142
алдаумен алынған нәрсені сатып алған, закладқа алған һәм пара алған адамдар; мүлкін
орынсыз шашып, сот алдында сынған адамдар.
7. Обласной һәм алап соттарының өз алдына мекемесі, қызмет адамдары болады.
8. Алап сотына басшылыққа, мүшелікке, орынбасарлыққа осы положениенің 5-6-шы
баптағы айтылған адамдар жарайды.
9. Бір болыстағы мал-мүлік дауын қарастыруға елдің өкілдері болыс бас үш мүшелі
болысной сот сайлайды.
Қосымша: жаңадан болысной сот сайланғанша үш мүшелі соңғы тәртіппен жасала
тұрады: бұрынғы бір болыс елдің онбасылары сайлаған билердің ішінен даугер мен
жауапкер екі би таңдайды. Қалған билерден екі жағы келісіп председатель сайлайды. Егер
председательді сайлауға келісе алмаса, екі жағы таңдап алған екі биді шығарып қойып,
басқа билерге жеребе салынады.
Жеребе тәртібі мынау:
Әр бидің аты бөлек-бөлек қағазға жазылып, қақпақты қобдиға салынады. Сонан соң бір
қағаз алғанда қай бидің аты шықса, председатель болады.
10. Бітім айтқан билердің ақысының мөлшері болысной советтің ұйғаруынша болады.
11. Екі қазақ арасындағы мал-мүлік, ақы (гражданский) дауларды даугер мен жауапкердің
тұратын жерінің шалғайлығына қарамай қазақ соты тексереді.
12. Қазақ пен орыстың мүлік дауы болғанда орыс соты қарайды (жергілікті сот, я
окружный сот — ол сомасына қарай). Орыс сотының ішінде қазақтың обласной, я
үйезный судья
терезесі тек дауысқа ие болып, бір мүше отырады.
Қосымша: осы айтылған 12 баптағы
жұмыстарды екі жақ разы болса, қазақ соты қарайды.
13. Екі қазақтың арасындағы қандай қылмысты (уголовный) жеке ауыр жұмыс болсын,
қазақ соттары тексереді.
14. Қазақ пен басқа тұқымды адамдардың арасындағы қылмысты (уголовный)
жұмыстарды орыс соты тексереді.
Қосымша: низам бойынша татуласып қалдыруға болатын һәм жауапкердің правосы
кемітілетін жұмыстарды
екі жақ разы болса, қазақ соты қарайды.
15. Қазақтың жоғарғы, төменгі қандай қызметтегі адамдары болсын, қызметін дұрыс
атқармаса: бұзақылық қылып, зорлық істесе, пара алса, әділдіктен кетіп, жақынына
болысса — бәрінде де қазақ сотына мойынсұнып,
жауапты болмақ, жаза көрмек.
16. Бір облыстағы қазақтың жергілікті народный соты әрқайсысы өз тексеруге таласқан
жұмысты қазақтың обласной соты мен орыстың народный, окружный соты бірігіп
шешеді.
17. Бір облыстағы қазақтың екі алап соты таласқан жұмысты обласной қазақ соты шешеді.
18. Екі облыстың алап соттарының талас жұмысын қай бұрын басталған жердің обласной
қазақ соты шешеді.
143
19. Бір облыстағы қазақтың алап соты менен басқа бір гүбірне, яки облыстағы орыстың
народный сотының ортасындағы таласты сол іс бұрын басталған облыстың қазақ
обласной соты мен орыстың окружный соты бірігіп шешеді.
Қосымша: қазақ обласной соты мен орыс окружной соты басқосуға екі жағынан екі-екіден
мүше кіреді.
20. Қылмысты (уголовный) жұмыс туралы болған талас осы жобаның 16,17, 18, 19
баптардағы ретпен шешіледі.
21. Бір жағы сот, бір жағы басқа хүкімет мекемесінің ортасындағы талас ереже (устав)
уголовный сот производствосының 229-шы һәм келесі статьялары бойынша шешіледі.
Бұл жоба Совдептің жиылысында бекіді.
Достарыңызбен бөлісу: