру негізінде қалыптастырылған үрдіс. Өлшемдік бағалауды табысты қолдану, түбегейлі алғанда, мектеп жұмысының сапасында көрініс табатын, оқушының дамуына көз жеткізетін оқушы жұмыстары болып табылады.
3. Жалпы нұсқаулық
Бағалау – оқыту мен үйретуді жасаушы үрдіс. Бағалау үрдісі оқушылар жетістігі үшін негізгі элемент болады: пәннің мазмұнын түсіну, білім алу, дағдыларды жетілдіру, жауапкершілік пен оқыту қызметіндегі тәсілдерді қалыптастыру. Бағалау оқушының ілгерілеу ақпаратын қамтамасыз етіп қоймай, ынтымақтастықта болуына, өзіндік байланыс жасауына, жоспарау үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді. Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде бағалау төмендегіше белгіленген:
ü оқыту мен үйрету үрдісінде оқытушылар мен оқушылар арсында кері байланысты қамтамасыз ету үшін;
ü рефлексияны бағалаудың мәнді және ажырамас бір бөлігі ретінде қолдану үшін;
ü оқытудың әр түрлі стилі туралы, мәдениет туралы, лингвистикалық және гендерлік ерекшелік туралы мәліметті көрсету үшін;
ü мазмұнның негізі мен маңыздылығын сақтау үшін;
ü білім беру жүйесіндегі барлық қатысушыларға алдын ала таныс, түсінікті критерий арқылы оқу барысында оқушылардың дамуын қамтамасыз ету үшін;
ü оқушылар жетістігін бағалау үшін.
4. Жалпы ереже
Дипломдық Бағдарламада ХБ критерийі қолданылады.
Орта мектептегі ХБ критерийі ішкі бағалау критерийі құрастыруда және әзірлемеде
нұсқаулық ретінде қолданылады.
Қорытынды бақылау жұмыстарын бағалау үшін критерийлерді қолдану талап етіледі.
Орта мектепте критерийлер қалыптастырушы жұмыстарды бағалау үшін нұсқаулық
негізінде қолданылады.
Бағалау критерийлері оқу үрдісіндегі барлық оқушыларға таныс, баға айқын.
Баға ақпараттық болуы қажет
Баға диагностикалық болуы қажет.
Оқушылар мұғалімнің басшылығымен қалыптастырушы жұмыстарда өзін, бірін-бірі бағалауы мүмкін.
Мектептің оқу жылы төрт тоқсанға бөлінеді.
Бағалау қалыптастырушы және қорытынды бақылау болып бөлінеді.
Оқушылар үшін қорытынды бақылау тапсырма қорытынды бақылау жұмысы (констатирующий) болып табылады.
Ішкі және сыртқы бағалау болуы мүмкін. Тек ішкі бағалаудың нәтижесі ғана мектепте қолданылады.
5. Есеп беру
Мектеп академиялық бір жылда оқушыларға төрт рет оқу үлгерімі туралы есеп береді. Бұл есептер қорытынды бағаның қаншалықты тепе-теңдікте қойылғандығын қарастырады, әрбір бағалау бір мезетте өтеді. Бағалаудың өту уақыты тоқсан ретінде қарастырылады. Әр тоқсанның соңында оқушылардың ата-аналары Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі талаптарына сәйкес қорытынды бағамен кураторлар арқылы таныс болады.
6. Негізгі мектептен жоғары мектепке өту
Дипломдық Бағдарламаның координаторы оқушы үлгісіне сәйкестігін анықтау мақсатында әрбір оқушымен сұхбат жүргізеді. Бұл әдіс оқушы үлгісін түсіну деңгейін анықтау және қолдау үшін, Дипломдық Бағдарламаны бастамас бұрын туындайтын мәселенің алдын алу үшін қолданылады.
Орта мектептен жоғары мектепке көшу кезінде орта мектептің соңғы оқу жылындағы қорытынды нәтижесі басты талаптарға сәйкес болады.
7. Дипломдық Бағдарламадағы бағалау
Дипломдық Бағдарламадағы бағалау оқушының қаншалықты дамығандығын өлшейді:
ü ақпаратты таныстыру және талдау дағдылары;
ü дәлел жүргізе отырып бағалау дағдылары;
ü мәселені шығармашылықпен шешу дағдылары;
Негізгі дағдылар төменде көрсетілгендерді қосқанда бағаланады:
ü алынған білім;
ü негізгі тұжырымдаманы түсіну;
ü стандартты әдіс-тәсілдерді қолдану.
