131
кіріскендерінің ластанбағаны жоқ, жабылмаған бұларға жала жоқ. Өтірік, өсек, шағыммен
совет хүкіметін қырын қаратып, азаматтарымыздың бірсыпырасын көгендеткен еді.
Біреуге қазған көрге Көлбай бүгін өзі кірді.
«Социалист» Көлбай жалғыз емес еді. Ел ішінде қырқыстырған, сарсыттырған, өмірі елді
жеп, ұрлап, жырлап, нашардың басынан қамшысы кетпейтін мырзалар Николаймен қабат
құлаған дәуірін Көлбай арқылы қайта орнату ниетпен бұлар да Көлбайды жақтап жүрген
еді. Ұры-қары, ел жеген таусоғарлар заман қандай құбылғанмен социалист бола алмайды.
Социализмнен садаға кеткірлер-ау, сендер жүрген жерде социализмнің ұрығы шықпайды!
Сендердің қой терісін жамылған қасқыр екендеріңді совет жаңа білді. Алдын тапқан совет
артын да таба жатар.
Достарыңызбен бөлісу: