Россиямен Германия Хельсинки (Финляндия астанасы) қаласына неміс әскері кірген соң, Россия мемлекетіне
тиісті ондағы бекіндердің қару-жарағы, мүліктері біздің әмірімізде болады деп әскер
бастығы жарлық қылған. Бұған совет хүкіметі наразылық білдіріп, ереуіл қылып отыр.
Немістің жауапқа жүйріктігі Неміс әскері Қырымға келіп кірген соң совет хүкіметі: «Мына жұмыстарың әнеугі бітім
шартын бұзған болып табылады» деп ереуіл қылған еді. Отан Германия хүкіметі былай
деп жауап қайырған: «Бітім шарттары бойынша Россия әскері жалпы бітім жасалғанша
қаруы алынып таратылмақшы еді; екінші — Қара теңіздегі Россияға қараған соғыс
кемелері қаруы алынып, Россияға тиісті мүйісте бекітіліп тұрмақшы еді. Сіздер мұны
орындамадыңыздар. Кемелеріңіз Қара теңіздің жағасында олай-былай жылжып жүре
береді. Германия сол бітім шартын орындаса екен деп сізден сұрайды» деген.