Критериалды бағалаудың мұғалім үшін тиімділігі Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты: 1. Мектепте оқыту сапасын жоғарлату
2. Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру
Міндеттері: 1. Сабақтың әр бөліктеріндегі оқушының дайындық деңгейін анықтау
2. Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеттері
3. Жеке оқушының даму жетістігін бақылау
4. Білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата – ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету
Қалыптастырушы бағалау: 1. Күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды.
2. Кері байланысты қамтамасыз етеді.
3. Ағымдағы оқу үлгерімінің көрсеткішін анықтайды.
4. Кездескен қиыншылықтарын қалыпқа келтіруге оқушыға мүмкіндікбереді.
Жиынтық бағалау: 1. Жиынтық бағалау белгілі бір тақырыпты қорытындылау мақсатында орындалады.
2. Мазмұны оқылған материалды қамтуы керек.
3. Жиынтық бағалаудағы оқушының алған бағасы тоқсандық баға болып табылады.