Сыртқы хабар
ҚЫТАЙ МЕН РОССИЯ
Совет хүкіметі орын теуіп, орныға бастағаннан соң мемлекет ішінен әр жерден бірнеше
генералдар, офицерлер әскер жасап, қарсылық қылып, совет хүкіметіне соғыс ашқан еді.
Бұларға бас болып жүргендер: былтыр сентябрь айында Уақытша Хүкіметпен тіресетін
генерал Корнилов, Уақытша Хүкімет тұсындағы штат бастығы болған генерал Алексеев,
Донда генерал Калидин, Орынборда генерал Дутов, Оркте жасауыл Симонов. Газеттер
хабарларына қарағанда бұлар күні бүгінге шейін соғысын әлі тоқтатқан жоқ. Бұрын олар
совет әскері күшті болғандықтан табан тіреп қарсы қайрат қыла алмай, бет-бетімен ол
жерден бұл жерден әр қайсысы тиіп қашумен күн көрсе, бұл күнде ішкі дерттің
қозғалуынан және де күншығыстан Жапон қимылынан дем алып, күшейіңкіреген сияқты.
Жасауыл Симонов қыстан бері Орктің ар жағында Маньчжурияда тиіп қашып темір жол
бұзып, ұрыс қылып жүріп, бертін келе совет хүкіметі күшейісімен Қытай шегіне кіріп
кеткен еді. 2 мартта Қытай хүкіметі Симоновты шегімнен шығармаймын деп уағда берген
еді. Қытай уағдасын ұстап тұра алмады. Жуырда жасауыл Симонов қашқан-пысқан
орыстың офицерлерін ертіп алып, ауырлы-жеңілді зеңбіректері бар недәуір әскермен
(әскерінің ішінде ағылшын, жапон солдаттары, офицерлері де көрінген) шектен өтіп, темір
жол бұзып, тағы да совет хүкіметіне қарсы ұрыс аша бастаған еді. Сондықтан және де
Қытай хүкіметі уағдасын бұзғандықтан «Власть труда» газетінің жазуына қарағанда
Сібірдің кіндік советі Қытай хүкіметімен сөйлесуге 8 кісі елші жіберген. Қытай жағына 3
кісі шығып, Матюскі деген станцияда 24 мартта екі жақтың елшілері бас қосқан.
Біздің елшілер сөз қозғаған:
134
«Қытайдың екінші мартта берген уағдасы қайда? Симоновты шектен шығармақшы емес
едіңіздер, темір жолды Симоновтан қорғамақшы едіңіздер, арадағы телеграф қатынасын
үзбей, ескі қалпында жүргізіп тұрмақшы едіңіздер — бұл уағдалардың бәрі де
орындалмады» деп.
Қытай елшілері жауап қайырған:
«Симоновтың әрбір қимылынан совет хүкіметіне хабар беріп, және де оны бақылап тұра
алмаймыз. Себебі, Симоновтың ішкі сырын біз біле алмаймыз. Темір жол уақытымен
жүріп тұрады. Телеграф қатынасының үзілгені рас. Бұған айыпты орыстардың өзі. Себебі
телеграфпен орыстар Симоновты ластап, ұрсуға ғана пайдаланды. Көрші станциялардағы
телеграф қызметкерлері сондай ұят сөздерді һаман айтысып тұрады» деп.
Россия елшілері:
«Симоновты біз саяси дұшпан деп есептейміз. Симонов кәдімгі қылмысты бұзақының
бірі. Сондықтан Қытай Симоновке бас қорған болуға тиісті емес. Сіздердің пікірлеріңіз
қалай бұл турада?» деген.
Қытай елшілері:
«Симоновке қарсы әскерге де, Симоновтің әскеріне де біз бейтарап тұрамыз» деген.
Россия елшілері:
«Симоновке жол бос қайда барса да, қашса қойындарыңызды ашасыздар, қуып барған
әскерге бөгет салып, шектен асырмайсыздар. Бейтарап болсаңыздар екі жаққа да бірдей
болу керек еді. Істеріңізден бейтараптық көрінбейді» деген.
Қытай елшілері жауап қайырған:
«Бейтараптығымыз рас. Бірақ совет хүкіметінің әскерін шегімізден аттатпаймыз. Себебі
Симонов әскерімен екі арасынан ұрыс шықса, Қытайға қараған жұрт азабын шекпек;
екінші, Симонов әскері бізге бұрын келді. Егер сіздің әскер одан бұрын келсе, о да сол
сияқты бізде қалар еді» деп.
Россия елшілері ақтық сөзін ұсынған:
«Не Қытай хүкіметі Симоновты әскерімен өзі шығарып берсін, не Роосия-Қытай болып
бірігіп, осы бұзақылардың көзін жоғалтайық» деп.
Қытай елшілері жауап қайырған:
«Ұсынған жобаларыңыздың қай-қайсысы болсын біз орындай алмаймыз үш түрлі
себептермен:
1. Қытай Симоновке бейтарап;
2. Симонов туралы әрбір қимылымызда біз одақтас мемлекеттермен байланулымыз.
Бізбен одақтас мемлекеттер көбі бұл күнге шейін совет хүкіметін танитындығын әлі
білдірген жоқ. Және де Симонов туралы не өз хүкіметімізден, не одақтастарымыздан
ешбір бұйрық (жоба) болған емес.
3. Қытайдың ойынша Симонов һәм оның жолдастары ел-жұрт, отанынан айырылғандар.
Сондықтан Қытай бұларға пана болып отыр.
135
Осы үш түрлі себеппен Қытай сіздердің ұсынған тілектеріңізді орнына келтіре алмайды.
Оның бер жағында құлақтарыңызға саламыз — Симоновты шектен шығармаймыз деп
сіздерге 2 мартта берген уағдамызды қайтадан аламыз. Сонан былай ол уағда орынды
болмақшы емес. Бүгінгі бізге керек жұмыс темір жол жұмысын ретке қою» деп Қытай
елшілері сөзін тоқтатқан.
Россия елшілері:
«Сөздеріңізден, істеріңізден көрінеді, сіздердің Симонов әрекетіне бейтарап емес
екендеріңіз. Сондықтан Симонов әрекеті басылғанша Маньчжурияда темір жол
тоқталады» деген.
Екі жақтың елшілері осымен сөзді аяқтағансып, айырылысқан.
Достарыңызбен бөлісу: |