136
Түні бойы екі жақ саудаласа-саудаласа аяғында Сахнодан басқа тұтқындағы кісілерін
босатысады. Сахноның үйінен қару-жарақ табылған соң ол босатылмайды. Ертеңінде
обласной совет казак-орыстар түнде біздің кісімізге тілін тигізіпті, мұнысы біздің
абыройымызға үлкен нұқсан, бұл не деген сұмдық. Казак-орыстар бізбен ел боламын десе
ортасынан бұзақыларын сотқа шығарып берсін, бермесе ат кекілін кесіскен жеріміз осы
деп кісі салады. Советке бұзақы көрінген Долгонов деген казак-орыс еді.
Казак-орыс жауап қайырған: екі-үш жыл соғыста жүріп, Долгонов денсаулығынан
айырылған еді. Қызба, ашуланшақ мінез пайда болған еді. Сондықтан біз Долгонов және
Семей казак-орысының атынан кешу өтінеміз. Мұның үстіне Долгоновты совет
адамдарына тіл тигізгені үшін өзіміздің сотымызға тапсырамыз деп.
Совет бұл жауапқа ырза болмайды. Совет Долгоновты өз сотына бермекші болады. Казак-
орыстар бұған көнбейді. Бізбен кетіскен жері осы деп обласной совет 9 апрельде
ортасынан казак-орыс өкілдерін шығарды.
Сөйтіп совет пен казак-орыс арасына кірбең түсті. Аяғы неге соғады, уақыт көрсетер.
Достарыңызбен бөлісу: