2 ҚҰЛАҚтандыру


СЕМЕЙ ОБЛЫСЫНА ҚАРАҒАН БАРША ҚАЗАҚ



Pdf көрінісі
бет168/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom

 
СЕМЕЙ ОБЛЫСЫНА ҚАРАҒАН БАРША ҚАЗАҚ 
АҒАЙЫНДАРҒА АШЫҚ ХАТ 
Осы күнгі ұлық біздің қазақ сотын бекітті. 
Екінші — қазақ арасында қандай үлкен-кіші дау болса да қазақ соты қарамақ. Бұрын орыс 
солай тексерген, әзірде билік айтылмаған істің бәрін де қазақ соты қарайды. 
Сол себептен төменгі сөздерді біздің Семей облысындағы барша қазақ қатты ескеру керек. 
1-  Арыз  берген  қазақ  өзінің,  жауапкердің  һәм  куәлардың  тұрған  жерін  қай  болысқа 
қарайтынын  анықтап  жазу  керек.  Олай  болмағанда  шақыру  қағаз  қайда  жіберетұғыны 
білінбей, арыз қараусыз қалдырылады. 
2- Арызында мал-мүлік, ақы дауласа, бәрінің батасын сомалап, анықтап баға қойып жазу 
керек. Өйтпегенде ондай арыз да қаралмай, қалдырылады. 
3- Бұрынғы орыс сотына жауап бергендей өтірік жала, жалған куәліктерді қалдыру керек. 
Неге десеңіз, қазақ соты орыс сотындай жалған куә, өтірік жаланы жазасыз қалдырмайды. 
Өтірікке қатты жаза салады. Әнеугі март басындағы билікте өтірік куәлік айтқан бір жігіт 
осы күнде сот кесімімен абақтыда жатыр.  «Енді қайтып өтірік айтпаймын, жаманшылық 
қылмаймын» деп жалынып, кеш деп берген арызын сот қабыл алмады. 
Мұнан былай қазақ сотының жайын білмедім, қапы болдым дегенмен ол сөз алынбайды. 
Осы  айтылғанды  газеттен  оқығандар  өзі  де  ұғып,  басқаға  да  ұғындыру  керек.  Қанша 
қуланғанмен қазақ өтірігін қазақ соты таппай қоймайтын көрінеді. 
Семей обласной сотының бір мүшесі: Шәкәрім 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет