Ел хабары
ҮРЖАРДАН
Мырзатай Қарасу елінің 20 шақты үйі Тарбағатай тауының етегіндегі хохолдың Крылов
деген қаласына жақын қыстап жүруші еді. Осы өткен марттың 20 кезінде сол ауылға екі
хохол келіп бір арба сабан сатып алып, сол ауылға қонып жатқанда екі аты түнде босанып
кетеді. Ертеңіне хохолдар аттарын қазақтан көріп, 30-40 кісі жиылып келіп, маңындағы
ауылдарды шауып алып, малдарын айдап кетеді. Хохолдың жоғалған аттарын Үржар
маңындағы қазақтар ұстап, Үржардағы атаманның қолына тапсырғанын естіп, қазақтар
малдарын сұраса, хохолдар: «казактармен қосылып қулық жасадыңдар» деп, бермей тұр.
Бұзаулы сиыр, қозылы қойларды қайтарып, бойдағынан 5 қараны ұстап отыр. Малын
бермесе қазақтар да тек отыратын емес, жанжал шығуға ықтималы бар... Не болары
мәлімсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |