2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет171/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom
Бауыржан Омарұлының кітабына рецензия
 
Иран мен Германия 
20  февральда  Иран  астанасы  —  Теһран  шаһарынан  Иран  өкілдері  Стамбул  арқылы 
Берлинге  кеткен.  Бұл  өкілдердің  мақсұты  —  Иран  менен  Германия  арасында  ынтымақ 
жасамақ.  Жасаған  жобаларымыз  50  миллион  түмен  қарыз  бермек.  Бұл  ақшаларға  Иран 
әскерлерін  үйретуге  Германия  инспекторлар  жіберіп,  басқа  соғыс  керек-жарақтарын  да 
беріп тұрмақ. Осы күнде бұл шарттарға Берлинде қол қойылған болу керек. 
«Бірлік туы» 
 
СОҒЫС 
Солтүстік  майданында  немістер  Петроградты  бетіне  ұстап,  Петербург  станциясына 
жеткен.  Выборгпен  екі  арадағы  жолды  келіп  бұзған.  Суеборг  қорғанына  қатер 
зорайғаннан  кейін  қорғанды  қолдан  беру  туралы  әскер  бастықтарының  3  апрельде 
мәжілісі  болған  екен.  Балтық  теңізіндегі  флот  бастығы  қорғанды  бермеңдер  деп  әмір 
қылыпты.  Соңғы  хабарларға  қарағанда  Петроград  та  қатерде  болса  керек.  Большевик 
көсемі  —  Троцкий  «Петроградқа  қатер  зорайды,  бірақ  соғыспай  Петроградты  қолдан 
бермейміз» деген. 
Оңтүстік майданында немістер Украинаның әскерімен тізе қосып келіп, Харьков қаласын 
алыпты.  Курск,  Брянск  қалаларынан  жау  жақындаған  соң  мекемелер  көшіп,  халық 


145 
 
тасынып шығып жатыр дейді. Уронич гүбірнесінің етегіне жау таянғандықтан совет әскері 
Уронич  гүбірнесін  немістің  алаңынан  аман  алып  қалу  үшін  штаб  жасап,  күшін  жиып, 
күтініп отыр дейді. 
Генерал  Кома  бастатқан  неміс  әскері  Қырымға  келіп  кірген  еді.  Жақын  арада  сол  әскер 
келіп, Симферополь қаласын алған. 
Түрік  әскері  Қара  теңіз  жиегіндегі  Баттом  қорғанын  алды.  Баттомның  солтүстік 
жағындағы  Озоробие  деген  қаланы  тағы  алған.  Енді  осы  күнде  Карсигке  таман  беттеп 
бара жатыр деген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет