127
Боя
десе монғол пір,
Таза жүрек жол білген,
Болса айтқанын істе жүр!
Рахат, саһпіт іздесең,
Ақ жолыңнан айрылма.
Ақ жүрекке кез келсең,
Өзге түкке қайырылма!
Бұл жыр парсы жұртының баяғы өткен атақты білгіш ақыны Қожа һафиз сөзінен қазақ
тіліне аударылған. Осы күнгі Алаш ұранды халықтың һәм басшыларының басына келіп
тұрған ауыртпалыққа дәл келетұғын сөз болған соң насихат болар деп жаздым.
Оқушылар, естеріңізде болсын, Қожа һафиздың «арақ» деп жазғанын, көбінесе, мен
«қымыз» деп жазамын. Оның арақ (қымыз)
дегені ақыл,
ғылым ақиқатта жар, дос дегені.
Алла тағала һәм табиғаттың көркемдігі мысалы, «жаз таңының нұр жылы» деген
жырының мағынасы: бостандық келерде адамдардың әр түрлі партия толқыны табиғат
тұрмысын шайқалтып, бізді қатты қайғыға салып тұрады дегенге келеді.
Достарыңызбен бөлісу: