Серуен
|
Бақылау: Бұлтты бақылау.
Міндеттері: Бұлттың түзілуі және олардың түрлерін: шарпы, будақ, қабатты бұлттарды ажырату.
Еңбек: Ауладағы гүлдерді суару.
Міндеттері: Балаларды қоршаған әлемге қамқорлықпен қарауға, табиғат әсемдігін сезіне білуге тәрбиелеу.
Жеке жұмыс: Аспанға ұшар бу болып
Жерге қайтар су болып. (Бұлт)
Міндеттері: Жұмбақ жаттата отырып, балалардың тіл байлығын байыту, дыбыстардың дұрыс айтуын қадағалау. Ойлау қабілетін арттыру.
Қимылдық ойын: «Соқыр теке»
Дербес ойындар:
1. Әткеншек тебу.
2. Тартылғышқа тартылу
|
Бақылау: Жаңбырды бақылау
Міндеттері: Жаңбырды бақылай отырып, оның бұлттан жауатындығы және түрлерін айтып түсіндіру.
Мысалы; Жай жаңбыр, өткінші жаңбыр, нөсер жаңбыр.
Еңбек: Ағаш түптерін қопсыту.
Міндеттері: Балаларды еңбек сүйгештікке тәрбиелеу, өздеріне берілген тапсырманы тиянақты орындауын қадағалау.
Жеке жұмыс: Ал керемет бұл қандай?
Төгіледі төбеден.
Көк теңізден құйғандай
Көл - көсір су не деген? (Жаңбыр)
Міндеттері: Жұмбақ жаттата отырып, балалардың есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын дамыту, сөзді мәнерлі айтуға дағдыландыру.
Қимылдық ойын: «Сұр қоян»
Балалардың өз бетімен ойнауы
|
Бақылау: Жылы жаққа қайтқан тырналарды бақылау.
Міндеттері: Күзде тырналардың жылы жаққа кететіндігін, қыс мезгілінде тамақтың тапшылығы, аяздың қаттылығы оларға қиынға соғатындығын түсіндіру.
Еңбек: Құстарға жем сауыт жасау.
Міндеттері: Құстарға қамқорлық қарауға, аяушылық сезімдерін оятуға тәрбиелеу.
Жеке жұмыс: Сап - сары боп келе жатқан,
Сезді мекен күзді олар.
Қарлығаштар ұшып кетті,
Ұшып кетті тырналар.
Міндеттері: Балалардың сөздік қорларын молайтып, тілдің грамматикасы дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру.
Қимылдық ойын: «Аттамақ»
Балалардың өз бетімен ойнауы:
1. Сазбалшықтан «қала» құрастырайық.
2. «Тәтті тоқаштар» пісірейік
|
Бақылау: Желді бақылау.
Міндеттері: Желдің түрлерімен таныстыру; салқын жел, жылы жел, ұйытқып соққан жел. Желдің күштілігі ауа - райының салқындығын үдететіндігін түсіндіру.
Еңбек: «Әдемі гүлдер»
Міндеттері: Гүлзардағы гүлдерді суару. Өсімдіктерге қамқор болу, аялау, күту.
Жеке жұмыс: Тақпақ. «Жел»
Міндеттері: Балаларға жел туралы өлең жаттату арқылы тілдегі дауыс ырғағының мәнерлілігін сезіне білуге мүмкіндік туғызу.
Жел улейді у - у - у.
Құйын келіп билейді зу - зу - зу
Қатты - қатты жел соқты гу - гу - гу,
Жапырақтар қол соқты ду - ду - ду.
Қимылдық ойын: «Орамал тастау»
|
|