Қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру жолдары Опубликовано 22.11.2017 автором Редакция ШҚО Ұлан ауданы Ұлан ауылы «С.Аманжолов атындағы орта мектеп» КММ бастауыш сынып мұғалімі Аринова Асем Фазыловна
Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез-келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және уәжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады.
Александер, 2001
Мақсаты: Бағалаудың әр түрін қолдана отырып, оқушыларға бағалаудың түрлерін қалыптастыру. Оқушылардың жұмыстарынөздеріне бағалатқызу арқылы,олардың сыни көзқарасын қалыптастыру.
Міндеттері: 1. Оқушыларды өздеріне өздерін бағалату.
2. Критерийлер арқылы бағалату.
3. Формативті бағалауларды қолдану.