Дипломдық Бағдарламадағы академиялық дағдыларды бағалауға қоса халықаралық құзыреттіліктің дамуына мүмкіндік туады. Бағалауға арналған тапсырмалар сыныпта жақсы білім беру мен оқып-үйренуге мүмкіндік беруге қарай құрастырылады. Бағалаудың нәтижелері оқушыларды бір-бірімен салыстыру арқылы емес, бекітілген стандарттармен салыстыру арқылы бағаланады.
8. Бағалау түрлері
Бағалау үшін тапсырмалар пәннің саралау келісіміне қарай түрленеді. Пәннің талаптарына сәйкес негізгі білім мен дағдылар,тұжырымдамалар мен презентациялар бейімдеуге қалыптасқан тапсырмалар бар. Оның ішіне оқу мен жазу, тыңдау мен сөйлесім енгізіледі: математикалық, эксперименталдық және шығармашылық дамуы.
Қалыптастырушы бағалау кері байланыс арқылы оқудың нәтижелі болуына ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, ол оқушыға білім мен түсінуді жақсартуға, білім алуға түрткі болуға, өзін-өзі бағалау қабілетін жетілдіруге жәрдемдеседі. Қалыптастырушы бағалау күнделікті сынып жұмысы үрдісінде ағымдағы білімі мен қабілеттерді меңгеру денгейін анықтауға арналған. Бұл мұғалімдер мен оқушыларға оңтайлы жұмыс істеуіне қолайлы.
Оқушыларды қорытынды бағалауға дайындау мақсатында ағымдық жұмыстардың тапсырмалары, мазмұны, құрылымы мен формасы қалыптастырушы бағалауға бағытталады. Тоқсандық баға қойғанда тек қорытынды бақылау жұмысының нәтижесі ғана емес, қалыптастырушы жұмыс те ескеріледі. Орта мектепте қолданылмайтын критерий мен рубрикалар тоқсандық баға қоюда есептелінбейді.Үй жұмысы да қалыптастырушы жұмыс ретінде қолданылуы мүмкін.
Бағалау құралдары:
Рубрикалар мен тексеру парағы.
Рубрика – бұл қалыптастырушы жұмыс кезінде қолданылатын бағалау құралы. Олар алдын ала жоспарлаған тапсырмалар мен критерийлердің арасындағы «көпір» болып табылады. Рубрикалар критерийлерге негізделген, орта мектептегі қалыптастырушы жұмыстың тапсырмаларында қолданылады және Дипломдық Бағдарламада қолданылуы мүмкін, себебі оқушылар жеңіл қабылдайды әрі қарапайым.
Тексеру парағы – оқушылардың бір-біріне көмектесу үшін қолданатын және мұғалім беретін тапсырманы нәтижелі орындау барысында өз жұмысын бақылай алатын бағалау құралы. Кез келген тапсырманы орындауда тексеру парағын пайдалануға болады.
Рубрикалар мен тексеру парағы оқушылар үшін белгілі бір тапсырмаларды орындаудағы талаптарды білуде, өз жұмыстарын бірнеше рет тексере алуға қолжетімді болып табылады және орындалған жұмысты мұғалім тексергенге дейін өз беттерінше бағалауға мүмкіндігі болады.
Қорытынды бағалау оқу курсы бойынша оқушылардың ілгерілеуін өлшеу үшін қолданылады. Қалыптастырушы жұмыс оқу тәртібінің бәрінде қолданылады. Қорытынды бағалаудың мақсаты – оқушылардың пән бойынша оқып үйренген белгілі бір бөлімді, тақырыпты аяқтағаннан кейінгі білім жетістіктерін анықтау.Тоқсан ішінде немесе бөлімді аяқтағаннан кейін міндетті түрде қорытынды жұмыс алу қажет. Бұған қорытынды бақылау жұмысын және үй жұмысын қосуға болады.
Орта мектептегі қалыптастырушы және қорытынды бақылаудың құрамы
Бағалау түрі
|
Қолданылатын критерий
|
Критерий қалай қолданылады?
|
Тоқсандық бағаның %
|
Жұмыстың саны
|
Бағалаудың мақсаты
|
Қалып тастырушы
|
кем дегенде бір критерий тексеріледі
|
Жоспарланған тапсырма және критерийге сәйкес рубрика әзірленеді.
|
50%
|
Тосанына кем дегенде үш
|
Дағдыларды тәжірибеде қолдану, білімді пайдалану т.б. оқушының ұмтылысын мадақтау–жұмыс әдебін үйрету. «Тәжірибе Сізді дамыта түседі»
|
Қорытынды бақылау
|
Бірнеше критерий
|
Тек критерий қолданылады. Критерий мен тапсырма бірге қаралады.
|
50%
|
Тоқсанда кем дегенде екі
|
Оқушылардың білімдері мен дағдысын бағалау үшін тараудың бір бөлігін аяқтананнан кейін жіберіледі.
|
Дипломдық бағдарламадағы бағалау. Дипломдық бағдарламадағы сыртқы бағалаудың нәтижелері ішкі бағалаудың нәтижелері ретінде қолданыла алмайды.
Дипломдық бағдарламаның алты пәндік саласының барлық пәндері сырттай бақыланатын ішкі бағалауды құрайды. Бағалау түрлері пәнге байланысты өзгеріп тұрады. Алайда сыртқы баға сыртқы бақылау нәтижелері бойынша айқындалады. Осыған байланысты ішкі бағалау тоқсандық бағаның бөлігі болып табылады.
Белгілі компоненттерді зерделеуден кейін ХБ ДБ ресми бекітілген критерийлері бойынша бағаланатын қорытынды жұмыстар жүргізіледі. Әр бөлімді зерделеуден кейін қорытынды жұмыстарын өткізу міндетті емес, себебі бұл орта мектепте тәжірибеленуде. Оқушы үлгерімі бойынша есеп үшін әр баға маңызды. Эссе жазу, зерттеу жұмысы, ауызша таныстырулар, тестілеу және ашық сұрақтарға жауап іздеу сияқты пән бойынша оқу бағдарламаларының талаптарына байланысты Дипломдық бағдарламадағы бағалауды ұйымдастырудың бірнеше бағыты бар.
Қалыптастырушы жұмыстар жиі өткізілуі тиіс, олар алдын-ала бағаларды шығару кезінде қоса есептелінетін болады. Қалыптастырушы жұмыстарға CAS іскерлігін орындау және журналдарды толтыру жатады.
9. Бағалардың ауыстырылуы
Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Халықаралық Бакалавриат талабына сәйкес 1-ден 7-ге дейінгі бағалау жүйесі қолданылады. Алынған ұпай мемлекеттік стандартқа сәйкес 1-ден 5-ке дейінгі ұлттық ұпайға ауыстырылады.
Негізгі мектептің барлық пәндері төмендегі кесте бойынша жұмыс істейді. Бұл Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің талабын сақтау үшін қажет.
%
|
НЗШ бағасы
|
Ұлттық баға
|
0
|
1
|
1
|
20
|
2
|
2
|
30
|
2
|
3
|
40
|
3
|
3
|
50
|
4
|
3
|
60
|
5
|
4
|
70
|
5
|
4
|
80
|
6
|
5
|
90
|
7
|
5
|
Тоқсан бойынша қорытынды баға критериалды бағалау қолданылатын қалыптастырушы және қорытынды бақылау жұмыстарының нәтижесінен тұрады. Ұпай саны мен критерийлер пәнге байланысты болып табылады. Қалыптастырушы жұмыстар бірдей болмауы керек, өйткені олар маңыздылығы әртүрлі дағдылар мен түсініктерді дамытады және тексереді. Қалыптастырушы және қорытынды тапсырмалардан алынған ұпайлар 1-ден 7-ге дейінгі шкалаға салынып, НЗМ-нің бағасы деп саналады. Кейін бұл нәтиже ұлттық бағаға ауыстырылады.
Ерекшелік: Орта мектеп пәндері – академиялық зерттеу мен хат, сын тұрғысынан және рефлективтік ойлау және ДБ пәндері - кеңейтілген эссе мен таным теориясы - ХБ үлгісіне сәйкес А-ден Е-ге дейінгі шкала бойынша бағаланады.
Дескриптор
|
НЗМ бағасы
|
Ұлттық баға
|
Үздік
|
A
|
5
|
Жақсы
|
B
|
4
|
Қанағаттанарлық
|
C
|
3
|
Орта
|
D
|
2
|
Нашар
|
E
|
1
|
Орта мектептегі өз бетімен оқу тәжірибесі және CAS бағдарламасы Дипломдық Бағдарламада бағдарламадағы күтілетін нәтижеге негізделіп түсіндіру арқылы бағаланады. Орта мектептегі экспериментальды оқып жатқан оқушылар оқу бағдарламасындағы нәтижеге негізделіп, комментарий арқылы бағаланады.
Дипломдық Бағдарламада қорытынды бақылау жұмыстары міндетті түрде критерий бойынша бағаланады. Қалыптастырушы жұмыс үшін ХБ ДБ критерийі ішінара қолданылады, олар сілтеме ретінде қолданылады. Қалыптастырушы және қорытынды жұмыстың нәтижелері ХБ 1-ден 7-ге дейінгі шкаласы бойынша ауыстырылады. 1-ден 7-ге дейінгі бағалау шегін тапсырмаларға байланысты ХБ бағалау шегіне негіздеп кафедралар мен координаторлар анықтайды.
10. Алдын ала бағалау
Әр оқушының алдын ала бағалауы ХБ талаптарына сай оқылған бағдарламаның аяқталуымен университеттерге ұсынылады. Мектеп алдын ала бағалауды оқушылар мен ата-аналарға ұсынбайды.
11. Бағалау нәтижелерін қарау
Оқушылардың пән бойынша нәтижелері әрбір академиялық оқу жылының басында қаралады. ХБ ДБ сырттай бағалау нәтижесі мектеп әкімшілігімен бірігіп, кафедрада қаралады. Қорытынды бағалар мен әрбір пән бойынша әр сыңарлы бағалар талқыланады.
12. Мақсаттар мен міндеттер
Әкімшілік:
бағалау саясатының енуіне бақылау жасайды;
бағалау саясатын жылына бір рет қайта қарауды ұйымдастырады;
бағалау саясаты қағидаларының алға басуы үшін мұғалімдердің кәсіби дамуына жағдай жасайды
Мұғалімдер:
бағалаудың мақсаты, түрі және қағидалары туралы хабардар;
орта мектепте өз пәні бойынша пәндік топтарда бағалау өлшемдерін әзірлейді;
сырттай бағалауға дайындық мақсатында қалыптастырушы жұмыстарда критериалдық бағалауды пайдаланады;
оқу үрдісін жақсарту мақсатында қажетті өзгертулер енгізеді, бағалау саясатын қайта қарауға қатысады;
әріптестерімен тәжірибе алмасу және сабақтарына қатысу арқылы бағалау жүйесін дамытады;
бағалау үшін қолайлы жағдай туғызады;
арнайы семинарлар мен курстар арқылы кәсіби деңгейін көтереді;
оқушыларды оқу жетістіктері үшін пайдаланған критерийлермен қамтамасыз етеді.
Оқушылар:
бағалаудың мақсаты, түрі, міндеттері және қағидалары туралы хабардар;
бағалау - өз қызметін жоспарлаудың және оқудың бөлінбес бір бөлігі болып табылатындығын түсінеді;
бағалау критерийлері арқылы бағалауға, өзін-өзі бағалауға және өзара бағалауға қатысады және бағалау бойынша қорытынды жасауға бейім;
өз іс-әрекетінің нәтижесін сараптайды;
бағалауда Академиялық адалдық қағидаларын ұстанады.
Ата-аналар:
бағалаудың мақсаты, түрі және қағидаларынан хабардар;
бағалау саясатын түсінеді және қабылдайды;
бағалау қабілеттерін дамытуда балаларға қолдау көрсетіп, үй ішінде қолайлы жағдай жасайды.
13. Глоссарий
Критерий – оқушы жұмысының орындалған деңгейін анықтау үшін қолданылатын негізгі көрсеткіш. Пәндік нұсқаулықтарда әр пән тобы бойынша қорытынды бағалауға қолданылатын бағалау өлшемдері берілген. Өлшемдер бір мағыналы және айқын болуы шарт.
Дескриптор – әрбірбағалау өлшеміне жетуге тиісті жетістіктер деңгейінің сипаттамасы.
Қалыптастырушы (ағымдық) бағалау – оқу мен білім беру үрдісін жақсартуда ықпалы тиетін мәліметтерді алуға арналған бағалау.
Қорытынды (жиынтық бағалау) – оқу жылы соңында оқушының жұмысын бағалау.
Тұтастық – қорытынды және ағымдық бағалау, білім беру мен оқушының, пәндер мен түйінді мәселелердің өзара байланысын ерекшелейтін негізгі қағида.
Рефлексия - оқу тәжірибесін жақсартуға байланысты қорытынды жасау, ақпаратты түсіну, өзгелермен байланысты болған өз іс-әрекеті туралы ойланып, талдау жасау.
Басты құзыреттілік – оқушы үлгісі көрініс тапқан, білім беру үрдісі нәтижесінен алынған дағдылар.
Юнит (Тарау) – жалпы тақырыпқа кірген сабақтар топтамасы және бір жылдағы оқу бағдарламасының бөлігі болып табылатын оқу тарауы.
Тоқсан - Әр түрлі бөлімдерден тұратын академиялық күнтізбе бөлігі. Әрбір тоқсанда кем дегенде пән бойынша екі қорытынды бақылау жұмысы орындалуы қажет.
все о питании
шаблоны для joomla 3
Nazarbayev Intellectual School of Astana © 2018
Достарыңызбен бөлісу: |