128
болсын мақсаты — Россияны әнеугі жасалған бітімінен қайтармақ. Совет хүкіметін жеке
бітім жасап, бұрынғы айтысқан сертті бұзғаны үшін аудармақ.
Міне, осы себептермен Жапонияның адмирал Като бастатқан екі рота әскері жайшылықта
маса шаққандай көрінбейтін екі жапонның өлімін сылтау қылып, Владивосток қаласына
кіріп отыр. Мұның ізімен Жапониямен одақтастығым бар, соғыс шыға қалса өзімізге
қараған елді қорғаймыз деп ағылшын солдаттары да келіп отыр. Француз газеттері
ағылшын, жапондарға тілеулестігін жасырмай-ақ білдіріп отыр. Телеграм хабарлары
Жапон қимылына Америка ырза емес дейді. Сонан, я басқа себептен бе ағылшын
солдаттары қайтадан кемесіне мініпті. Жапон солдаттары соғыс ашпай тек қаланың жапон
тұрған жағын ғана айналып тұр дескен еді. Кешегі келген телеграмда жапон
солдаттарының ауа жайылатын ойы бар, бірақ Владивостоктағы біздің милиция жібермей
тұр деген.
Жапон мен Америка бұрын шаруалары қайшы келіп, бас күндес болып жүруші еді. Осы
ретте қайтер екен һәм жапон өз бетімен кетер ме екен, жоқ тоқталып қалар ма екен,
жақында уақыт көрсетер. Орыс газеттерінің біреуінде Жапонның ойы мынадай
аласапыран заманда Сібірді алып қалмақ деседі.
Қытай жасауыл Симоновты жақтап, бейтараптық халдан шыққан сияқты болып тұр.
Германиямен жасалған бітім ауыр бітімге айналған сияқты. Украинаны бетіне ұстап,
оңтүстік жақтан жоғары өрлеп, неміс әскері Курскі қаласына 50 шақырым жерде отыр.
Солтүстіктен Финляндияның Гилсингфорс қаласын алып, Финскі суының мүйісіндегі
Виорк аралына әскер төгіп отыр. Бұл беті Петроград іс-жұмысымызға келсек фабрика,
зауыттардың тоқталғандығынан іссіз қалған жұмыскерлер Россияның әр қаласында
күннен-күнге көбейіп, иін тіреседі.
Россияның басында сырттан екі пәле, іштен бір пәле түсіп отыр. Сыртқы пәленің бірі
жоғарыда айтылған өзімен одақтас мемлекеттер; екіншісі бітім жасап, көзін байлап,
Россияны келемеж қылғандай болып күннен күнге жуандап, алқымға төніп отырған
Германия. Қырық түрлі партия шығып, өзін-өзі қырық пышақ болып отырғаны мынау.
Қысқасы, Россия үш бұлқынның түйіскен жерінде отыр. Қайсысы жеңері белгісіз. Россия
аянышты халда. Егер өзара тартысын тастамай, партиялар, таптар бетімен жайыла берсе
мемлекетіміздің мемлекет күйінде қалуы екіталай.
Достарыңызбен бөлісу: