КӨҢІЛ От жанды, ұлт қанды ел қыршын жас Қазы бауырымыздың мезгілсіз қаза тапқанына өте
қайғырамыз. Бірақ Қазының арманы жоқ: ұлт жолында тұңғыш құрбан болды. Жастарға
жолбасшы жұлдыз, түпкі идеал болды. Біздер Қазыны һәм оның үлгілі жолын ұмытпасқа
Құдай алдында, ар алдынды уағда бердік. Сол уағдаға бірінші негіз салу үшін 20 апрельде
қазақша ойын жасап, түскен сап пайданың жартысын артта қалған бір жасар ұл
баласының тәрбиесіне бермекші болдық һәм басқа уақыттарда жәрдем көрсетіп тұруға
қаулы істедік.
«Бірлік» қауымының жастары